Қытайтану кафедрасының докторанты «Үздік жас ғалым-2020» байқауында І-дәрежелі дипломға ие болды

8-қаз-20

Көрулер: 1535

2020 жылдың қазан айында «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен еліміздің жас ғалымдарын қолдау үшін қолға алынған Республикалық «Үздік жас ғалым-2020» атты ғылым жолындағы жас ғалымдардың байқауы өтті. Байқауда білім беру ұйымдарының Phd докторанттары, магистранттары, оқытушылары, жас мамандары бағын сынады. Байқаудың нәтижесі бойынша, шығыстану факультеті, қытайтану кафедрасының 3-курс докторанты, оқытушысы Бисенбаева Әсел «Үздік жас ғалым-2020» байқауының І-ші дәрежелі дипломын иеленді, арнайы тағайындалған «Үздік жас ғалым-2020» төсбелгісі және «Үздік жас ғалым-2020» куәлігімен марапатталды, сонымен қатар оның автобиографиясы «Үздік жас ғалым-2020» атты жинаққа енгізілді.

Кітап жинақтың таныстырылымы және марапаттау рәсімі 2020 жылдың желтоқсан айында Нұр-Сұлтан қаласында, Министрліктер үйінде конференция түрінде өтті.

Факультеттің атынан Бисенбаева Әсел Пазылбекқызын шын жүректен құттықтаймыз!