Факультетке мақтан тұтар түлектеріміздің бірі, Түлектер қауымдастығының төрағасы – Батырхан Құрмансейіт арнайы келді

22.09.2020

Көрулер: 1903

     Шығыстану факультетіне үстіміздегі жылдың 21 қыркүйегінде шығыстанушы, жапонтанушы, халықаралық қатынастар мамандығы бойынша философия докторы Батырхан Құрмансейіт арнайы келді.

     Батырхан Құрмансейіт қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елші қызметін атқаруда.

     Батырхан Құрмансейіт өзі оқыған шығыстану факультетіне арнайы келіп, биылғы әлемдік пандемияға қатысты қашықтан білім беру жүйесіне көшіп отырған факультет ұжымының тыныс-тіршілігімен жақыннан танысып, өзінің қолдау білдіретіндігін айтып, жаңа оқу жылында барша ұжымға табыс тіледі.

     Шығыстану факультетінің деканы Ықтияр Палтөре түлектер қауымдастығының төрағасы ретінде Батырхан Құрмансейіт мырзамен кездесіп, келесі жылы түлектер күніне дайындық шарасын ұйымдастыру мәселесін талқыға салды. Кездесу кезінде Батырхан Құрмансейіт заманға сай «Шығыстанушылар» гимнің мәтіні мен әніне конкурс жариялау туралы ой-пікірімен бөлісті. Факультет ұжымы тарапынан бұл ұсыныс қолдау тауып, келесі айдан бастап алты ай ішінде шығыстану факультетінің түлектеріне арналған «Шығыстанушылар» гимнің мәтіні мен әніне конкурс жарияланатын болды. Конкурстың талаптары мен шарттары жақын арада талқыланатын болып келісілді.

     Кездесу соңында факультет деканы Ықтияр Палтөре арнайы келген түлектер қауымдастығының төрағасы Батырхан Құрмансейіт мырзаға ұжым атынан алғыс білідіріп, жұмыстарына табыс тіледі.