Ғылым

Шығыстану факультет қызметiнiң ғылыми бағыттары - Түркия, Иран, Индия, Қытай, Корея, Жапония, Араб елдерінің, тiл бiлу және әдебиеттану, экономикалық және саяси дамытуының қазiргi тенденциялары,тарих сұрақтарының кең спектрлерiн қосады. Зерттеушiлердiң мүдделерi шығыс елдерiндегі Қазақстандағы ұқсас тұрғыларымен салыстырудағы көкейкестi мәселелерiн қамтиды.

Жалпы кафедралардағы ғылыми жұмыстар оқу процесімен тығыз байланысты. Оқытушылар өздерінің жариялаған ғылыми еңбектерін лекцияларында, арнайы курстар мен семинарларда пайдаланады. Сондай-ақ олардың еңбектері факультеттегі студенттердің курстық және диплом жұмыстарында қолданылады.

Сәуiр айында өтетін "Ғылымдар әлемі" атты дәстүрлi университеттiк студенттiк ғылыми мәслихаты студенттерге өзінің тұңғыш тәжірибелерін алуға мүмкiндiк бередi.

  Бiздiң студенттеріміз осы мәслихаттың белсендi қатысушылар болып табыла қоймай, өткiзiлетiн республикалық және халықаралық конференциялардың жеңiмпаздары екен.

Негiзiнде факультеттiң ҒЗЖы қаржымен қамтамасыз етуi шығыс елдерiнiң әр түрлi қорларының гранттардың арқасында, сонымен бiрге жеке деңгейдегi Қазақстан Республикасының Білім Беру Министрлігінің гранті iске асады.

Ғылыми-зерттеу жұмысының құрылымы мен тақырыптық жоспардың мазмұнына тоқталатын болсақ, бұл бағытта тарих, философия, саясат, экономика салалары бойынша барлық кафедраларда зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Атап айтқанда:

Шығыс елдерінің тарихы:

халықаралық қатынастар мәселесі;

мәдениеттану;

этнография;

дінтану;

деректану және қазіргі шығыстанудың тарихнамасы;

Әдебиеттану саласы бойынша:

- Шығыс елдері әдебиетінің даму тарихы мен кезеңдерінің ерекшеліктерін зерттеу;

- Шығыс әдебиетінің белгілі өкілдерінің әдеби мұраларына ғылыми талдау жасау;

- әдеби ескерткіштерді зерттеу;

- Шығыс әдебиетіндегі әдеби жанрлардың даму ерекшеліктерін анықтау;

- қазақ әдебиетінің шығыс әдебиеттерімен өзара байланысын зерделеу;

Лингвистика саласы бойынша:

араб, қытай, жапон, корей, иран, үнді, түрік тілдерінің ерекшеліктерін зерттеу;

-жалпы тіл білімі саласында шығыс тілдерінің алатын орнын анықтау;

шығыс тілдерінің ерекшеліктерін қазақ тілімен салыстыра зерттеу;

Шығыстану факультеті мамандарының ғылыми-зерттеу нысаны шығыс елдерінің мәдениеті мен тарихы, әдебиеті мен тілі, философиясы мен діні сияқты түрлі салаларды зерттеуге бағытталғандықтан, аталған салалар бойынша ұжым бірқатар жетістіктерге қол жеткізді. Есеп беріп отырған кезеңдегі нәтижелер жекелеген ғалымдардың жарияланған жұмыстарынан көрініс тапты.