7М05105 - Генетика

Білім беру бағдарламасы

7М05105 - Генетика

Білім саласы

7М05 – Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика

Дайындық бағыты

7М051 – Биологиялық және сабақтас ғылымдар

Білім беру бағдарламасының тобы

М081 - Генетика

БББ Мақсаты

Бағдарлама жалпы және молекулярлық генетика саласындағы теориялық білімдерімен, далалық және зертханалық жағдайларда генетикалық зерттеулер жүргізудің практикалық дағдыларымен бәсекеге қабілетті; биология, биомедицина, биотехнология, экология, палеонтология және генетик маманның білімі мен дағдыларын талап ететін кәсіби қызметтің басқа салаларында тәжірибелік міндеттерді орындауға қабілетті маманды даярлауға бағытталған.

Оқыту тілі

қазақ, орыс, ағылшын

Кредиттердің көлемі

120

Берілетін академиялық дәреже

Магистр

Оқыту нәтижелері

ОН1 - Молекулалық, клеткалық, организмдік және популяциялық деңгейдегі биожүйелердің тіршілігінің генетикалық заңдылықтарын талдау;

ОН2 - Молекулалық-генетикалық, эпигенетикалық, популяциялық, эволюциялық өзгергіштіктің пайда болу себептері мен механизмдерін түсіндіру;

ОН 3 - Микроорганизмдердің жоғары өнімді штаммдарын, өсімдіктер сорттарының және жануарлар қол тұқымдарының жаңа түрлерін жасау үшін, сонымен қатар, тқұымқуалаушылық ауруларды емдеуге, қоршаған ортаның генетикалық мониторингне генетикалық тәсілдерді қолдану;

ОН 4 - Биологиялық, медициналық, ауылшаруашылық және басқа да көптеген ғылымдар саласында қазіргі заманғы молекулалық-генетикалық әдістерді қолдану;

ОН 5 - Репрезентативті және түпнұсқалық зерттеулер нәтижелердің негізінде қорытындыларды және практикалық ұсыныстарды тұжырымдау;

ОН 6 - Информатика технологияларын, соның ішінде интернет-технологияларды қоса алғанда, ғылыми-техникалық және патенттік ақпаратты сараптау, талдау және іске асыру;

ОН 7 - Сандық технологияларды, интерактивтік әдістерді, формаларды және оқыту құралдарын пайдалану арқылы студенттік-бағдарланған негізінде теориялық және қолданбалы пәндерді қамтамасыз ету;

ОН 8 - Биология, медицина, биотехнология, экология және ауыл шаруашылық саласындағы іргелі және қолданбалы мәселелерді талдау негізінде кешенді зерттеулер мен жобаларды іске асыру;

ОН 9 - Этикалық және заңды нормалар мен биоэтики нормаларын есепке алу негізінде кәсіби қызметін жоспарлау;

ОН 10 - Биоәртүрлілік және адам денсаулығын қорғау және сақтау жөніндегі ғылыми-зерттеу жұмыстарының және моральдық жауапкершіліктің сапалы орындалуын қамтамасыз етудің жеке жауапкерші болу;

ОН 11 - Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жоспарлау және өзінің зерттеу жұмысының нәтижелерімен ғылыми қоғамды таныстыру;

ОН 12 - Ғылыми-зерттеу жобаларды ұсыну, ғылыми гранттарға өтінімдерді ресімдеу, кәсіптік өсу үшін кәсіби ретінде және өз-өзімен білім алу; командада жұмыс жасау.

Оқуға түсуші талапкерлер үшін

https://welcome.kaznu.kz/kz/education_programs/magistracy/speciality/1509

Академиялық қызмет

 

Ғылыми қызмет

 

Халықаралық қызмет

 

Сапаны қамтамасыз ету (аккредиттеу, рейтинг, жұмыс берушілермен жұмыс)