7M05101 – Биология

 

Білім беру бағдарламасының атауы

7M05101 – Биология

Білім саласы

7М05 – Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика

Дайындық бағыты

7М051 – Биологиялық және сабақтас ғылымдар

Білім беру бағдарламаларының тобы

М080 – Биология

БББ мақсаты

Бағдарлама ғылыми-зерттеу, табиғатты қорғау, медициналық, санитарлық-эпидемиологиялық, ауыл шаруашылығы, оқу мекемелері мен өндірістік кәсіпорындарда өз білімдері мен дағдыларын тиімді іске асыруға және қолдануға мүмкіндік беретін, жалпы биология, экология, биомедицина, биотехнология саласында кәсіби және жеке құзыреттерге, зерттеу және талдау дағдыларына, іргелі білімге ие жоғары білікті биолог-мамандарды даярлауға бағытталған.

Оқыту тілі

Қазақ, орыс, ағылшын

Кредиттердің көлемі

120 академиялық кредиттер

Берілетін академиялық дәреже

7M05101 – Биология білім беру бағдарламасы бойынша білім магистрі

Оқытудың нәтижесі

Білім беру бағдарламасын аяқтағаннан кейін студенттер келесі қабілеттерге ие болады деп күтілуде:

1. Жалпы биология, клеткалық және молекулалық биология, генетика, микробиология, биохимия, биофизика, биотехнология салалары бойынша ғылыми зерттеулер жүргізу кезінде, жаңа инновациялық технологияларды жасау барысында, сондай-ақ арнаулы орта және жоғары оқу орындарында оқу процесін ұйымдастыру кезінде ақпараттық технологияларды қолдана отырып жүйелі, іргелі білімдерін көрсете білу; 

2. Ғылыми биологиялық зерттеулердің деңгейін ботаника, зоология, клеткалық биология, эмбриология, молекулалық биология, биоинженерия салаларында ғылыми мәліметтерді өңдеуді, биометриялауды, түсіндіруді кең таралған қазіргі заманғы әдістер арқылы жетілдіру;

3. Биология, биотехнология, экология, медицинабілім беру салаларында ғылыми зерттеулер мен теорияларды жүйелей, әзірлей және жоспарлай білу және сыни бағалай білу және мәселелерді кәсіби деңгейде шеше алу;

4. Оқу, оқу-әдістемелік, ғылыми, өндірістік қызметтерде проблемалық мәселелерді шешу барысында бастапқы теориялық ұстанымдарды таңдап қолдану кезінде биологияның қазіргі заманғы бағыттарының концепциясы мен ғылыми теориясын жүйелей және түсіндіре білу;

5. Биология салаларымен және онымен аралас яғни, медицина, ауыл шаруашылығы, экология, биотехнология қызмет салаларында практикалық міндеттерді шешу кезінде ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаларды және жобаларды іске асыра білу;

6. Жаңа дәрілік препараттарды, микроорганизмдер штаммдарын, ауыл шаруашылығында өсімдіктер мен жануарлардың түрлерін, ГМО жасау мақсатында биология, химия, физика, АТ, медицина, ауыл шаруашылығы салаларында пәнаралық зерттеулер жүргізе білу;

7. Биология және биотехнология салаларында меңгерілген зерттеу технологиялары арқылы ғылыми әлемдік көзқарасты негізге ала отырып кешенді зерттеу жұмыстарын жобалау және жүзеге асыру, заманауи компьютерлік технологияларды қолдана отырып тәуелсіз биологиялық зерттеулерді жүзеге асыру үшін бағдарламалық өнімдерді қолдана білу;

8. Биоэтика қағидаларына негізделген ғылыми-зерттеу қызметін құру; жұмыс сапасына және нәтижелердің ғылыми дәлдігіне, биоәртүрлілікті сақтауға және қорғауға, адам құқықтары мен денсаулығына жеке жауапты болады;

9. Биотехнология және биология салаларында қолданылатын жартылай өндірістің тәжірибелік сатыларының схемасын жасау және осыны негізге ала отырып технологиялық процестерді жүзеге асыру;

10. Биология және аралас салалардағы, соның ішінде экология, медицина, ауыл шаруашылығы, биотехнологияда ғылыми өнімдерді бағалай білу және рецензия беру.

Оқуға түсуші талапкерлер үшін

https://welcome.kaznu.kz/ru/education_programs/magistracy/speciality/1770

Академиялық қызмет

Білім беру бағдарламасының академиялық қызметі жүзеге асырылады:

- жалпы ғылыми әдістемені, жүргізілетін зерттеулердің логикасы мен технологиясын пайдалануда, ғылыми өндірістің әртүрлі формаларында зерттеулер мен оның нәтижелерін жоспарлау дағдыларын;

- кәсіби, ғылыми-зерттеу және білім беру қызметін жүзеге асыру үшін қажетті көлемде шет тілдерін қолдануда;

- кәсіптік қызметтің барлық түрлерін ұйымдастыру, жоспарлау, жүргізу мәселелері бойынша;

- биологияға байланысты кәсіби қызметтің барлық аспектілері бойынша;

-университеттің оқу-әдістемелік жұмысына ғылымдағы және перспективалық жоспарлау; нормативтік-құқықтық актілерге, оқу жұмыс жоспарына және білім беру бағдарламасына сәйкестігіне кафедра пәнінің оқу-әдістемелік кешенін (ПОӘК) келісу;

-оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеумен; жұмыс оқу жоспарын әзірлеумен және іске асырумен.

Ғылыми қызмет

Білім беру бағдарламасын жүзеге асыру үшін факультетте зертханалар бар:

1.Тірі ағзалардың экологиясы.

2. Биогеоценоздардың экологиялық-генетикалық мониторингі.

3.Жануарлар экологиясы.

4.Экотоксикология.

5.Өсімдіктер экологиясы.

6.Экологиялық Биохимия.

Ғылыми мектептер немесе кафедраның ғылыми бағыттары (ғылыми жобалар): оқытушылардың жоғары біліктілігі және жүргізілетін зерттеулердің халықаралық деңгейі, сондай-ақ жас мамандардың биология ғылымының әртүрлі салаларды дамытуына және жетілдірілуіне ғылыми мектеп құру, мысалы, б.ғ.д., профессор А.А.Жұбанова, б.ғ.д., профессор Т. М.Шалахметова, б.ғ.д., профессор С. Т. Нұртазин, б.ғ.д., профессор Н.М.Мухитдинов, б.ғ.д., профессор С.Т.Тулеуханов жасушалық биология, гистология, экология, физиология, генетика, биотехнология салаларындағы ірі мамандар. Олардың басшылығымен биоморфология, экотоксикология, қоршаған орта жағдайының биоиндикациясы, нейродегенеративті аурулардың жасушалық механизмдерін анықтау және Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар оның шегінен тыс жерлерде де белгілі нейропротекторларды іздеу бойынша зерттеулер табысты жүргізілуде. Барлық ғылыми зерттеулер 2 ғылыми-зерттеу институтының зертханаларында жүргізіледі: биология және биотехнология, экология мәселелері.

Халықаралық қызмет

Академиялық ұтқырлық:

1. Санкт-Петербург ММ:

2. Ресей Халықтар Достығы Университеті. Лумумба А.;

3. РФ РҒА жасушалардың биофизикасы институты;

4. ММУ. Ломоносов;

5. Бен-Гурион Университеті (Израиль);

6. Ракуно Гакуен Университеті (Жапония);

7. Middlesex University, UK;

8. University College London, UK;

9. The Tokyo University of Agriculture and Technology;

10. School of Engineering, the University of Tokyo;

11. Синь-Цзян университеті, Қытай және басқалар.

Сапаны қамтамасыз ету (аккредиттеу, рейтинг, жұмыс берушілермен жұмыс)

Бағдарлама түлектерін болашақта жұмысқа орналастыру үшін,

"7В051 Биология" мамандығы бойынша еңбек нарығындағы әлеуетті жұмыс берушілер мыналар болып табылады:

1. ҚР БҒМ Жалпы генетика және цитология институты;

2. С.Асфендияров атындағы Қазақ ҰлттықМедицина университеті;

3. Экология және гидробиология ғылыми-зерттеу институты;

4. "Қазақстандық Қолданбалы Экология Агенттігі" ЖШС;

5. «Экомед» клиникасы;

6. «Олимп» клиникалық-диогнастикалық орталығы;

7. Қазақ тағамтану академиясы ЖШС;

8. Биология және биотехнология мәселелері ҒЗИ;

9. Ботаника және фитоинтродукция институты РМК;

10. Экология мәселелері ҒЗИ

Осы мамандық бойынша ББ түлектерінің жұмысқа орналасуын талдау нәтижелері осы бағыт бойынша мамандарға жоғары сұранысты көрсетеді.

Магистранттардың биология саласындағы еңбек нарығында жұмысқа орналасуы -80% құрайды.

Магистранттардың жыл сайынғы қажеттілігі-15 адам.

Пәндер каталогы 

 КЭД 7М05101-ББ 2022-23гг.pdf