7М05104 – IT-Генетика

Білім беру бағдарламасы

7М05104 – IT-Генетика

Білім саласы

7М05 – Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика

Дайындық бағыты

7М051 – Биологиялық және сабақтас ғылымдар

Білім беру бағдарламасының тобы

М081 - Генетика

Мақсаты

Бағдарлама жалпы және молекулалық генетика саласындағы теориялық білімдері бар, практикалық генетика саласында бағдарламалық қамтамасыз етуге, генетикалық мониторингке, генетикалық зерттеуледің деректер қорына және көпфакторлы статистикалық бағдарламалық әдістерге ие болатын;     генетика, биология, биомедицина, биотехнология, экология, криминалистика, гендік қорды сақтау және есепке алу және IT-генетик маманның білімі мен дағдыларын талап ететін кәсіби қызметтің басқа салаларында тәжірибелік міндеттерді орындауға қабілетті маманды даярлауға бағытталған.

Оқыту тілі

қазақ, орыс, ағылшын

Кредиттердің көлемі

120

Берілетін академиялық дәреже

Магистр

Оқыту нәтижелері

ОН1 - Жалпы және молекулалық генетиканың, экологиялық және медициналық генетиканың заманауи жетістіктерін бағалау және оларды ғылыми және практикалық жұмысында пайдалану;

ОН2 - Тірінің ұйымдасуының әртүрлі деңгейлеріндегі биожүйелердің генетикалық заңдылықтары мен механизмдерін ИТ-технологиялар негізінде модельдеу;

ОН 3 - Ақпараттық технологияларды, соның ішінде интернет-технологияларды пайдалана отырып, зерттеу тақырыбына қатысты ғылыми-техникалық және патенттік ақпаратты талдау;

ОН 4 - Геномның функциялық және тұқым қуалауының; канцерогенез және орта факторлардың әсерінде гендердің өзгеру механизмінің; ба,ана клеткалардың дифференциалану кезіндегі эпигенетикалық механизмдерді талдау;

ОН 5 - Биомедицина, ауыл шаруашылық, биотехнология, табиғатты қорғау, палеонтологияның практикалық міндеттерін шешу үшін жалпы және молекулалық генетика әдістерін қолдану;

ОН 6 - Биомедицина, ауыл шаруашылық, биотехнология және экологияның практикалық міндеттерін шешу үшін генетикалық деректер базасын жобалау және бағдарламалық қамтамасыз етуді өндеу;

ОН 7 - Қолданбалы генетика үшін жинақталған кластерлердегі параллельді бағдарламаларды жинақтау және жинақтаудың ресурстық құндылықтарына қолжетімділік құралдарын қолдану;

ОН 8 - Өсімдіктер мен жануарлардың селекциясында практикалық міндеттерді шешу үшін ғылыми-практикалық зерттеулердің статистикалық талдауының R бағдарламалық әдістемесін және модельдеу әдістерін қолдану;

ОН 9 - Мутациялық, популяциялық және эволюциялық үдерістердің математикалық модельдеу көмегімен кешенді, сонымен бірге пәнаралық, зерттеулерді жобалау және жүзеге асыру;

ОН 10 - Генетика және ақпараттық технологиялар салаларында пәнаралық   байланысын арттыру үшін ғылыми-практикалық идеяларын жинақтап іске асыру;

ОН 11 - Интерактивтік әдістерді, формаларды және оқыту құралдарын пайдалану арқылы оқу үрдісіне қосылуға арналған оқу бағдарламаларын әзірлеу;

ОН 12 - Кәсіби және жеке, өз-өзімен білім алу негізінде жаңа білімдерді қалыптастыруды ынталандыру, қоғамды және ғылымды дамытуға жәрдемдесу; командада жұмыс атқару.

Оқуға түсуші талапкерлер үшін

https://welcome.kaznu.kz/kz/education_programs/magistracy/speciality/1768