Факультет жаңалықтары мен оқиғалары

Шетелдік студенттердің қатысуымен жазғы мектеп

14.06.2021

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультеті Түрксой кафедрасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Түркия Республикасының бірнеше университеттерінің (Хаджеттепе университеті, Сивас Жумхуриет университеті, Мугла Сыткы Кочман университеті тб.) «Қазіргі түркі тілдері» кафедрасында білім алып жатқан студенттер, магистранттар мен докторанттардың қатысуымен 2021 жылдың 14 маусым мен 3 шілде аралығында «Қазақ филологиясы және этнографиясы» тақырыбында онлайн форматта жазғы мектеп өтуде.

Ары қарай оқу >>

2021 жылдың 20-21 мамырында "Қазақстан және Шығыс елдері: өткені, бүгіні, болашағы" атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

20.05.2021

2021 жылғы 20-21 мамырда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған "Қазақстан және Шығыс елдері: өткені, бүгіні, болашағы" Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.

Ары қарай оқу >>

Иран Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің Мәдени өкілдігі Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультетінде қонақта

18.05.2021

2021 жылдың мамыр айының 18 күні Иран Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің Мәдени өкілдігінің мәдени істер жөніндегі кеңесшісі Али Акбар Талеби Матин мырза әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Шығыстану факультетінің тыныс-тіршілігімен жақынырақ танысу мақсатында арнайы кездесуге келді. Дәлірек айтқанда, осы факультетте үйретілетін сегіз шығыс тілінің бірі – парсы тілі бөлімінің оқытушылары, студенттері және Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының оқытушы-профессорлар ұжымымен кездесті. Кездесу барысында Шығыстану факультетінің деканы, PhD Ықтияр Палтөре арнайы келген ресми қонақты шығыстану факультетінің бүгінгі тынысымен, оқытушы-профессорлар құрамымен таныстырды. ИИР Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің Мәдени өкілдігінің мәдени істер жөніндегі кеңесшісі Али Акбар Талеби Матин мырза 30 жылдың ішінде екі елдің арасында қалыптасқан ғылыми-мәдени қарым-қатынасты жалғастыру бағытында аянбай жұмыс істейтіндігін мәлімдеді.

Ары қарай оқу >>

Қайырымдылық шара

06.05.2021

2021 жылы  6 мамырда әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану факультетінде Түркия Республикасының Алматы қаласы Бас консулдығының қайырымдылық шарасы өтті.  Айлардың сұлтаны саналатын ораза (рамазан) айында қайырымдылық жасау сауапты істерден болып табылады.

Ары қарай оқу >>

«Діни тәжірибелер, білім беру және цифрландыру: зерттеу әдістері» тақырыбындағы ғылыми семинар

29.04.2021

2021 жылы 29 сәуірде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шығыстану факультетінде «Діни тәжірибелер, білім беру және цифрландыру: зерттеу әдістері» тақырыбында онлайн-ғылыми семинар өтті. Шығыстану факультетінің оқытушылары, жас ғалымдары мен докторанттары қатысқан семинар факультеттің ғылыми қызметі шеңберінде, сонымен қатар «Цифрландыру және COVID пандемия кезіндегі әлеуметтік кеңістікті өзгерту контекстіндегі Қазақстандағы діни институттар мен тәжірибелер» (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі қаржыландыруымен, ҚР БҒМ ГҚ 2020-2021, ЖТН AP08956706, жоба жетекшісі т.ғ.д., Л.Г. Ерекешева) атты жоба аясында өтті.

Ары қарай оқу >>

ШЫҒЫСТАНУ ФАКУЛЬТЕТІНДЕ «ТҮРКІТАНУ» МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША ҚР ЖОО СТУДЕНТТЕРІ АРАСЫНДА ДӘСТҮРЛІ XIII РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДА ӨТТІ

26.04.2021

Сәуірдің 26-27 күндері аралығында университетіміздің Шығыстану факультеті Түрксой кафедрасының ұйымдастыруымен «Түркітану» мамандығы бойынша, ҚР ЖОО студенттері арасында дәстүрлі XIII Республикалық олимпиада өткізілді. Олимпиадаға Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ мен әл- Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 2-4 курс студенттері белсене қатысты.

Ары қарай оқу >>

Қырғыз тілі курсы

23.04.2021

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың шығыстану факультетінде  қырғыз тілі  онлайн курсының  ашылу рәсімі болып өтті. Іс-шараға Қырғыз Республикасының Алматыдағы Бас консулы Алымукулов  Алиясбек және  консул Жакыпов Кайратбек қолдау білдіріп арнайы келді.  Сонымен қоса іс-шараға ыстық ықыласын білдірген "Абай" медалін, Елбасының "Бірлік" алтын белгісін, ассамблеяның "Мейірім" төс белгісін алған, қазақ шығармаларын қырғызша, қырғызды қазақша сөйлеткен Перизат Алмасқызы.  

Ары қарай оқу >>

Түріктің ұлы ақыны Юнус Әмренің есімі ұлықталды

21.04.2021

Халықаралық UNESCO ұйымының шешімімен  2021 жыл Түрік сопылық мектебінің негізін қалаушы, ұлы ақын Юнус Эмренің 780 жылдығына  байланысты «Юнус Әмре жылы» болып жарияланды. 2021 жылдың 21 сәуірінде Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Шығыстану факультеті, Түрксой кафедрасында «Түркі әлеміндегі түріктің ұлы ақыны Юнус Әмренің орны»  атты арнайы ғылыми халықаралық конференция  өтті.

Ары қарай оқу >>