Жаңалықтар

Бәсекеге қабілетті маман даярлау – маңызды міндеттер қатарында

03.05.2023

Бәсекеге қабілетті маман даярлау, ғылым мен өндірісті ұштастыру, отандық ғылымның прогрессивті шешімдерін өндірістік секторға енгізу Президент алға қойған маңызды міндеттер қатарында екені мәлім. Осы орайда Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен «Семізбай U» ЖШС арасында жасалған Келісім шарт негізінде Механика – математика факультеті механика кафедрасының 4 – курс студенттері Есберген Жандаулет пен Мейрамбекова Нұрай Ақмола облысындағы «Семізбай U» кенішінде өндірістік және дипломалды практикалардан өтті.

Ары қарай оқу >>

ҚазҰУ ғалымы ТМД елдері арасында «Үздік ғылыми қызметкер» атанды

02.05.2023

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті механика-математика факультеті, Механика кафедрасының оқытушысы, робототехникалық жүйелер мамандығының 3 курс докторанты Берік Сағитжанов 21 ғылыми бағыт бойынша 16 шет мемлекеттер қатысқан халықаралық конференциядан I дәрежелі «ҮЗДІК ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕР - 2023» медалі және дипломымен марапатталды.

Ары қарай оқу >>

«Үздік халықаралық журналдарда қалай жариялануға болады?» үш француз ғалымының тәжірибесі

26.04.2023

25.04.2023 ж. әл-Фараби атындағы кітапхананың конференция залында «Үздік халықаралық журналдарда қалай жариялануға болады?» атты тақырыпта үш француз ғалымы воркшоп өткізіп, тәжірибелерімен бөлісті.

Ары қарай оқу >>

Лотарингия университетінің профессоры Джулия Майнка дәріс оқыды

21.04.2023

2023 жылы 3 - 31 наурыз аралығында Францияның Нанси қаласында орналасқан Лотарингия университетінің қауымдастырылған профессоры Джулия Майнка әл – Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті механика – математика факультеті механика кафедрасының «7М05405 - Механика және энергетика» білім беру бағдарламасының бірінші курс магистратура студенттеріне «Энергетикалық жүйелердің термодинамикасы» тақырыбы бойынша қашықтан сабақ жүргізді.

Ары қарай оқу >>

ҚАЗҰУ СТУДЕНТТЕРІ “ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ-2023” ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ КОНФЕРЕНЦИЯСЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ АТАНДЫ

20.04.2023

2023 жылдың 12 сәуірінде Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті ғылым күні аясында ұйымдастырған “Ғылым және білім-2023” халықаралық ғылыми конференциясына ҚазҰУ студенттері қатысып жүлделі орын алды.

Ары қарай оқу >>

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТІРЛІГІНІҢ ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ

18.04.2023

әл – Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті механика – математика факультетінің т.ғ.к., аға оқытушысы Джамалов Нутпулла Камалович Қазақстан Республикасының білім және ғылым саласын дамытуға елеулі үлес қоса отырып, өркендеу жолында атқарған абыройлы еңбегі мен адал қызметі үшін ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫМЕН марапатталды.

Ары қарай оқу >>

"INTERNATIONAL SATBAYEV CONFERENCE 2023" (СӘТБАЕВ ОҚУЛАРЫ-2023) АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ

17.04.2023

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің механика-математика факультеті «Механика» кафедрасының 4 курс студенттері Абдидин А.Н. мен Момыш Н.Б. аталған конференцияның « Машина жасау және энергетика саласындағы инновациялық даму тенденциялары» бөліміне қатысып, 2-орын иеленді.

Ары қарай оқу >>

Механика-математика факультетіне Пуатье университетінің профессорлық-оқытушы құрамы келді

14.04.2023

11.04.2023ж. механика-математика факультетіне Францияның Пуатье университетінен математика факультетінің халықаралық байланыс бөлімінің меңгерушісі, қауымдастырылған профессор Фарида Енкеева, математика кафедрасының меңгерушісі Жюльен Мишель, халықаралық экономика факультетінің басшысы, қауымдастырылған профессор Филлип Роджон келді. 

Ары қарай оқу >>