Өзіңді туберкулезден қорға!

06.10.2023

Көрулер: 428

     Механика-математика факультетінің ұйымдастыруымен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «Smart Health University City» ЖШС қызметкері Лукьянчикова Е.Н. алдын ала бекітілген кесте бойынша 1 курс студенттерімен кездесіп, «Өзіңді туберкулезден қорға!» тақырыбында баяндама жасады. Кездесуге деканат қызметкерлері мен курс кураторлары және биыл оқуға түскен 128 студент қатысты.

                       

     Өз ісінің шебері Лукьянчикова Е.Н. атышулы инфекциялық ауру жайлы оның неден пайда болып, неден қозатыны, микробактериялардың сыртқы ортаның жеке элементтеріндегі өміршеңдігі туралы тартымды әңгімеледі. Баяндамашыны ұйып тыңдаған студенттер кездесуден кейін туберкулездің мүмкін түрлерін, дерттің қалай жұғатынын, аурудың симптомдарын, қатерлі инфекцияға әкелетін факторларды, науқасқа шалдыққандарды анықтаудың негізгі әдістерін білетін болды.

    Кездесу барысында студенттерге туберкулездің белгілері байқалғанда қандай әрекет жасау керектігі – өздігінен емделуге бармай, неғұрлым тезірек дәрігер көмегіне жүгіну қажеттілігі түсіндіріліп, аурудың алдын алу шаралары да айтылды.

                             

    Баяндамашы студенттердің сұрақтарына толыққанды жауап беріп, кездесу соңында факультеттің аға кураторы Б.Әбенов баяндамашыға пайдалы кеңестері үшін тыңдаушылар атынан үлкен алғыс білдірді.

      Видео: video5260430752494926189.mp4