Механика-математика факультетінің студенттері 74-Халықаралық астраномиялық конгресске қатысты

09.10.2023

Көрулер: 345

     74-Халықаралық астраномиялық конгресс 2-6 қазан аралығында Әзербайжан мемлекетінің астанасы Бакуде өтті. Астрономиялық конгресске механика-математика факультетінің "Ғарыштық техника және технологиялар" мамандығының 4-курс студенттері Ержан Ж., Жәнібекова Ж.Ж. қатысты.

                          

      Бұл конгресске 10-нан аса мемлекеттен (Түркия,Италия,Қытай,Америка,Жапония т.б)5000-ға жуық адам қатысты.Аталған мемлекеттердің жәрмеңкеде макеттердің таныстырылымы болды. Атап айтқанда, Қытай Халық Республикасының CZ-7 зымыран қозғалтқышы туралы айтатын болсақ, зымыранның негізгі міндеті ғарыш кемесіне заттар тасымалдау.Сонымен қатар Қытайдың BEIHANG UNIVERSITY-і  магистратураға білім алуға,бірлесіп жұмыс істеуге шақырды.