Факультет жаңалықтары мен оқиғалары

СТУДЕНТТІК ӨМІР – ҚЫЗЫҚТЫ ӨМІР!

27.11.2020

2020 жылдың 27 қарашасында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті шығыстану факультеті Қиыр Шығыс кафедрасы корейтану бөлімінің 2 курс студенттері «Мен жастарға сенемін!» жобасының аясында 17 қараша – Халықаралық студенттер күніне арналған "Студенттік өмір – қызықты өмір!" атты мәдени-танымдық іс-шара өткізді.

Ары қарай оқу >>

Жемісті ынтымақтастық

26.11.2020

Ұлттық корей тілі институты Оңтүстік Корея тіл саясатын өз елінің аумағында да, шетелде де жүзеге асыруға жауапты. Институттың ана тілін білетіндердің де, шетелдіктердің де корей тілі деңгейін көтеру мақсаты арқасында институт елдер мен университеттер арасындағы ынтымақтастық шекараларын кеңейтіп жатыр.

Ары қарай оқу >>

ӘЛ-ФАРАБИ ТҰЛҒАСЫ ЖАСТАРҒА ҮЛГІ-ӨНЕГЕ ЕТІЛДІ

26.11.2020

2020 жылдың 26 қарашасы күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің шығыстану факультеті Алматы қалалық Білім басқармасының Түрксіб аудандық Білім бөлімімен бірлесе отырып, ұлы ойшыл Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150-жылдық мерейтойына арналған «Әбу Насыр әл-Фарабидің педагогикалық және гуманистік идеялары» атты тақырыпта халықаралық ғылыми-практикалық онлайн-конференция өткізді. Конференцияның мақсаты: әл-Фарабидің ғылыми мұраларына көпшіліктің назарын аудару және ұлы ғалымның тұжырымдамаларын ұлттық құндылықтар ретінде тиімді пайдалану. 

Ары қарай оқу >>

ДІН ТАРИХЫНА КІРІСПЕ (САЛЫСТЫРМАЛЫ ДІНТАНУ): ТАРИХ, ТҰЖЫРЫМДАМАЛАР, ӘДІСТЕР

17.11.2020

Ұлы ойшыл, ғұлама Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығының аясында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Шығыстану факультеті, Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы бастама көтеріп ұйымдастырған араб тілі ұстаздарына, докторанттар мен магистранттарға арналған халықаралық деңгейдегі «Лидерлік дәрістер» сериясы жалғасып келеді.

Ары қарай оқу >>

Әл-Фараби пайымындағы Аристотель логикасының пайдасы

05.11.2020

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Шығыстану факультеті, Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы ұйымдастырып жүрген ұлы ойшыл, ғұлама Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай араб тілі ұстаздарына, докторанттар мен магистранттарға арнап жүргізілетін «Лидерлік дәрістер» сериясы әрі қарай жалғасуда.

Ары қарай оқу >>

АҚПАРАТТЫҚ-ТАНЫМДЫҚ КЕЗДЕСУ

05.11.2020

2020 жылдың 23 қазанында шығыстану факультеті Қиыр Шығыс кафедрасының 2 курс студенттерінің қатысуымен онлайн форматта «Шин сэдэ» үйірмесінің аясында «Ғылыми зерттеулер әдістемесі: ғылыми жобалар дайындау және ғылыми мақала жазу тәжірибесі» тақырыбындағы эдвайзер сағаты өткізілді. 

 

Ары қарай оқу >>

Саха Республикасы ғалымдарымен онлайн кездесу

04.11.2020

Үстіміздегі жылдың 30 қазан күні М.К.Аммосов атындағы Солтүстік-Шығыс Ресей Федеративтік университеті жанындағы Тілдер және мәдениет институт  ұжымы мен Шығыстану факультеті, Түрксой кафедрасының ұжымы арасында онлайн кездесу өтті. Кездесудің мақсаты  Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Сахалардың жетекші университетімен білім-ғылыми кеңістікті дамыту.

 

Ары қарай оқу >>

Рудакиге арналған ғылыми жиын

03.11.2020

2020 жылы 3 қарашада Шығыстану факультеті Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы мен Алматы қаласындағы Тәжікстан Республикасының Бас консулдығы ұйымдастыруымен «Тәжік тілі мен мәдениеті» орталығында «Рудаки – классикалық тәжік-парсы әдебиетінің негізін қалаушы» атты тақырыпта онлайн дөңгелек үстел өтті.

Ары қарай оқу >>

«Лидерлік дәрістер» өз жалғасын табуда

01.11.2020

29 қараша 2020 жыл Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Шығыстану факультеті, Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы ұйытқы болып отырған ұлы ойшыл, ғұлама Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығының аясында араб тілі ұстаздарына, докторанттар мен магистранттарға арнап халықаралық дәрежеде ұйымдастырылған «Лидерлік дәріс» өтті.

Ары қарай оқу >>