ТҮРКІ ӘЛЕМІ МАТЕМАТИКТЕРІНІҢ VII ДҮНИЕЖҮЗІЛІК КОНГРЕСІ (TWMS CONGRESS-2023)

29.09.2023

Көрулер: 351

     2023 жылғы 20-23 қыркүйекте Түркі әлемінің математикалық қоғамы (Turkic World Mathematical Society, TWMS) Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің, Түркістан облысы әкімдігінің және Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің (ХҚТУ) қолдауымен Түркі әлемі математиктерінің VII Дүниежүзілік Конгресін (TWMS Congress-2023) өткізді.

     Конгресстің негізгі мақсаты-ғалымдардың халықаралық байланыстары мен ғылыми ынтымақтастығын кеңейту, математика ғылымының дамуына және ғылыми зерттеулерде, техника мен білім беруде математика, Ақпараттық технологиялар жетістіктерін қолдануға жәрдемдесу.

     Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ механика-математика факультетінің есептеу ғылымдары және статистика кафедрасының оқытушылар құрамы: Шакенов Қанат, Қасенов Сырым, Темірбеков Алмас, Жұмәлі Айнұр және Тамабай Динара Түркістан қаласында 2023 жылғы 20-23 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің, Түркістан облысы әкімдігінің және Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен өткен Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде Түркі әлемі математиктерінің VII дүниежүзілік конгресінде (TWMS Congress-2023) баяндама жасады.

     Әлемнің 21 елінен келген ғалымдар тобы белсенді түрде білім мен тәжірибе алмасты. Конгресс аясында Түркістан қаласының тарихи көрікті жерлеріне экскурсия ұйымдастырылды.