Факультет жаңалықтары мен оқиғалары

Шығыстану факультетінде араб тілін оқыту бойынша халықаралық онлайн-семинар басталды

11.05.2020

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультетінің Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының ұйымдастыруымен Сауд Арабиясы Королдігі әл-Жуф (Al-Jouf University, Saudi Arabia) университетімен бірлескен «Шетелдіктерге заманауи технологияны қолдана отырып араб тілін үйрету» атты халықаралық кезекті семинар басталды.

Ары қарай оқу >>

Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының меңгерушісі студенттермен бірге онлайн кездесу өткізді

07.05.2020

2020 жылдың 3 мамырында Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының басшылығы және оқытушылар құрамы жазғы сессия мәселелеріне байланысты кафедра студенттерімен онлайн кездесу өткізді. Кездесуде емтихан тапсырудың түрлері және техникалық мүмкіндіктері туралы мәселелер қозғалды.

Ары қарай оқу >>

“2020 жыл - Қазақстандағы Еріктілер жылы” тақырыбында 1-курс докторанттарының тәрбие сағаты

24.04.2020

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Шығыстану факультеті, Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының, Түрксой кафедрасының бірінші курс докторанттары студенттер арасында ерікті қозғалысты жандандыру мақсатында студенттермен «2020 - Қазақстандағы еріктілер жылы» тақырыбында бейнеконференция өткізді.

Ары қарай оқу >>

Парсы тілі бойынша халықаралық онлайн-курс басталды

19.04.2020

18-сәуірде Табатабаи университеті, Иран Ислам Республикасының Қазақстан   Республикасындағы Мәдени Өкілдігі және әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті шығыстану факультеті Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы ирантану бөлімінің ұйымдастыруымен   "Парсы тілі мен әдебиеті туралы ғылыми отырыс" атты   халықаралық онлайн-курсы басталды.

Ары қарай оқу >>

"Қазақстан мен Үндістанның көктемгі мерекелері" тақырыбында онлайн тәрбие сағаты

17.04.2020

Әл-фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Шығыстану факультеті Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасы, хинди-урду тілдері бөлімі оқытушылары студенттермен бейне-конференция аркылы "Қазақ халқының салт-дәстүрлерін жаңғырту жұмыстарын күшейтіп, орта және жоғары білім беру мекемелерінде тарих, әдебиет, өлкетану, география, мәдениеттану сабақтарында студенттердің Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілігі мен патриоттығын арттыруға" бағытталған іс-шаралар аясында "Қазақстан мен Үндістанның көктемгі мерекелері" тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.

Ары қарай оқу >>

"Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында өткен ,,Абай Құнанбайұлының өлеңдерін араб тілінде мәнерлеп оқу,, атты онлайн іс-шара

12.04.2020

Сəуірдің 11-жұлдызында "Рухани жаңғыру" бағдарлама аясында " Абай Құнанбайұлының өлеңдерін араб тілінде мәнерлеп оқу" атты Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының 3-курс студенттерімен онлайн іс-шара өтілді.

Ары қарай оқу >>

«Фараби әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясы өтті

06.04.2020

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 2020 жылдың сәуір айының 6-9 күндері аралығында «Фараби әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясы дистанциялық форматта өтті. Конференцияға Қазақстанның және шет елдердің жоғары оқу орындары мен ҒЗИ 35 жасқа дейінгі студенттер, магистранттар және жас ғалымдар қатысты. Қатысушылардың баяндамалары секциялық мәжілістерде 2020 жылдың 6-8 сәуірінде ғылымның әр түрлі саласындағы ғылыми жаңалықтарының теориялық, тәжірибелік және қолданбалы сипаттағы баяндамалары тыңдалды.

Ары қарай оқу >>

«Шығыстану» мамандығы бойынша республикалық студенттік олимпиада өтті

26.03.2020

2020 жылдың 26-27 наурыз аралығында Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Шығыстану факультетінде «5В020900 Шығыстану» мамандығы бойынша республикалық студенттік олимпиада өтті. Олимпиада мақсаты еліміздегі «шығыстану» мамандығы бойынша оқып жатқан студенттердің тіл меңгеру деңгейін көтеру, шығармашылық қабілеттерін дамыту, олардың оқуға деген ынталары мен белсенділіктерін арттыру, дарынды студенттерді іріктеу және қолдау көрсету сонымен қатар жоғарғы оқу-орындары арасындағы байланысты нығайта түсу.

Ары қарай оқу >>

Нашар көрушілер режиміне көшу eyes Iздеу ... Отправить Жылдам Сілтемелер ИЧИКАВА ЖАПОН ҮЙІНДЕГІ ӨНДІРІСТІК ТӘЖІРИБЕ

18.03.2020

Ичикава жапон үйі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті шығыстану факультеті Қиыр Шығыс кафедрасы студенттерінің жыл сайын өндірістік тәжірибеден өтіп жүрген практика базаларының бірі.

Ары қарай оқу >>