Жаңалықтар

 

 30.04.2020 жылы   12:00   Шетел филологиясы  және аударма ісі кафедрасының басшылығы мен студенттер арасында 2019-2020 жылы жазғы экзаменнің өту ережелерін түсіндіру және сұрақтарды талқылауға бағытталған вебинар өтеді 

 

 

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

23 Қараша күні сағат 15:00 де Аль-Фараби атындағы ҚазҰУ-де Көрнекті әдебиетші ғалым, ұстаз, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Жоғары мектеп Ұлттық ғылым академиясының, Қазақстан Республикасы Білім академиясының, Халықаралық Жоғары мектеп ғылым академиясының, Халықаралық Айтматов академиясының академигі Жаңғара Дәдебаевтың 70 жылдығына арналған “XXI ғасырдағы филология ғылымдары: Ұлттық код және көркемдік таным” атты Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференциясы өтеді.

 

12-13 ақпан күндері Филология және әлем тілдері факультетінде Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына арналған «білім беруді цифрландыру жағдайындағы Әл-Фарабидің педагогикалық тұжырымдамасының заманауи интерпретациясы» атты 50-Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференциясы өтті. Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының жұмыс берушісі Ұлттық аударма бюросының ғылыми редакторы Мұхамадиев Дәурен «Аудармашының тіларалық және мәдениетаралық коммуникациядағы рөлі» деген баяндама жасады. Баяндамада цифрландыру жағдайындағы аудармашының рөлі, атқара қызметтерінің өзектілігі туралы айтып өтті.