7M01504 – Биология

 

Білім беру бағдарламасының атауы

7M01504 – Биология

Білім саласы

7М01 Педагогикалық ғылымдар

Дайындық бағыты

7М015 Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдерді даярлау

Білім беру бағдарламаларының тобы

M014 Биология мұғалімдерін дайындау

БББ мақсаты

Білім беру саласында оқытушы және оқу-ғылым орталықтарында ғылыми қызметкер ретінде жұмыс жасау мақсатында биология, психология және педагогика бойынша жүйелі білімді меңгерген, сонымен қатар жаратылыстану ғылымдарының қазіргі жетістіктері туралы тұтас түсінігі қалыптасқан жоғары білікті мамандар дайындау.

Оқыту тілі

Қазақ, орыс

Кредиттердің көлемі

120

Берілетін академиялық дәреже

«7M01504 – Биология» білім беру бағдарламасы бойынша ғылым магистрі

Оқытудың нәтижесі

Түлек осы бағдарламаны оқып шыққаннан кейін мынадай қабілеттіліктерге ие болады:

ОН 1. Биология саласындағы алған білімдерін білім беру биологиясының жаңа мәселелерін тұжырымдау және шешу үшін пайдалану;

ОН 2. Қазіргі педагогикалық теорияларды, биологияны оқытудың дидактикалық принциптерін қолдану.

ОН 3. Білім беру процесінде биологиялық пәндерді оқытуды ұйымдастырудың инновациялық және интерактивті технологияларын, әдістерін, құралдары мен нысандарын пайдалану.

ОН 4. Мүмкіндігі шектеулі балаларға (МШБ) биологиядан инклюзивті білім беруді ұйымдастыру.

ОН 5. Білім беру саласындағы ұйымдарда биологиялық пәндер бойынша оқу сабақтарының жекелеген түрлері (зертханалық, практикалық және семинарлық сабақтар) бойынша білім беру қызметін жоспарлау, ұйымдастыру және практикалық жүзеге асыру бағдарламаларын жүйелі түрде ұсыну.

ОН 6. Білім берудің сапа көрсеткіштерін бағалай отырып, білікті педагогикалық кадрларды іріктеу, білім беру саласындағы ұжымды басқару.

ОН 7. Білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына жетекшілік ету, ғылыми зерттеудің мақсаттары мен міндеттерін тұжырымдау, тиісті әдіснаманы таңдау, қолда бар ақпаратты өз бетінше талдау, іргелі мәселелерді шешу немесе жаңа іргелі проблемаларды анықтау, кабинеттер мен зертханаларды заманауи жабдықтармен жарақтандыру.

ОН 8. Ғылыми-педагогикалық дүниетанымды қалыптастыру үшін биология ғылымдарының тұжырымдамаларын қолдану.

ОН 9.  Жаңа ақпараттық технологияларды өз бетінше меңгере отырып, биология саласындағы мәселелерді шешу үшін тәжірибелік биологиялық ақпаратты жинақтау, сақтау, өңдеу, талдау және білім беру үшін қазіргі заманғы компьютерлік технологияларды (IТ) оқуда, білімді бақылауда қолдану.

ОН 10. Жұмыстың сапасына және алынған нәтижелердің ғылыми сенімділігіне жауап бере отырып, қазіргі заманғы жабдықтарды пайдалана отырып, нақты мәселелерді шешуде далалық және зертханалық биологиялық зерттеулер жүргізу.

ОН 11. Кәсіптік мақсаттар үшін байланысты ғылымдардың деректерін қолдана отырып, ғылымдарды іс жүзінде интеграциялауды жүзеге асыру.

ОН 12. Кәсіби қызметтегі адамдар арасындағы әлеуметтік-мәдени айырмашылықтарды ескере отырып, жұмыста болатын стандартты емес жағдайларға икемді бейімделе отырып, әріптестермен және басшылықпен кәсіби қарым-қатынастарды құру.

Оқуға түсуші талапкерлер үшін

https://welcome.kaznu.kz/en/education_programs/magistracy/speciality/1494 

Академиялық қызмет

"Биология" мамандығы бойынша академиялық жұмыстар ҚР ішінде және Халықаралық бағдарламалар (DAAD, ERASMUS және т. б.) бойынша жүзеге асырылады.

Ғылыми қызмет

Кафедраның ғылыми мектептері немесе ғылыми бағыттары:

Биофизика, биомедицина және нейроғылым кафедрасында биология, хронобиология, адам физиологиясы мен биофизикасы, биомедицина, жасөспірім физиологиясы және еңбек физиологиясы пәндерін оқыту әдістемесі бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіледі.

Кафедрада халықаралық деңгейде танылған ғылыми мектептер жұмыс істейді: хронофизиология бойынша профессор С.Т. Төлеуханов мектебі және биофизика бойынша профессор В. М. Инюшин мектебі. 

Халықаралық қызмет

Ғылыми мектептер немесе кафедраның ғылыми бағыттары (ғылыми жобалар):

Дрексел университеті (Филадельфия, АҚШ), Бен-Гурион университеті (Израиль), ММУ, Халықтар Достығы университеті, Томск Университеті (Ресей) және басқа да шетел университеттерімен халықаралық байланыс орнатылған.

Сапаны қамтамасыз ету (аккредиттеу, рейтинг, жұмыс берушілермен жұмыс)

ББ Аккредитациясының болуы: халықаралық аккредиттеу

Аккредиттеу органының атауы: ASIIN

Аккредиттеу мерзімі: 30.09.2022.

     Білім беру бағдарламалары рейтингісінің қорытындысы бойынша ҚР ЖОО арасында орын алады:

АРТА- 3 орын

ББСҚТА- 1 орын

Пәндер каталогы Пәндер Каталогы..pdf