7M05103 – Биофизика

Білім беру бағдарламасының атауы

7M05103 – Биофизика

Білім саласы

7M05 Жаратылыстану, математика және статистика

Дайындық бағыты

7M051 Биология және сабақтас ғылымдар

Білім беру бағдарламаларының тобы

М080 Биология

БББ мақсаты

Жоғары оқу орындарының ғылыми және білім беру саласы үшін пәнаралық маманды сапалы дайындау. Бағдарлама биофизика саласындағы соңғы теориялар бойынша терең заманауи білімді түсіндіруге және жалпылауға қабілетті маманның кәсіби тұлғасын қалыптастыруға бағытталған; ғылыми зерттеулерді өз бетінше жүзеге асыруға және сабақтас ғылыми салалардағы білімді өзінің ғылыми зерттеулерінің контекстіне біріктіруге; оларды жалпылау және мамандарға да, маман еместерге де ұсыну; оқытудың классикалық және инновациялық әдістері негізінде оқу үдерісінің тиімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ одан әрі білім беру және ғылыми-зерттеу іс-әрекеті үшін өз бағдарламасын құру.

Оқыту тілі

Қазақ, орыс, ағылшын

Кредиттердің көлемі

120

Берілетін академиялық дәреже

«7M05103 – Биофизика» білім беру бағдарламасы бойынша жаратылыстану ғылымдарының магистрі

Оқытудың нәтижесі

Түлек осы бағдарламаны оқып шыққаннан кейін мынадай қабілеттіліктерге ие болады:

 

ON1. Тірі жүйелер тіршілігінің белгілі биологиялық және биофизикалық заңдылықтарын және оларда болып жатқан процестерді түсіндіре білу, олардың қалыптасу, жүзеге асу және даму механизмдерін талдай білу;

ON2. Лабораториялық тәжірибелер көмегімен әртүрлі биологиялық процестерді, құбылыстарды зерттеу және зерттеу әдістерін математикалық талдау әдістерін қолдана отырып меңгеру, биофизикалық, химиялық және физиологиялық процестердің байланысын анықтау;

ON3. Биофизикалық зерттеулердің заманауи әдістерін меңгеру қабілетін көрсету және адам ағзасының жүйелерін зерттеу үшін қолданылатын заманауи жабдықтарды әзірлеуге және сынауға қатысу;

ON4. Зерттелетін биологиялық процестер мен құбылыстар саласында эксперименттік зерттеулер жүргізу, биофизикалық теориялар мен әдістерді жетілдіру және дамыту;

ON5. Күрделілігі әртүрлі тірі ағзалардағы зерттелетін құбылыстардың механизмдерін түсіндіру негізінде жатқан теорияларды түсіндіру және талдау;

ON6. Ғылыми-техникалық ақпаратты өз бетінше іздестіру, ғылыми ақпаратты талдау және жалпылау, сонымен қатар өз зерттеулерінде мақсаттарды тұжырымдап, оған жету жолдарын таңдауды анықтай алу;

ON7. Қоғамдық дамудың қазақстандық моделінің табысты факторларын жалпылау және өзіндік зерттеулерін ұйымдастыру үшін ғылыми, тарихи-философиялық білімді еркін түсіндіру және шығармашылықпен пайдалану;

ON8. Эксперименттік зерттеулерге де, олардың нәтижелерін практикалық пайдалану және енгізу бойынша жұмыстарға да қатысу.

ON9. Өз бетінше зерттеу әдістерін меңгеру, ғылыми жарияланымның нәтижелерін түсіндіру, сонымен қатар оларды магистрлік диссертация түрінде қорғауға ұсыну.

ON10. Кәсіби мақсаттарға жету үшін әріптестермен тиімді ынтымақтастықты құру және жеке тұлғаның шығармашылық қабілеттерін ашуға жағдай жасай білу;

ON11. Осы ғылыми жұмыстарды халықаралық беделді ғылыми журналдарда жариялау үшін қажетті ғылыми-техникалық құжаттама мен есептерді дайындау;

ON12. Белгілі бір салада іс-әрекетті жүзеге асыруда және кәсіби қызмет барысында кәсіби өсу мен даму траекториясын құруда өзіндік ерекшелігі мен шығармашылық ойлауын көрсете білу, олардың жоғары бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету.

Оқуға түсуші талапкерлер үшін

https://welcome.kaznu.kz/kz/education_programs/magistracy/speciality/1502

Академиялық қызмет

Биофизика магистратурасының түлектері келесі кәсіби қызметтерді жүзеге асыра алады:

  1. ғылыми қызметкер,
  2. зертхана маманы;
  3. зертханашы
  4. биофизик-оқытушы,
  5. жоғары оқу орындарының оқу-көмекші персоналының маманы

Білім беру бағдарламасы ASIIN агенттігінің 2017 ж. халықаралық аккредитациясынан өтті.

НААР және НКАОКА рейтингісінің қорытындысы бойынша білім беру бағдарламасы 1 орынға ие.

Білім беру бағдарламасын жүзеге асыру үшін факультетте тиісті мамандандырылған зертханалар бар.

Практика базалары:

  • ·         Адам және жануарлар физиологиясы ҒЗИ,
  • ·         Онкология және радиология ҒЗИ,
  • ·         әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Биология және биотехнология проблемары ҒЗИ,
  • ·         Биологиялық, ауылшаруашылық бейіндегі ғылыми-зерттеу мекемелері және агроөнеркәсіптік орталықтар, диагностикалық және медициналық орталықтар.
  • ·         «Керемет» СҚО орналасқан "Smart Health" диагностикалық медициналық орталығы
  • ·         Алматы қ. лицейлері мен колледждері.

Кадрлық потенциал:

Мамандық бойынша даярлауды 64 оқытушы жүзеге асырады, оның ішінде:

  • ·         ғылым докторлары           21
  • ·         ғылым кандидаттары       34
  • ·         PhD докторлары               10
  • ·         Магистрлер                       2

мамандық бойынша ОПҚ дәрежелілігі %     88 %

Атақтары бойынша 1 – ҚР ҰҒА академигі, 1 – ЖМ ҰҒА академигі, 3 – профессор; 1 – ҚазҰУ профессоры, 6 – доцент; 6 – ғылым докторы; 2 – PhD докторлары, 15 – ғылым кандидаты.

Сабақтар 2 тілде (мемлекеттік және орыс тілдерінде) өткізіледі.

Барлық дәрістік курстарды оқуды тек ғылыми атағы мен дәрежесі бар оқытушылар ғана қамтамасыз етті.

Қазіргі уақытта кафедраның ОПҚ және оқу-көмекші қызметкерлерінің құрамы кафедраның барлық пәндері бойынша тиісті ғылыми-әдістемелік деңгейде жоғары тиімді сабақтар өткізуді қамтамасыз етеді. Академиялық ұтқырлық ҚР ішінде және Халықаралық бағдарламалар (DAAD, ERASMUS және т.б.) бойынша жүзеге асырылады.

Ғылыми қызмет

Кафедраның ғылыми мектептері немесе ғылыми бағыттары:

Биофизика және биомедицина кафедрасында адам физиологиясы мен биофизикасы, жас ерекшелік физиологиясы мен еңбек физиологиясы, биологияны оқыту әдістемесі мен хронобиология бойынша зерттеулер жүргізіледі.

Кафедрада халықаралық деңгейде танылған ғылыми мектептер жұмыс істейді: профессор С.Т. Төлеухановтың хронофизиология бойынша мектебі және профессор В.М. Инюшиннің биофизика бойынша мектебі.

Халықаралық қызмет

Ғылыми мектептер немесе кафедраның ғылыми бағыттары (ғылыми жобалар):

Дрексел университеті (Филадельфия, АҚШ), Бен-Гурион университеті (Израиль), ММУ, Халықтар Достығы университеті, Томск Университеті (Ресей) және басқа да шетел университеттерімен халықаралық байланыс орнатылған.

Сапаны қамтамасыз ету (аккредиттеу, рейтинг, жұмыс берушілермен жұмыс)

Шетелдік жоғары оқу орындарының ұқсас бағдарламаларымен салыстыру жүргізілді:

Білім беру бағдарламасы Қазақстанның сұранысқа білім беру бағдарламаларының қатарына кіреді, ал оқылатын пәндердің көлемі мен тізбесі бойынша шетелдік бағдарламаларға ұқсас. Сабақ барысында іскерлік ойындар, тренингтер, сондай-ақ жеке және командалық жұмыс үйлесімі бар үздік заманауи білім беру әдістемелері қолданылады.

Білім беру бағдарламасының ерекшелігі пәндерді таңдау арқылы жеке оқу траекториясын құру мүмкіндігі болып табылады.