Kuka Nordics&CIS өнеркәсіптік роботтардың әлемдік жетекші өндірушісінің өкілдерімен кездесу өтті

06.10.2023

Көрулер: 427

    05.10.2023 ж. механика-математика факультеті мен ақпараттық технологиялар факультетінің оқытушы-профессорлық құрамы мен студенттері өнеркәсіптік роботтардың жетекші әлемдік өндірушісі KUKA Nordics&CIS (Швеция) өкілдерінің бірі Кім Reeslev және Қазақстандық Автоматтандыру және роботтандыру қауымдастығының президенті Владимир Турехановпен кездесті.
     KUKA-сатылымы шамамен 4 миллиард еуро және 15 000 қызметкері бар жаһандық автоматтандыру корпорациясы. Компанияның Штаб-пәтері Германияның Аугсбург қаласында орналасқан. Автоматтандыруға арналған интеллектуалды шешімдердің әлемдегі жетекші жеткізушілерінің бірі ретінде KUKA тұтынушыларға роботтар мен жасушалардан бастап автомобиль, электроника, металл және пластмасса, тұтыну өнімдері және т. б. сияқты нарықтардағы толық автоматтандырылған жүйелер мен олардың желілеріне дейін қажет нәрсенің бәрін ұсынады.

     Кездесу барысында компанияның жұмыс барысы мен жетістіктері туралы баяндалып, механика-матемтематика факультетінің студенттері мен магистранттардың өндірістік және зерттеу практикаларын компания базасында өту мүмкіндігі және болашқата түлектерді жұмыспен қамту мәселесі талқыланылды.