ДЕНСАУЛЫҚТЫ САҚТАУ БАСТЫ НАЗАРДА БОЛУҒА ТИІС

21.09.2020

Көрулер: 1823

     Биылғы жаңа оқу жылында факультетіміздің барлық студенттері қашықтан онлайн форматында білім алуға толықтай көшіп отыр. Ал магистранттар мен докторанттардың саны аз болуына байланысты қазірше офлайн форматында сабақ оқуларына мүмкіндік қарастырылған. Десек те көпшілік магистранттардың өтініштері ескеріліп, бүгіннен бастап магистранттар қашықтан онлайн форматында білім алу жүйесіне көшіп отыр.

     18 кыркүйек күні факультетімізге Алмалы ауданының Санитарлы-эпидемиологиялық станциясының бөлім басшысы Шаменов Даурен Жолдыбекұлы, СЭС-ның бас маманы Усенова Акбопе Казиевна және Алмалы ауданы әкімі аппаратының бас маманы Оспан Дәуіт Бақдәулетұлы бастағын жұмыс тобы арнайы келіп, тексеру жүргізді. Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында санитарлық сақтық шараларын қатаң сақтаудың қажеттілігін ескертті. Факультеттің барлық қызметкерлері жұмыс орында бетперде тағып жүруі, ара қашықтықты сақтаудың маңыздылығын түсіндіріп, профилактикалық жұмыс жүргізді.

     Факультет деканы Палтөре Ықтияр Молдатөреұлы арнайы келген қызметкерлерге факультеттің тыныс-тіршілігімен жақыннан таныстырып, жетістіктерімен бөлісті. Факультетте санитарлық сақтық шараларын қатаң сақтауға уәде беріп, денсаулықты сақтау басты назарда болатындығын жеткізді.

     Жанашырлық танытқан Алмалы ауданының Санитарлы-эпидемиологиялық станциясының қызметкерлеріне факультет деканы ұжым атынан ризашылығын білдіріп, алғыс айтты. Осылайша факультетте саламатты өмір салтын сақтауға бағытталған салихалы кездесу өтті.