Факультет жаңалықтары мен оқиғалары

«Дәстүрлі корей Чусок мерекесін тойлау»

08.10.2020

2020 жылдың 7 қазанында ZOOM онлайн-платформасында эдвайзер Тоқтарова Ж.Б. мен Ким Е.В. жетекшілігімен «Корей халқының дәстүрлі Чусок мерекесі» атты іс-шара өткізілді. Осы іс-шараға Қиыр Шығыс кафедрасының корейтану бөлімінің 1 курс студенттері қатысты. 

Ары қарай оқу >>

Қытайтану кафедрасының докторанты «Үздік жас ғалым-2020» байқауында І-дәрежелі дипломға ие болды

08.10.2020

2020 жылдың қазан айында «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен еліміздің жас ғалымдарын қолдау үшін қолға алынған Республикалық «Үздік жас ғалым-2020» атты ғылым жолындағы жас ғалымдардың байқауы өтті. Байқаудың нәтижесі бойынша, шығыстану факультеті, қытайтану кафедрасының 3-курс докторанты, оқытушысы Бисенбаева Әсел «Үздік жас ғалым-2020» байқауының І-ші дәрежелі дипломын иеленді, арнайы тағайындалған «Үздік жас ғалым-2020» төсбелгісі және «Үздік жас ғалым-2020» куәлігімен марапатталды, сонымен қатар оның автобиографиясы «Үздік жас ғалым-2020» атты жинаққа енгізілді.

Ары қарай оқу >>

«Орталық және Оңтүстік-Шығыс Азиядағы Қазақстан: Жаңа шекараларды зерттеу және шығармашылық қатысу» атты халықаралық ғылыми вебинар өтті

08.10.2020

3 қазан күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің шығыстану факультетінде, Сингапур ұлттық университетінің аға оқытушысы, Сингапурдың әлеуметтік және халықаралық мәселелер жөніндегі талдаушысы, PhD Мұстафа Иззуддиннің қатысуымен халықаралық вебинар өтті.

Ары қарай оқу >>

Махатма Гандидің туған күніне арналған фото көрме өтті

07.10.2020

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шығыстану факультетінде үндістандық саяси және қоғам қайраткері, Үндістанның тәуелсіздік қозғалысының жетекшілері мен идеологтарының бірі Махатма Гандидің туған күніне арналған фотокөрме өтті.

Ары қарай оқу >>

Абай және Үндістан

05.10.2020

Абай күні - 10 тамыз - тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде кеңінен аталып өтті. Онлайн формат барлық оқиғаларға ерекше сипат берді, барлық қатысушылар оларды бөліп тұрған үлкен қашықтыққа қарамастан, бірлік пен рухани жақындығын сезінді.

Ары қарай оқу >>

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Түркия Республикасының төтенше және өкілетті елшісі Уфук Экиджи мырзамен кездесу өтті

29.09.2020

2020 ж. 22 қыркүйекте Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Мұтанов Ғалымқайыр Мұтанұлы, Шығыстану факультетінің деканы Ықтияр Палтөре және ТҮРКСОЙ кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы Түркия Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті Елшісі Уфук Экиджимен кездесті. Кездесудің негізгі мақсаты Түркия Республикасы мен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғылым-білім беру саласында тығыз достық-ынтымақтастық орнату мүмкіндіктерін қарастыру болды.

Ары қарай оқу >>

Факультетке мақтан тұтар түлектеріміздің бірі, Түлектер қауымдастығының төрағасы – Батырхан Құрмансейіт арнайы келді

22.09.2020

Шығыстану факультетіне үстіміздегі жылдың 21 қыркүйегінде шығыстанушы, жапонтанушы, халықаралық қатынастар мамандығы бойынша философия докторы Батырхан Құрмансейіт арнайы келді.

Батырхан Құрмансейіт қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елші қызметін атқаруда.

Ары қарай оқу >>

Мақтан тұтар түлектеріміздің бірі – Арман Қайратұлы Исағалиев факультетке келді

21.09.2020

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Шығыстану факультетіне 14.09.2020ж. 1994 жылғы түлегі А.Қ. Исағалиев келді. Исағалиев Арман Қайратұлы қазіргі таңда Қазақстан Республикасының Қатар мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті елшісі қызметін атқаруда.

Ары қарай оқу >>

ДЕНСАУЛЫҚТЫ САҚТАУ БАСТЫ НАЗАРДА БОЛУҒА ТИІС

21.09.2020

Биылғы жаңа оқу жылында факультетіміздің барлық студенттері қашықтан онлайн форматында білім алуға толықтай көшіп отыр. Ал магистранттар мен докторанттардың саны аз болуына байланысты қазірше офлайн форматында сабақ оқуларына мүмкіндік қарастырылған. Десек те көпшілік магистранттардың өтініштері ескеріліп, бүгіннен бастап магистранттар қашықтан онлайн форматында білім алу жүйесіне көшіп отыр.

Ары қарай оқу >>

«Сонбе мен Хубе арасындағы кездесу» іс-шарасы

18.09.2020

2020 жылдың 11 қыркүйегінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Шығыстану факультетінде Қиыр Шығыс кафедрасының корейтану бөлімінің студенттеріне арналған «Сонбе мен Хубе арасындағы кездесу» (корейтану бөлімі студенттерінің танысу кеші) іс-шарасы өткізілді. Іс-шараға кафедраның барлық студенттері, Қиыр Шығыс кафедрасының шетелде жұмыс жасайтын түлектері (LG, Польша), Оңтүстік Кореяның GKS гранты бойынша оқитын түлектер және магистратураның қос дипломды бағдарламасының түлектері, сондай-ақ Оңтүстік Кореяның жоғары оқу орындарының студенттері қатысты.

Ары қарай оқу >>