Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Түркия Республикасының төтенше және өкілетті елшісі Уфук Экиджи мырзамен кездесу өтті

29.09.2020

Көрулер: 1576

     2020 ж. 22 қыркүйекте Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Мұтанов Ғалымқайыр Мұтанұлы, Шығыстану факультетінің деканы Ықтияр Палтөре және ТҮРКСОЙ кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы Түркия Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті Елшісі Уфук Экиджимен кездесті. Кездесудің негізгі мақсаты Түркия Республикасы мен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғылым-білім беру саласында тығыз достық-ынтымақтастық орнату мүмкіндіктерін қарастыру болды. Сондай-ақ, кездесуде Түркияның Жоғарғы оқу орындарының студенттерін Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да білім алуға, Шығыстану факультеті Түрксой кафедрасының түлектерін түрік фирмаларына жұмысқа орналастыру, Түркияда жарамды сертификаттар беретін университеттермен бірлесіп түріктілін оқыту курстарын ашу сияқты тақырыптар талқыланды.

     Шығыстану факультетінің деканы Ықтияр Палтөре Түркия Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Уфук Экиджи Мырзаға бөліскен ақпараты және бірлескен жұмысқа мүдделілігі үшін алғысын білдірді. Пікір алмасу барысында екі жақ та жоғарыда айтылған өтініштер мен ұсыныстарды назарға алатындықтарын білдірді. Түркия Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Уфук Экиджи Мырза университетке алғашқы сапары екенін атап өтті және университет басшылығына шын жүректен алғыс білдірді.