Факультет жаңалықтары мен оқиғалары

Факультет ғалымы халықаралық конференцияда «Орта Азия халықтарының Қытайды тану эволюциясы» тақырыбында баяндама жасады

18.09.2020

«Жібек жолы дәрістері» деген атпен жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын халықаралық конференция 2020 жылдың 9-13 қыркүйегі аралығында онлайн форматта өтті. Конференцияны ұйымдастыруға ҚХР-дағы Халықаралық Жібек жолы биологиялық антропология орталығы, Фудан университетінің «Бір жол – бір белдеу» және жаһандық басқару институты, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Ташкент ұлттық шығыс университеті, Бішкек гуманитарлық университеті атсалысты.

Ары қарай оқу >>

«ҚазҰУ түлегінен 5 кеңес» атты тақырыпта көшбасшылық дәріс

17.09.2020

2020 жылдың 10 қыркүйегінде ZOOM онлайн-платформасында эдвайзерлер Ж.Б. Тоқтарова мен Е.В. Кимнің ұйымдастыруымен 1 курс студенттеріне арналған Қиыр Шығыс кафедрасы корейтану бөлімінің 2018 жылғы түлегі Қайрахметов Рустамның «ҚазҰУ түлегінен 5 кеңес» атты тақырыпта көшбасшылық дәрісі өткізілді. Рустам Мәскеуде Samsung Electronics компаниясында инженерлік-технологиялық бөлімнің жетекші маманы ретінде жұмыс істейді.

Ары қарай оқу >>

Шығыстану факультетінде Халықаралық хинди тілі күніне арналған мереке өтті

14.09.2020

Халықаралық хинди тілі күніне орай Үндістан Республикасының Қазақстандағы Елшілігіндегі Свами Вивекананда мәдени орталығы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың шығыстану факультетімен бірлесіп, екі номинация бойынша хинди тілі байқауын ұйымдастырды: поэзия сайысы және эссе байқауы.Байқауға біздің университеттің үндітанушы студенттері ғана емес, сонымен қатар Үндістанның өзінде әр түрлі мамандықтарда оқыған жастар мен Үндістан елшілігінде хинди тілін оқитын Үндістан әуесқойлары да қатысты. Біздің студенттердің әртүрлі номинациялардағы жеңісі құнды болды!

Ары қарай оқу >>

ЕЛ ПРЕЗИДЕНТІ Қ.К. ТОКАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ ДОКТОРТАНТТАРҒА ТҮСІНДІРІЛДІ

10.09.2020

     2020 жылдың 3 қыркүйегінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Шығыстану факультетінде докторанттарымен карантин талаптарын сақтай отырып кездесу өтті.

     Кездесу кезінде Шығыстану факультетінің деканы Ықтияр Палтөре кіріспе сөз сөйлеп, биылғы 1 жыл доктораттарды құттықтап, оларды факультет басшылығымен таныстырды.

Ары қарай оқу >>

ШЫҒЫСТАНУ ФАКУЛЬТЕТІНІҢ 1 КУРС СТУДЕНТТЕРІМЕН АЛҒАШҚЫ ТӘРБИЕ САҒАТЫ ӨТТІ

08.09.2020

        2020 жылдың 1 қыркүйегі күні Шығыстану факультетінің деканы Палтөре Ықтияр Молдатөреұлының басшылығымен 1-курс студенттеріне арналған онлайн кездесу ұйымдастырылды.

        Ең алдымен сөз кезегін алған факультет деканы жастарды студент атануларымен құттықтай отырып, жақсы оқып, жан-жақты білімді азамат болуларына зор сенім білдірді.

       Кездесу барысында студентке тән міндеттер түсіндірілді. Сондай-ақ факультеттегі кафедра меңгерушілерін жеке жеке таныстыра отырып, әрбір студент таңдаған тілі бойынша кафедраларда, топ эдвайзерлермен қашықтан жұмыс жасайтындығын айтты. Кафедра меңгерушілері де 1-курс студенттерін құттықтай отырып, өздерінің ізгі тілектерін жеткізді.

Ары қарай оқу >>

Түрксой кафедрасы ұжымының 1 курс студенттерімен онлайн кездесуі

04.09.2020

       2020 жылы 2 қыркүйек күні Шығыстану факультетінің Түрксой кафедрасы оқытушы-профессор құрамының 1 курс студенттерімен онлайн кездесуі өтті. Кездесу барысында кафедра менгерушісі Ү.Т.Қыдырбаева, кафедра меңгерушісінің оқу-әдістемелік және тәрбие жөніндегі орынбасары К.Б Жанатаева, ғылыми-инновациялық қызметтер және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары Э.Ә Монтанай кафедраға қабылданған 1 курс студенттерін кафедра тынысы және оқытушылар құрамымен таныстырды.

Ары қарай оқу >>

1КУРС СТУДЕНТТЕРІМЕН ОНЛАЙН КЕЗДЕСУ

01.09.2020

Құрметті 1 курс студенттері!

Сіздерді Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану факультетінің деканы Палтөре Ықтияр Молдатөреұлымен онлайн кездесуге шақырамыз.

Кездесу 1 қыркүйек сағат 11:00-де «ZOOM» платформасында өтеді.

Ары қарай оқу >>

Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылы аясында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Шығыстану факультетінде түлектер күні өтті

30.05.2020

30 мамыр күні жылдағы дәстүр бойынша Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, шығыстану факультетінде түлектері күні атап өтілді. Бұл жылғы өткен іс-шара бұрынғыдан ерекше, оның себебі елімізде орын алған келеңсіз жағдайларға байланысты онлайн форматында өтуі. Бұл себептерге қарамастан түлектер күні ерекше дайындықпен, жоғары көңіл күймен атап өтілді.

Ары қарай оқу >>

Шығыстану факультеті, Қытайтану кафедрасының түлектері онлайн форматында кездесу өткізді

30.05.2020

 

Әбу насыр Әл-Фарабидің 1150 жылы аясында ұйымдастырылған Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлектер күніне орай, жылдағы дәстүр бойынша 30 мамыр күні ҚазҰУ, шығыстану факультеті, қытайтану кафедрасының түлектері де онлайн форматында бас қосты. Бұл жылғы өткен іс-шара бұрынғыдан ерекше, оның себебі елімізде орын алған келеңсіз жағдайларға байланысты онлайн форматында өтуі. Бұл себептерге қарамастан түлектер күні ерекше дайындықпен, жоғары көңіл күймен атап өтілді.  

Ары қарай оқу >>

ӘБУ НАСЫР ӘЛ-ФАРАБИДІҢ 1150 ЖЫЛЫ АЯСЫНДА ӨТЕТІН ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰУ ТҮЛЕКТЕРІ КҮНІ

28.05.2020

       Құрметті Шығыстану факультетінің түлектері! Сіздерді түлектер күніне арналған жыл сайынғы дәстүрлі кездесуге шақырамыз!
      30 мамыр күні сағат 12.00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультеті жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін «Түлектер күні» мерекесін биыл онлайн форматта өткізеді.

Ары қарай оқу >>