Мақтан тұтар түлектеріміздің бірі – Арман Қайратұлы Исағалиев факультетке келді

21.09.2020

Көрулер: 1832

     Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Шығыстану факультетіне 14.09.2020ж. 1994 жылғы түлегі А.Қ. Исағалиев келді. Исағалиев Арман Қайратұлы қазіргі таңда Қазақстан Республикасының Қатар мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті елшісі қызметін атқаруда.

     Биылғы жаңа оқу жылында әлемдік пандемияға қатысты қашықтан білім беру жүйесіне көшіп отырған оқытушы-профессорларға Арман Қайратұлы қолдау жасап, өзінің ізгі тілегін білдірді. Шығыстану факультетінің деканы Ықтияр Палтөре факультеттегі ғылыми-зерттеу орталықтарды, кафедраларды, «Шығыс музейін» көрсетіп, факультеттің тыныс-тіршілігімен жақыннан таныстырды.

     Исағалиев Арман Қайратұлы алдағы уақытта арнайы келіп студенттер мен магистранттарға дәріс оқып, дипломатия саласындағы тәжірибесімен бөлісуге ниетті екендігін жеткізді.

     Факультет басшылығы мен оқытушы-профессорлар құрамы арнайы келген мақтан тұтар түлекке табыс тілеп, ризашылықтарын білдірді.