Жаңалықтар

   Механика кафедрасының студенті Сейдулла Бексұлтан академик Ш.Есенов атындағы қордың грантын жеңіп алды!

 Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті механика және математика факультеті механика кафедрасының түлегі Сейдулла Бексұлтан Академик Ш.Есенов атындағы ғылым -білім беру қорының «Мамандар мен магистранттарға арналған ғылыми лабораторияларда жазғы тағылымдамадан өту бағдарламасы» байқауының жеңімпазы атанды. 7000 доллар тұратын грантты ұтып алған Сейдулла Бексұлтан жазда Бостонға барып, Америка Құрама Штаттарындағы және әлемдегі ең беделді техникалық оқу орындарының бірі Массачусетс технологиялық институтында жазғы тағылымдамадан өтті.

 https://bioinstrumentation.mit.edu/people

 

Механика кафедрасы меңгерушісінің

оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Туралина Д.Е. 

 


 


 

«Шапшаң, биік әрі күшті!» атты спорттық іс-шара өтті

Механика кафедрасының ұйымдастыруымен №8 жатақхана маңындағы спорт алаңдарыңда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Шапшаң, биік, әрі күшті!» деп аталатын спорттық жарыс өтті. Бұл жарыс спорттың сегіз түрінен (футбол, волейбол, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, шахмат, арқан тартыс, бадминтон, қол күресі) студенттер арасында жарыс өтті. Спорттық жарысқа №6 және №8 жатақхана студенттері, механика мамандығы бойынша оқитын (барлығы жүзден аса) студенттер, магистранттар, докторанттар және механика кафедрасының эдвайзерлері қатысты. Жарысқа футболдан 10 команда, волейболдан 4 команда, тенниске 20 студент, шахматқа 16 студент, тоғызқұмалаққа 7 студент, арқан тартысқа 4 команда, қол күреске 20 студент, бадминтонға 13 студент қатысты.

Футболдан – механика мамандығы бойынша оқитын 1-курс студенттерінің «Қырандар» командасы, волейболдан механика мамандығы бойынша оқитын 1-курс студенттерінің құрама командасы, теннистен – ғарыштық техника және технология командасы мамандығы бойынша оқитын 4-курс студенті Өтепов Жасұлан, шахматтан – механика мамандығы бойынша оқитын 1-курс студенті Мамырайым Ердос, арқан тартысудан ҒТТ мамандығы бойынша оқитын 1-курс студенттерінің командасы, тоғызқұмалақтан – механика мамандығы бойынша оқитын 1-курс студенті Алдан Бекжан, бадминтоннан – механика мамандығы бойынша оқитын 4-курс студенті Аршабекова Айгерім, қол күресінен – ҒТТ мамандығы бойынша оқитын 1-курс студенті Амангелді Нұрымжан жеңімпаздар атанды.

 


 

Хабарландыру!

Сенбі күні, яғни 27.10.2018 сағат 14.00-17.00 аралығында №6-8 жатақхана маңындағы спорт алаңдарында механика кафедрасының ұйымдастыруымен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 85 жылдығына арналған «Шапшаң, биік, әрі күшті!» («Быстрее, сильнее, выше!») деп аталатын спорттық іс-шара өткізіледі.

Барлық студенттерден жарысқа қатысып, белсендік танытуын сұраймыз!

Сұрақтарыңыз болса механика кафедрасына 112 және 111 каб. келіп қойсаңыздар болады.

Уақыты: 27.10.2018 сағат 14.00

Өткізілетін жері№6-8 жатақхана маңындағы спорт алаңдары

Байланыс: +7 (727) 2211580 механика кафедрасы

Ұйымдастырушылар:

Педпрактика жетекшісі Туралина Д.Е.,

Механика кафедрасының 2-курс

докторанттары мен магистранттары

 

 


 

Робототехникадан «Робо-фестиваль 2018» республикалық чемпионатының іріктеу кезеңі ҚазҰУ-да өтеді

Құрметті бакалавриат студенттері, магистранттар, докторанттар мен ҚазҰУ профессорлық-оқытушылар құрамы Сіздерді Механика кафедрасы, «КазРОБОТИКС» білім беру және спорт робототехникасы бойынша қазақстандық федерациясы», Алматы қаласы әкімдігі, «Жас Отан» ЖҚ ұйымдастыруымен өткізілетін «Робо-фестиваль 2018» робототехникадан республикалық чемпионатының KazRoboSport 2018 және KazRoboProject 2018 жартылай финалдарын тамашалауға шақырамыз.

 

Уақыты: 05.05.2018ж. 9:30

Өткізілетін жері: әл-Фараби ғылыми кітапханасы, 4 қабат

Ұйымдастырушылар: механика кафедрасы 

Байланыс: +7 708 899 70 07 Бекзат, +7 775 593 78 59 Нурбол, +7 (727) 2211580 механика кафедрасы

Эл.пошта: bekzat.amanov007@gmail.com 

Пайдалы сілтеме: www.kazrobotics.org

 

 


 

Дөңгелек үстел

«Ғарыштық техника және технологиялар» мамандығы сіздерді Ғарыш және авиация күнімен құттықтайды және «Қазақстандағы ғарыштық техника және технологиялардың дамуы» атты дөңгелек үстелге қатысуға шақырады.

Өтетін күні: 12 сәуір 2018

Өтетін орны: механика-математика факультеті, 510 аудитория

Өтетін уақыты: 15:00

 

 


 

COMSATS ақпараттық технологиялар институтының өкілдерімен кездесу өтті


  Механика-математика факультетінде COMSATS ақпараттық технологиялар институтының өкілдерімен кездесу өтті. Институт құрылымымен, білім беру бағдарламасы таныстырылды, ынтымақтастық мәселелері талқыланды, сондай-ақ магистранттарға, докторанттарға, пост-докторанттарға және профессор-оқытушылар құрамы үшін стипендия алуға мүмкіндіктері айтылды. «Механика» мамандығының магистранттары мен докторанттары институттың тәрбиелік және қоғамдық өмірін белсенді түрде талқылады, сұрақтар қойылып, өзара ақпараттармен алмасты.

 

 

 


Олимпиада


28-30 наурыз аралығында механика кафедрасы студенттер арасында механика пәндері бойынша Республикалық олимпиада өткізеді.

28-наурыз – қатысушылардың келуі.

29-наурыз 9:00 – 09:30 уақыт аралығында олимпиадаға қатысатын студенттердің механика-математика факультетінің Сары залында тіркелуі.

                         09:30 – 10:00 – Олимпиаданың Сары залда салтанатты ашылуы;

                         10:00 – 14:00 – Олимпиаданың өтуі.

30-наурыз сағат 09:00 – 09:30 – нәтижелердің жариялануы, апелляцияға тіркеу;

                         09:30 – 10:30 – апелляция;

                         11:30 – жеңімпаздарды марапаттау, қатысушыларға сертификаттар беру, Олимпиаданың жабылу салтанаты.

 

 


Докторант Б.Берденованың шетелдік ғылыми тағылымдамасы жөнінде

International Institute for Carbon-Neutral Energy Research (WPI-I2CNER), Жапония

 

    Механика кафедрасының докторанты Б.А. Берденова әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың білім беру бағдарламасы бойынша жазда екі айлык (10.06.2017-15.08.2017) ғылыми тағылымдамадан өтті. Ол шетелдік ғылыми жетекшiсi профессор Б.Б. Саханын лабораториясында (Кюсю университетінiн   көміртегі-бейтарап энергетикалық зерттеулердің халықаралық институтында (WPI-I2CNER), Фукуока каласы, Жапония) тәжірибелік зерттеу жұмыстарын жүргізіді. Зертханада жүргізілген ғылыми семинарларға қатысып, жұмысының барысы туралы презентациялар жасап, баяндады.

   Докторлық диссертациясының тақырыбы «Энергия сақтау және салқындату жүйелерінің жоғары тиімді әдістеріне арналған негізгі және композит белсендірілген көмірдің адсорбциялық сипаттамаларын зерттеу».

  Докторанттың шетелдік ғылыми жетекшісі, проф. Бидыут Баран Саха адсорбциялық үдерістерде және адсорбциялық процестерді іс жүзінде қолдануда әлемдегі жетекші мамандардың бірі, тақырып бойынша 150-ден астам жарияланымдары бар.

  Отандық ғылыми жетекшісі - ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу бойынша мол тәжірибеге ие және Қазақстан Республикасы Ұлттық Инженерлік Академиясының академигі профессор Айдархан Қалтаев болып табылады

  Зерттеу жұмысы практикалық маңызды болып табылады, яғни адсорбциялық салқындату жүйелерінің жұмысын оптимизациялау, АСО жұмысының өнімділігін арттыру үшін адсорбент/адсорбат жұбының характеристикаларын жақсарту, осы материалдардың тиімділігі жоғары энергия сақтау әдістерінде пайдаланылу мүмкіндіктерін зерттеу қаралатын болады. Сондықтан, ғылыми-зерттеу тәжірибелік маңызға ие.

  Ғылыми жетекші зертханасымен танысу және одан әрі ынтымақтастық орнату әрбір докторанттың докторлық диссертациясын табысты қорғауға және тұтастай ғылыми қызметкер ретінде дамуына басты себеп болып табылады.

 

 

 


Механика кафедрасының докторанты Жылқыбаева Салтанат Бриджпорт университетінде (АҚШ, Бриджпорт қ., Коннектикут штаты) ғылыми тағылымдамадан өтті

    Механика кафедрасының үшінші курс PhD докторанты Жылқыбаева Салтанат 2017 жылдың көктем айында шетелдік ғылыми тағылымдамасын АҚШ-та Бриджпорт университетінде (Бриджпорт қ., Коннектикут штаты) өткізді. Отандық және шетелдік ғылыми консультанттарының – т.ғ.д, профессор М. Утенов пен профессор T. Sobh бірлескен жетекшілігімен жасаған зерттеу жұмыстары «Роботты-техникалық жүйелердің беріктігі мен қатаңдығын тарқалған динамикалық жүктемелерді есепке алумен жобалауға есептеу әдістемесін жасау» тақырыбында атқарылды. Зерттеу тақырыбының өзектілігі – проектіленіп жатқан манипуляторлар мен роботты-техникалық жүйелердің буындарындағы ішкі күштер мен деформацияларды аналитикалық түрде анықтау болып табылады. Ғылыми тағылымдама барысында Жылқыбаева Салтанат Бриджпорт университеті негізіндегі RISC Lab манипуляторлары мен роботтарының құрылысын зерттеп, оларды басқару теорияларымен жақын танысты.

 

 


МЕХАНИКА КАФЕДРАСЫ МАГИСТРАНТТАРЫНЫҢ

ШЕТЕЛДІК ТАҒЫЛЫМДАМАСЫ

 

    Осы жазда механика кафедрасының магистранттары (Қуан Мақпал, Қазақбай Гауһар, Сапарова Балжан, Абилов Айдархан, Аманбай Мадияр, Бердіхалық Арман, Ибырханов Темірлан, Калыкова Гулназ, Мырзабек Гулназ, Никитина Юлия, Разуваева Татьяна, Сакташова Гулзат, Салаватов Темирлан) «Энергияны сақтау және геоэнергетика» жазғы оқу бағдарламасы бойынша Польшаның Краков қаласындағы AGH ғылыми-техникалық университетінде шетелдік тағылымдамадан өтті.

    Екі апта аралығында (26.06.2017-07.07.2017) таңертеңгі 8.00 - ден кешкі 18.00-ге дейін AGH университетінің профессорлары Войчех Нова, Станислав Наги, PhD, доктор Томаш Члива, PhD доктор Станислав Лучинский сияқты жетекші профессорлары мен мамандарының дәрістерін тыңдады. Дәріс тақырыптары өнеркәсіптегі энергияны сақтау негіздері, жер асты табиғи газы және сутегіні сақтау, геотермалдық жүйелер мен ұңғымалық жылу алмастырғыштар, жер қыртысындағы сұйықтықты өлшеу және тау жыныстарының қасиеттерін анықтау сияқты кең ауқымды мәселелерді қамтыды.

   Энергия алу және сақтау әдістері туралы көп мағлұматтар алып, дәрістермен қатар, практикалық сабақтар да өтті. Практикалық сабақтарда геотермалдық күн жылу сорғыларының жұмыс істеу ұзақтығы мен тиімділігін есептеп, күн коллекторлары, жылуалмастырғыштарымен танысып, олардың құрылымы туралы толық мағлұмат алды.

   AGH университетінің «Centrum Energetyki» деп аталатын Зертханаларына экскурсия жүргізілді. Магистранттарды болашақта жұмыс істейтін электромашиналардың модельдерімен таныстырды. Бұрын газ кен орны болып табылған табиғи газды сақтауға арналған жер асты қоймасына апарып, су астына газды қалай енгізетіндіктері, қалай сақтайтындықтары және осы табиғи газды қалай кептіретіндіктері жайлы түсіндірді.

   Сонымен қатар магистранттар Закопане тауларында орналасқан геотермалды жылу зауытында да болды. Онда ұңғыма жылуалмастырғыштарының құрылымы, ұңғыма жылу алмастырғыштарын енгізу және пайдалану, ескі ұңғымаларды төменгі жылу алмастырғыштар ретінде қолдану туралы бірнеше дәрістер тыңдады. Олар бірнеше ұңғыма орналасқан алаңда да болды. Бұл ұңғымаларды жаз мезгілінде энергия алу мақсатында және жақын жерде орналасқан аквапаркты қамтамасыз ету үшін пайдаланса, ал қыста энергия алу үшін ғана пайдаланады екен.

   Бағдарлама бойынша магистранттар курстың соңында емтихан тапсырды. Емтихан нәтижелері біздің магистранттардың ғана емес, AGH университетінің профессорларының да көңілінен де шықты Нәтижесінде магистранттар курсты жақсы тәмәмдағаны жөнінде сертификаттарға ие болды.

  Бос уақыттырында Краков қаласының көрікті жерлерімен танысып, қаланың орталық алаңдарында, Вавел сарайында да болды.

  Университет біздің магистранттарымыздың әлемнің жетекші университеттеріне баруға және шет елдердің үздік профессорларының дәрістерін тыңдауға мүмкіндік беретініне өте қуаныштымыз. Бұл біздің магистранттарымыздың білімін толықтырып қана қоймай, одан әрі жақсы оқуға және жан-жақты дамуға ынталандыратыны сөзсіз.

 

 

 


Томас Мор Университетінің (Бельгия) ғалымдары Эразмус + халықаралық бағдарламасы бойынша сабақтарын өткізді

  Механика-математика факультетінде, 6.02.18 - 9.02.18 аралығында Томас Мор Университетінің (Бельгия) ғалымдары  Stijn Coenen, Geert Van den Eijnden, Dirk Van Merode Эразмус + халықаралық бағдарламасы шеңберінде  «Applied curricula in space exploration and intelligent robotic systems - APPLE» жобасы бойынша шеберлік сабақтарын «Кәсіпкерлік және коммуникация»,  «Basys3 және Vivado көмегімен VHDL бағдарламалауға  кіріспе» тақырыптарында өткізді. «Кәсіпкерлік және коммуникация» мастер-класының қорытындысы бойынша  «Үздік бастау идеясы және оны іске асыру» тақырыбында конкурс өткізілді, конкурста студенттер, магистранттар өздерінің жаңа идеяларын ұсынды. Сондай-ақ, Барлық студенттер, магистранттар және оқытушылар мастер-кластарға қатысқаны туралы сертификаттармен марапатталды. 

 

 


Томас Мор Университетінің (Бельгия) ғалымдары мастер-класс өткізді

  Механика-математика факультетінде 6.02.18 - 9.02.18 аралығында Томас Мор Университетінің (Бельгия) ғалымдары  Stijn Coenen, Geert Van den Eijnden, Dirk Van Merode Эразмус + халықаралық бағдарламасы шеңберінде  «Applied curricula in space exploration and intelligent robotic systems - APPLE» жобасы бойынша шеберлік сабақтарын «Кәсіпкерлік және коммуникация»,  «Basys3 және Vivado көмегімен VHDL бағдарламалауға  кіріспе» тақырыптарында өткізді.

  Мастер-классқа «Ғарыштық техника және технологиялар» мамандығының студенттері мен магистранттары, сондай-ақ ҚазҰТУ және АЭжБУ оқытушылары мен студенттері қатысты.

 

 


Эразмус+  халықаралық жобасының шеңберінде шетел ғалымдарының мастер-кластары

«Ғарышты зерттеу және интеллектуалды робототехникалық жүйелердегі қолданбалы оқу бағдарламалары / APPLE» (2016-2019)

Тақырыбы : «Кәсіпкерлік және коммуникация» және «Basys3 және Vivado көмегімен VHDL бағдарламалауға  кіріспе»

 

           Құрметті ұстаздар және студенттер!

Томас Мора (Бельгия) Университетінің ғалымдары  Stijn Coenen, Geert Van den Eijnden, Dirk Van Merode Эразмус + халықаралық бағдарламасы шеңберінде  «Applied curricula in space exploration and intelligent robotic systems / APPLE» жобасы бойынша шеберлік сабақтарын өткізеді. Мастер-класс тақырыптары:

  1. Кәсіпкерлік және коммуникация (ең көп  дегенде 20 адам)

6 ақпан, 09:00 - 12:30: тенденциялар және  ми шабуылы

7 ақпан, 09:00 - 12:30: Business Model Canvas қолдану арқылы идеяңызды бизнеске айналдыру

  1. Basys3 и Vivado көмегімен VHDL бағдарламалауға кіріспе (ең көп дегенде 12 адам)

8 ақпан, 09:00 - 12:30: ПЛИС - VHDL - комбинаторлық логика - аналитикалық құралдар - модельдеу

9 ақпан, 09:00 - 12:30: жүйелі логика - соңғы машиналар- өзіндік секундомер жасау

 

          Сертификаттарды тапсыру рәсімі 9 ақпанда сағат 12:30 - 13:30 аралығында өтеді

Өткізу орны: механика-математикалық факультет, 501 ауд.

Өткізу уақыты: 6-9 ақпан 2018 ж., 09.00 бастап 12.30 дейін

Ұйымдастырушылар: Томаса Мора университеті (Бельгия) және аль-Фараби атындағы ҚазҰУ, механика кафедарсы  (Қазақстан)

Жауаптылар: механика кафедрасы

Келем деушілерге есік ашық! Алдын ала оқытушы Досжан Н.С. (nursultan.sagynaiuly@gmail.com) тіркелуіңізді сұраймыз!  

 

 

 


Механика кафедрасының оқытушылары Бельгияда, Thomas More университетінде, біліктілікті арттыру мақсатында курс өтті

    Механико-математикалық факультетінің механика кафедрасының оқытушылары - Мухамедгали А., Досжан Н., Лязат Ж., 21-29 қаңтар аралығында Бельгияда, Thomas More университетінде, Campus De Nayer-де біліктілікті арттыру мақсатында курс өтті,  сондай-ақ спутникті және ғарыштық технологияларды игеру бойынша QinetiQ компаниясында болды. Курс өз бағыттарымен қатар, C, VHDL арналған FPGA, сигналдарды цифрлық өңдеу, Raspberry Pi автоматтандырылған жүйелері және электронды дизайн және ғарыш жүйелерін жинау сияқты бағыттарды қамтыды. Біліктілікті арттыру механика кафедрасында жүзеге асатын халықаралық жоба - “APPLE – Applied curricula in space exploration and intelligent robotic systems” ERASMUS+ бағдарламасы аясында өтті. Ендігі кезекте сертификатталған оқытушылар «Ғарыштық техника және технология» мамандығының студенттері үшін тиісті сабақтар өткізеді.

 

 

 


"Жас мамандық – жарқын болашақ" атты ашық эдвайзерлік сабақ өткізілді

    Ғарыштық техника және технологиялар мамандығының 2 және 3 курс студенттеріне "Жас мамандық – жарқын болашақ" атты ашық эдвайзерлік сабақ өткізілді. Студенттерге «Ғарыштық техника және технологиялар» мамандығы, Қазақстан үшін бұл мамандықтың маңыздылығы туралы ақпараттар берілді.

    Сабаққа қатысқандар: Механика кафедрасы меңгерушісі Ракишева З.Б., Механика кафедрасы меңгерушісінің оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Туралина Д.Е.,  механика кафедрасы оқытушылары Джамалов Н.К., Досжан Н.С., Мухамедгали А., Қасым С.Б., Қуан М.

    Ұйымдастырушылар: Механика кафедрасы меңгерушісінің оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Туралина Д.Е., куратор-эдвайзерлер Маемерова Г.М., Лязат Ж., магистранттар Кошербаева А.Б., Мусаева З.Ш.

 

 


 

"Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты ашық эдвайзерлік сабақ өткізілді

    «Механика» мамандығының 2, 4 курс қазақ бөлімі студенттерін Қазақстан Республикасы Президенті Жолдауымен таныстыру мақсатында "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты ашық эдвайзерлік сабақ өткізілді. Студенттерді рухани жаңғыру бағдарламасымен, бағдарламаның басым бағыттары мен міндеттерімен таныстырып, ой бөлісті. Сонымен қатар  «Назарбаев моделі» атты кітаптың  алғашқы шығарылымымен таныстырылды.

    Ұйымдастырушылар: Механика кафедрасы меңгерушісінің оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Туралина Д.Е., эдвайзер Алибаева Қ., магистрант-практиканттар Азимбаев Азтай, Қазақбай Гаухар, Қуан Мақпал.

 

 

 

 

 


 

«Шапшаң, биік әрі күшті!» атты спорттық іс-шара өтті

 

    18.11.2017. сағат 9.00-14.00 аралығында ҚазҰУ спорт кешенінде Механика кафедрасы меңгерушісінің орынбасары Д.Е.Туралина мен 2-курс PhD докторанттарының ұйымдастыруымен «Шапшаң, биік әрі күшті!» атты спорт жарысы өтті.

      Спорттық жарысқа №8 жатақхана студенттері, Механика және ҒТТ мамандығы бойынша оқитын (барлығы 100-ден аса) студенттер, механика кафедрасының 2 курс PhD докторанттары (Кусембаева К., Шомшекова С., Рахимжанова А., Берденова Б., Колдас Ә., Хабидолда Ө., Гриценко П.) қатысты.  Спорттың жеті түрінен (футбол, волейбол, теннис, тоғызқұмалақ, шахмат, арқан тартыс, бадминтон) студенттер арасында жарыс өтті. Жарысқа футболдан 5 команда, волейболдан 3 команда , тенниске 18 студент, шахматқа 9 студент, тоғызқұмалаққа 6 студент, арқан тартысқа 4 команда, бадминтонға 13 (барлығы 100 - ден аса ) студент қатысты.Аталған ойын түрлерінен келесі жеңімпаздар «Шапшаң, биік әрі күшті!» спорт сайысының сертификаттарымен және арнайы сыйлықтармен марапатталды:

 

Футбол

I орын - «Не удержимый» командасы

II орын - «Балмұздақтар» командасы

III орын - «Космос» командасы

Волейбол

I орын – 4 курс студеттері (Мех, ҒТТ)

II орын - 3 курс студеттері (Мех, ҒТТ)

III орын - 2 курс докторанттары (Мех)

Арқан тарту  

I орын – «Не удержимый» командасы

II орын - «Балмұздақтар» командасы

II орын - «Космос» командасы

Бадминтон

I орын – Салқынбеков Дамир (мех, 1к)

II орын - Құдаш Сандуғаш (мех, 1к)

III орын - Жунусова Айнара (мех, 1к)

Шахмат           

I орын – Жексен Бейбарыс (мех, 1к)

II орын - Әзіл Заманбек (мех, 1к)

II орын - Қамбарбаев Еркебұлан (ҒТТ, 2к)

Теннис          

I орын – Алибаев Дидар (мех, 1к)

II орын - Жалгасбаев Мирас (мех, 1к)

III орын - Кулбаев Кайрат (мех, 1к)

Тоғызқұмалақ

I орын – Качкинова Азиза (мех, 1к)

II орын - Ердеш Ерасыл (мех, 1к)

III орын - Бекжанар Арайлым (ҒТТ, 2к)

 

 

 

 


 

«Ломоносов-2017»  жеңімпазы!

    Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті механика-математика факультеті механика кафедрасының докторанты Қолдас Әсетжан 2017 жылдың 14-15 сәуір аралығында М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Астана қаласындағы филиалында өткен «Ломоносов-2017» атты студенттер, магистранттар және жас ғалымдардың XIII Халықаралық ғылыми конференциясына қатысып, «Аймақтық экологиялық мәселелер: заманауи шешімдері мен әдістері» секциясында баяндама жасады. Баяндама тақырыбы қазіргі күннің өзекті мәселелерінің біріне арналды, яғни «Көмірқышқыл газының қоршаған ортаға таралуын азайту үшін күн-жылу электростанцияларын қолданудың артықшылығы» деп аталды.

   Нәтижесінде «Ең үздік ғылыми-зерттеу жұмысы» номинациясы бойынша Бірінші дәрежелі Дипломға ие болды.

 

 

 



Академик Ш.Ә.Ершин 90 жаста!

Ғылыми Кеңестің шешімі бойынша академик Ш.Ә.Ершин «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне 80 жыл», «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ дамуына қосқан айрықша үлесі үшін»Үлкен алтын медалімен марапатталды.


        Қыркүйек айының бесінші жұлдызында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде белгілі ғалым, Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Қ.И.Сәтбаев атындағы I-ші дәрежелі сыйлықтың иегері, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақстан Республикасының теориялық және қолданбалы механика бойынша Ұлттық комитетінің мүшесі, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың құрметті кафедра меңгерушісі, техника ғылымының докторы, профессор ШАХБАЗ ӘЛІМГЕРЕЙҰЛЫ ЕРШИННІҢ туғанына 90 жыл толуы салтанатты түрде атап өтілді.

   

 


 

«Механика мен энергетикадағы заманауи трендтер» деп аталған ғылыми мектеп-семинары 

 

        Академик Ш.Ә.Ершиннің 90 жыл толуына орайластырған докторанттар мен жас ғалымдарға арналған «Механика мен энергетикадағы заманауи трендтер» деп аталған ғылыми мектеп-семинары ұйымдастырылды. Бұл мектеп-семинарға семинар жетекшісі профессор А.Қалтаев шет елден танымал ғалымдарды шақырды. Айта кетсек бес күнге созылған семинардың алғашқы күні  АҚШ-тың Питсбург университетінен келген профессор Гиви Пейман «Compressible Flow Modeling and Simulation» тақырыбында, келесі күні Польшаның АГХ Ғылым және технология университетінен келген Профессор Станислав Наги «Hydrogen energy storage in salt caverns and in transmission high pressure natural gas networks» тақырыбында , ал үшінші күні Болгарияның Пловдив филиалы-София техникалық университетінен келген профессор Александр Георгиев «Combined thermal installations with Renewable energy devices» тақырыптарында докторанттар мен жас ғалымдарға дәріс оқыды.

 

 

 


 

Академик Ш.А.Ершиннің «Paradoxes of Aerohydrodynamics» деген кітабы Шпрингер баспасынан жарыққа шықты.

 

 


 

«Өнегелі өмір» сериясымен Қазақ университеті баспасынан шығатын «Шахбаз Ершин» атты кітаптың тұсаукесері болды.

        Бұл кітапта ғалымның өмірлік жолы баяндалады. Оқырман назарына ғалымның таңдамалы еңбектері, белгілі ғалымдардың, замандастарының, шәкірттерінің және жақындарының  естеліктері, сонымен қатар архивтік деректер мен әр жылдардағы суреттері келтірілген.

   

 


 

Құрбан айт мерекесі.

        Механика-математика факультетінің №8 студенттер үйінде жыл сайынғы қағида бойынша құрбан шалынып, ақ дастархан жайылып, студенттер құрбан айтқа арналып жасалған дәмнен ауыз тиді. Осы мерекеге орай студенттер үйіне арнайы қонақтар келіп, құттықтап, өз лебіздерін білдіріп қайтты. Қонақтардың қатарында аға куратор-эдвайзер С.Ә.Давлетова, факультетіміздің ұстаздары Б.Әбенов, Т.Иманқұлов және тағы басқа да сыйлы қонақтар болды. Келген қонақтар барша мұсылман қауымды мерекемен құттықтап, атқарған істеріне ризашылықтарын білдіріп, жүректерінің иман нұрының сөнбеуін тіледі. Мұсылман жандардың жаны әрдайым жақсылық жасауға дайын екені анық. Сондай жандары жомарт жандар біздің факультетте де аз емес. Механика-математика факультеті профессор З.Б.Ракишева басқарып отырған механика кафедрасының ұстаздары арнайы мал сойып, қосымша тамақтармен қамтамасыз етті. Әрдайым осындай сауабы мол шаралардан қол үзбейтін механика кафедрасы бұл жолы да қолдарынан келген көмектерін аямады. Механика кафедрасы тарапынан ұсынылған көмектер жағдайы төмен және аз қамтылған студенттерге берілді.

 

 


 

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Жылдам, биік әрі күшті !» деген атпен спартакиада өтті

        Сенбі күні, яғни  01.10.2016. сағат 9.00-14.00 аралығында №8 жатақхана маңындағы спорт алаңдарында және ҚазҰУ спорт кешенінің алаңдарында Механика кафедрасының ұйымдастыруымен  Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Жылдам, биік әрі күшті!» («Быстрее, сильнее, выше!») деген атпен спартакиада өткізілді.

        Спартакиадаға №6 және №8 жатақхана студенттері, механика мамандығы бойынша оқитын (барлығы  жүзден аса) студенттер, Механика-математика факультетінің деканы профессор М.А.Бектемесов, механика кафедрасының меңгерушісі доцент З.Б.Ракишева, кафедра меңгерушісінің оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Д.Е.Туралина, кафедра эдвайзерлері (Елгондина М.Б., Тунгатарова М.С., Алибаева Қ., Маемерова Г., Өміржанова Ж., Ногайбаева М., Беляев Е., Төлеуханов А., Ыбырайымқұл Д., Шаяхметов Н.), магистранттар мен докторанттар (барлығы  жүзден аса) қатысты.  Денетәрбиесі кафедрасының меңгерушісі Е.К.Дилмахамбетовтың қолдауымен ҚазҰУ спрот кешенінің алаңдарында спорттың  жеті түрінен (футбол, волейбол, бадминтон, теннис, тоғызқұмалақ, шахмат, арқан тартыс)  студенттер мен оқытушылардың арасында жарыс өтті. Жарысқа футболдан 4 команда, волейболдан  3 команда , тенниске 10 студент, шахматқа 6 студент, бадминтонға - 10 студент, тоғызқұмалаққа 4 студент, арқан тартысқа  4 команда қатысты.

       Футболдан - механика мамандығы бойынша оқитын 4-курс студенттерінің командасы (Әшірханов Мадияр - команда капитаны, Байменов Ш., Алимжанов Д., Бақтығалиев А., Болысбек Д., Сағындық А.) бірінші орынға ие болса, екінші орынды 2 курс студенттері, үшінші орынды механика кафедрасының мұғалімдері иеленді. Волейболдан студенттердің құрама командасы (Команда капитаны – Қамажай Мұстафа, Қазақбай Гаухар, Сәрсенбек Асхат,Крымгереев Амирхан, Жумакова Маржан, Сағитжанов Бірлік), теннистен - 1-курс студенті  Багдатов А., шахматтан 4-курс студенті  Тұрғұнбоев Данабай, арқан тартысудан механика кафедрасының мұғалімдер құрамасы (Шаяхметов Нұрлан, Құрмансейіт Мақсат, Төлеуханов Аман, Беляев Ержан,Таңнұр, Айжулов Даниар), тоғызқұмалақтан- 4-курс студенті Маратов Нұркен жеңімпаздар атанды. Жеңімпаздарға сертификаттар, грамоталар және бағалы сыйлықтар таратылды. Осы сыйлықтарды сатып алуға 2015 жылдың үздік оқытушысы, механика кафедрасының профессоры Қ.С.Жилисбаева материалдық қолдау көрсетті. Сонымен қатар механика-математика факультеті кәсіподақ комитетінің төрайымы доцент М.Б.Елгондина жеңімпаз студенттерге тамақтануға берілетін талондар таратты. Жарыс соңында спартакиадаға қатысушылар ескетркішке фотоға түсіп, осы жарысты ұйымдастырушыларға лебіздерін білдірді.