7М05107 – Генетика (1,5 жыл)
Білім беру бағдарламасы |
7М05107 – Генетика (1,5 жыл) |
Білім саласы |
7М05 – Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика |
Дайындық бағыты |
7М051 – Биологиялық және сабақтас ғылымдар |
Білім беру бағдарламасының тобы |
М081 - Генетика |
БББ мақсаты |
Бағдарлама жалпы және молекулярлық генетика саласындағы кәсіптік білімі бар, далалық және зертханалық жағдайларда генетикалық зерттеулер жүргізудің практикалық дағдылардымен бәсекеге қабілетті; биология, биомедицина, биотехнология, экология, археогенетика, криминалистика және генетик маманның білімі мен дағдыларын талап ететін кәсіби қызметтің басқа салаларында тәжірибелік міндеттерді орындауға қабілетті маманды даярлауға бағытталған. |
Оқыту тілі |
қазақ, орыс, ағылшын |
Кредиттердің көлемі |
90 |
Берілетін академиялық дәреже |
Магистр |
Оқыту нәтижелері |
ОН1 - Организмнің іргелі қасиеттерінің - тұқым қуалаушылық және өзгергіштіктің, дамудың молекулалық, клеткалық, организмдік деңгейлерінде қалыптасуының генетикалық заңдылықтарын талдау; ОН2 - Генетикалық талдау, генетикалық және хромосомалық инженерия, археогенетика, генофонд пен табиғи жүйелерді сақтау қағидаттарын кәсіби қызметінде қолдану; ОН 3 - Іргелі және қолданбалы генетика үшін тәжірибелік зерттеуде объективті нәтижелер алу мақсатында жалпы және молекулалық генетиканың жоғары ақпараттық әдістерін қолдану; ОН 4 - Кешенді, сонымен бірге, пәнаралық зерттеулердің жобаларын құрастыру және оларды енгізу; ОН 5 - Зерттеу және өндірістік қызметті тиімді орындау және орындалатын жұмыстардың сапасына жауапты болу; ОН 6 - Әр түрлі деңгейдегі конференциялар мен семинарларда ғылыми және тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін көрсету және талқылау; ОН 7 - Этикалық және құқықтық нормаларды құрметтеу және биоэтика қағидаларын ұстану барысында ғылыми-зерттеу және өндірістік жұмыстарды орындау; ОН 8 - Үздіксіз өз-өзімен білім алу негізінде болашақ кәсіби мансапты жобалауды жүзеге асыру; команданың корпоративтік рухын қолдау. |
Оқуға түсуші талапкерлер үшін |
https://welcome.kaznu.kz/kz/education_programs/magistracy/speciality/1810 |