Студенттік өмір

Шығыстану факультеті студент жастарды тәрбиелеу, болашақ мамандар бойларына адамгершілік қасиет қалыптастыруда өте үлкен жұмыстар атқарады. Тәрбие жұмысының ең маңызды бағыты студенттік өзін-өзі басқару және студенттердің белсенділіктерін жоғарлату болып табылады. Шығыстану факультетінің тәрбие ісі жұмысында үлкен үш ұйым жұмыс жасайды. Олар: студенттік мәслихат, студенттік кеңес және «Сұңқар» студенттік кәсіподақ ұйымы. Факультеттің қоғамдық өмірінде студенттер кеңесі, студенттік Мәслихат және студенттердің «Сұңқар» кәсіподақ ұйымы секілді өзін-өзі басқару ұйымдарының рөлі зор. Студенттер үйінде студенттер Кеңесінің ұйымдастыруымен әртүрлі шаралар ұйымдастырылады. Айрықша Конституция күні, Тәуелсіздік күні, Жаңа жыл, Наурыз, Жеңіс күні аталып өтіліп отырады. Кафедра басшылары мен ұстаздары әрдайым студенттер үйіне келіп, студенттермен кездесулер ұйымдастыруды дәстүрге айналдырған. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауы қызу талқыланады.

Тәрбие жұмысының мақсаты: белсенді өмір ұстанымын қалыптастыруға бағытталған адамгершілік құндылықтар негізінде жеке тұлғаның қасиетін қалыптастыру және дамыту

Тәрбие жұмысының негізгі міндеттері:

–       Студентерде жеке тұлға аралық қатынастарды, төзімділікті, өзін-өзі дамыту дағдысын қалыптастыру және олардың шығармашылық қабілеттерін жан-жақты дамыту;

–       Студенттердің физикалық, интеллектуалдық, адамгершілік және рухани дамуы үшін жағдай жасау;

–       Жалпы студент мәдениетін ұлттық мәдениет, әдет-ғұрып, салт-дәстүр арқылы дамыту