ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰУ-НІҢ 1-КУРС МАГИСТРАНТТАРЫ ТҮРКІ ӘЛЕМІ МАТЕМАТИКТЕРІНІҢ VII ДҮНИЕЖҮЗІЛІК КОНГРЕСІНЕ (TWMS CONGRESS-2023) ҚАТЫСТЫ

29.09.2023

Көрулер: 290

     2023 жылы 20-23 қыркүйек аралығында Түркістан қаласында Түркі әлемінің математикалық қоғамы (Turkic World Mathematical Society, TWMS) Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігінің, Түркістан облысы әкімдігінің және Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің (ХҚТУ) қолдауымен өткізілген Түркі әлемі математиктерінің VII Дүниежүзілік Конгресіне (TWMS Congress-2023)  Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің механика-математика факультетінің механика кафедрасының 1-курс магистранттары Абдидин Алина, Елдосқызы Құралай, Момыш Назерке, Бодау Бекет қатысып, баяндамалар жасады.

                              

     Конгрестің негізгі мақсаты – ғалымдардың халықаралық байланыстары мен ғылыми ынтымақтастығын кеңейту, математика ғылымының дамуына және математиканың, ақпараттық технологиялардың жетістіктерін ғылыми зерттеулерде, техника мен білім беруде қолдануға үлес қосу.