Факультет жаңалықтары мен оқиғалары

Білімге деген құштарлық шектеуге көнбейді

28.10.2020

COVID-19 бүкіл әлемге көптеген шектеулер мен көңілсіздіктер әкелді, академиялық ұтқырлық жоспарларын түзету қажет болды, өйткені студенттерді шетелге оқуға жіберу тоқтатылды. Әлемдегі қазіргі жағдайға қарамастан, Қиыр Шығыс кафедрасының Корей бөлімі студенттері онлайн-курстардың арқасында Кореяның Сукмён университетінде оқуларын жалғастыруда.

 

Ары қарай оқу >>

Тюрксой кафедрасының магистранты Андирова Алина “ҚР Дарынды жастар Алтын төсбелгісімен” марапатталды

28.10.2020

Осы жылдың 28 қараша күні, елордамыз Нұр-Сұлтан қаласында “Bilim orkenieti” ұлттық инновациялық-ғылыми зерттеу орталығы тарапынан ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай өткізілген “Елбасы және Тәуелсіз Қазақстан жастары” атты дөңгелек үстел өтті. Шара барысында Қазақстан Республикасы жастарының “Алтын кітап” иегерлері марапатталды. Алматы қаласынан аль-Фараби атындағы ҚазҰУ, Шығыстану факультетінің 2 курс магистранты Андирова Алина Ережепбайқызы қатысып “ҚР Дарынды жастар Алтын төсбелгісімен” және Алғыс хатпен марапатталды.

Ары қарай оқу >>

Әбу Насыр Әл-Фарабидің өмірі мен ғылыми еңбектері

27.10.2020

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың, Шығыстану факультеті, Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының бастамасымен ұлы ойшыл, ғұлама Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығының аясында араб тілі ұстаздарына, докторанттар мен магистранттарына араб тілінде Әл-Фараби  мұрасына арналған дәрістер ұйымдастырылуда.

Ары қарай оқу >>

Әл-Фараби және қазіргі заманғы еуропалық философия

27.10.2020

Жуырда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың, Шығыстану факультеті, Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының бастамасымен ұлы ойшыл, ғұлама Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығының аясында араб тілі ұстаздарына, докторанттар мен магистранттарына араб тілінде Әл-Фараби мұрасына қатысты дәрістер оқыла бастаған болатын. 

Ары қарай оқу >>

«Абай және Шығыс шайырлары» атты әдеби кеш өтті

26.10.2020

2020 жылдың 23 қазанында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шығыстану факультеті Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы Парсы тілі бөлімі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының Әлем әдебиеті қызметі бірлесіп Абай Құнанбайұлының 175-жылдық мерейтойы шеңберінде «Абай және Шығыс шайырлары» атты әдеби кеш өткізді. 

Ары қарай оқу >>

Ирандағы Алламе Табатабаи университетінің профессоры Оуранг Изади мырзамен кездесу

23.10.2020

Әл-Фараби  атындағы ҚазҰУ-дың шығыстану факультеті Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия  кафедрасы Алламе Табатабаи университетімен бірлесе отырып Қазақстандағы ирантанушыларға, докторанттар мен  магистранттарға 22 қазаннан  бастап, Алламе Табатабаи университетінің профессоры Оуранг Изади лидерлік дәріс жүргізеді

Ары қарай оқу >>

Тәжікстан Республикасының елшісі Шығыстану факультетіне арнайы келіп, кітап тарту етті

23.10.2020

Үстіміздегі жылдың 17 қазан күні Тәжікстан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Ибодзода Хайрулло Шығыстану факультетіне арнайы келіп, факультет тынысымен танысты. Елші кездесу барысында Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонның «Тәжіктер тарих айнасында. Арийліктерден Саманидтерге дейін» атты қазақ тіліне аударылған кітабын факультетіміздегі «Тәжік тілі мен мәдениеті» орталығына тарту етті. Кітаптарды Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының меңгерушісі Пірімбек Сулейменов қабылдап алды. Бұл кітаптар орталықтың кітаптар қорында сақталады. 

Ары қарай оқу >>

МӘДЕНИ КӨПІР: КОРЕЯДАҒЫ ТАҒЫЛЫМДАМА

19.10.2020

2020 жылдың 13 қазанында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті шығыстану факультеті Қиыр Шығыс кафедрасы «Шин сэдэ» студенттердің ғылыми үйірмесінің жетекшісі У.А.Амирбекова 4 курс студенттері Сәдір Бибінұр, Абай Аяулым, Қалыбек Арайлым, Кенжеғалиева Дананың ұйымдастыруымен «Мәдени көпір: Кореядағы тағылымдама» тақырыбындағы мәдени, әрі ғылыми-танымдық кездесу өткізді.

Ары қарай оқу >>

Тюрксой кафедрасының магистранты Андирова Алина «Үздік жас ғалым-2020» байқауында І-дәрежелі дипломға ие болды

09.10.2020

Осы жылдың қазан айында «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен еліміздің жас ғалымдарын қолдау үшін қолға алынған Республикалық «Үздік педагог» жобасы аясында шығарылатын «Үздік жас ғалым - 2020» атты ғылым жолындағы жас ғалымдардың байқауы өтті. Байқаудың нәтижесі бойынша, Шығыстану факультеті, Тюрксой кафедрасының 2 курс магистранты Андирова Алина Ережепбайқызы «Үздік жас ғалым-2020» байқауының І-ші дәрежелі дипломын иеленді, сонымен бірге арнайы тағайындалған «ҮЗДІК ЖАС ҒАЛЫМ» төсбелгісімен марапатталды.

Ары қарай оқу >>