7M05102 – Биомедицина

Білім беру бағдарламасының атауы

7M05102 – Биомедицина

Білім саласы

7M05 Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика

Дайындық бағыты

7M051 Биологиялық және сабақтас ғылымдар

Білім беру бағдарламаларының тобы

M080 Биология

БББ мақсаты

Пәнаралық жоғары білікті биомедицина магистрін, жоғары оқу орындарының ғылыми және білім беру саласында жұмыс істей алатын маманды даярлау. Бағдарлама жаңа міндеттерді тұжырымдай алатын, зерттеу тақырыптарының өзектілігін дербес анықтай алатын, биомедицина саласындағы жаңа теориялардың терең заманауи білімдерін түсіндіре және жинақтай алатын маманның кәсіби тұлғасын қалыптастыруға бағытталған; ғылыми зерттеулерді өз бетінше жүзеге асыру және сабақтас ғылыми салалардағы білімін меншікті ғылыми зерттеу контекстіне интеграциялау, оларды жинақтау және мамандарға да, маман еместерге де ұсыну; норма мен патология кезінде ағза қызметінің негізгі заңдылықтарын зерттеудің инновациялық әдістерін игеруге қабілетті; оқытудың классикалық және инновациялық әдістері негізінде білім беру үдерісінің нәтижелілігін қамтамасыз ету, сондай-ақ одан әрі оқыту мен ғылыми-зерттеу қызметінің жеке бағдарламасын құру.

Оқыту тілі

Қазақ, Орыс, Ағылшын

Кредиттердің көлемі

120

Берілетін академиялық дәреже

«7M05102 – Биомедицина» білім беру бағдарламасы бойынша жаратылыстану магистры

Оқытудың нәтижесі

Түлек осы бағдарламаны оқып шыққаннан кейін мынадай қабілеттіліктерге ие болады:

 

ON1.   Биомедициналық бағыттағы ғылыми-зерттеу зертханаларында, тәжірибелік денсаулық сақтау мекемелерінде, фармакологиялық және биотехнологиялық орталықтарда биожүйелердің ғылыми және медициналық-биологиялық зерттеулерін ұйымдастыру.

ON2. Биомедициналық зерттеулердің қазіргі заманғы әдістемелерін қолдану, жетекші биомедициналық бағыттар контексінде биология және медицина саласында зерттеулер жүргізу үшін қазіргі заманғы аппаратураны әзірлеу және апробациялау.

ON3. Қазіргі заманғы биомедициналық жабдықта жұмыс істеу, еңбек қызметінде заманауи медициналық-биологиялық, зерттеу, ақпараттық және ұйымдастырушылық технологияларды пайдалану, медицинамен байланысты пәнаралық салалар шеңберінде биомедициналық мәселелерді білу, түсіну және шешу қабілеттіліктерін қолдану.

ON4. Тірі жүйелердегі биологиялық үдерістерді зерттеудің интегративті әдістерін қолдана отырып, зерттеу жоспарын жасаудан бастап түпкілікті нәтижелер мен қорытындылауға дейін ғылыми эксперименттер жүргізу.

ON5. Таңдалған зерттеу тақырыбының өзектілігін дәлелдеу, заманауи биомедицинаның әртүрлі бағыттары контекстінде ғылыми зерттеудің мәселелері мен міндеттерін өз бетінше тұжырымдау, зерттеу кезеңдерін анықтау, ғылыми-зерттеу мәселесінің технологиялық шешімдерін табу.

ON6. Компьютерлік модельдеу әдістерін және ғылыми зерттеулер нәтижелерін теориялық талдау әдістерін меңгеру, организмнің функционалдық жағдайын диагностикалау үшін биомедициналық зерттеулердің алынған нәтижелерін бағалау және түсіндіру, организм функцияларының бұзылу себептерін түсіндіру.

ON7. Жеке органдар мен жүйелердің жұмыс істеу заңдылықтарын талдау, сәтті емдеу және диагностикалық қызмет үшін адам ағзасының функционалды жағдайын бағалаудың негізгі әдістерін қолдану.

ON8. Зертханалық талдаулар мен зерттеулер негізінде функционалдық жағдайлардың алдын алу мақсатында бұзушылықтардың дамуын болдырмауға немесе пайда болған патологиялық жағдайларды жоюға (толық немесе ішінара) бағытталған іс-шаралар кешенін ұсыну.

ON9. Тірі табиғатқа жауапкершілікпен қарауды қамтамасыз ететін негізгі биоэтикалық принциптердің, заңнамалық және нормативтік құжаттардың мәнін сақтау, жалпы қабылданған гуманистік, моральдық-адамгершілік нормалар мен мінез-құлық қағидаттарына сәйкес нақты жағдайда шешім қабылдау.

ON10. Педагогикалық және әдістемелік ғылымның дамуындағы перспективалық үрдістерді, жаратылыстану және биология ғылымдарын оқытудың қазіргі заманғы әдістемелерін ұсыну, жоғары мектепте биологиялық және медициналық пәндерді оқытудың инновациялық және интерактивті технологиялары мен әдістемелерін пайдалану.

ON11. Жаратылыстану ғылымдарын оқыту саласындағы технологияларды, оқытудың заманауи әдістері мен тәсілдерін, жоғары мектептегі білім беру үдерісіне пайдаланылатын әртүрлі әдіснамалық тәсілдерді жіктеу және қолдану, жеке тәжірибеде жаратылыстану мен медицинаның негізгі тұжырымдамалары туралы білімді таратудың заманауи зерттеу құралдары мен инновациялық технологияларын қолдану.

ON12. Биомедициналық және педагогикалық салаларда қызметті жүзеге асыру және жоғары бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ете отырып, өзінің кәсіби өсуі мен бүкіл кәсіби мансабы бойында даму траекториясын құру кезінде өзіндік ерекшелігі мен шығармашылығын көрсету, осы мамандықтың дамуына өзіндік үлес қосу (диссертация).

Оқуға түсуші талапкерлер үшін

https://welcome.kaznu.kz/kz/education_programs/magistracy/speciality/1498

Академиялық қызмет

Кәсіптік қызмет саласында кадрлар даярлау мынадай қызмет түрлерін, кәсіптерді, біліктілік деңгейлерін (кәсіптік стандартқа сәйкес қызмет түрлерін сипаттау) қамтиды:

  • ғылыми қызметке
  • ЖОО-да зертханашы, техник, ғылыми-зерттеу институттарында, санитарлық-эпидемиологиялық станцияларда зертханашы;
  • техник, зертханашы-зерттеуші:

-   биотехнологиялық,

- фармакологиялық және фармацевтикалық зерттеулер,

- қоршаған ортаны қорғау,

- медициналық диагностика (биохимия, вирусология, микробиология, молекулалық биология, генетика)

  • экологиялық қызметтер мен ұйымдардағы маман.

Ғылыми қызмет

Биофизика, биомедицина және нейроғылым кафедрасында адам физиологиясы мен биофизикасы, биомедицина, нейроғылым, жас ерекшелік физиологиясы және еңбек физиологиясы, хронобиология салалары бойынша зерттеулер жүргізіледі.

Түлек биологиялық және медициналық бағыттағы ғылыми-зерттеу институттарында, тәжірибелік денсаулық сақтау мекемелерінде қызмет етуге дайын. Физиология, медициналық биохимия, генетика, биофизика, нанотехнология саласында теориялық білімді және биомедицина, эксперименттік онкология, радиобиология саласында зерттеу әдістерін, адам мен жануарлардың жасушаларын, тіндерін, органдары мен ағзаларын биохимиялық және биофизикалық зерттеу әдістерін меңгерген. Докторантурада оқуды жалғастыруға, сондай-ақ биомедициналық зерттеулердің қазіргі заманғы әдістемелерін игеруге және адам ағзасын зерттеуге арналған қазіргі заманғы аппаратураларды әзірлеуге және сынақтан өткізуге қатысуға дайын.

Халықаралық қызмет

Ғылыми мектептер немесе кафедраның ғылыми бағыттары (ғылыми жобалар):

Дрексел университеті (Филадельфия, АҚШ), Бен-Гурион университеті (Израиль), ММУ, Халықтар Достығы университеті, Томск Университеті (Ресей) және басқа да шетел университеттерімен халықаралық байланыс орнатылған.

Сапаны қамтамасыз ету (аккредиттеу, рейтинг, жұмыс берушілермен жұмыс)

"Биомедицина" мамандығы бойынша білім беру бағдарламасы топ 200 жоғары оқу орындары қоятын талаптарға сәйкес әзірленген. Білім беру бағдарламасы құзыреттілік тәсіл негізінде модульдік принцип бойынша құрылған. Оқытылатын пәндердің көлемі мен тізімі бойынша білім беру бағдарламасы шетелдік бағдарламаларға ұқсас. Оқытуда ең жақсы заманауи білім беру әдістері қолданылады, олардың ішінде іскерлік ойындар, тренингтер, сонымен қатар жеке және командалық жұмыс.

Бағдарлама түлектерін болашақта жұмысқа орналастыру үшін негізгі жұмыс берушілер мыналар болып табылады:

  1. Адам және жануарлар физиологиясы ҒЗИ
  2. Онкология және радиология ҒЗИ
  3. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы ББМ ҒЗИ
  4. Тамақтану академиясы
  5. Биологиялық бейіндегі ғылыми-зерттеу мекемелері,
  6. Кереметтегі "Smart Health" диагностикалық медициналық орталығы
  7. ПущГЕНИ.