7М05201 - Қоршаған орта биотехнологиясы

БББ атауы

7М05201 - Қоршаған орта биотехнологиясы

Білім саласы

7M05 – Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика

Дайындық бағыты

7M052 Қоршаған орта

Білім беру бағдарламаларының тобы

M087 – Қоршаған ортаны қорғау технологиясы

БББ Мақсаты

Жоғары оқу орындарының ғылыми және білім беру саласы үшін мамандар даярлау. Бағдарламаны жүзеге асыру маманның кәсіби тұлғасын қалыптастыруға бағытталған.:

- экологиялық биотехнология саласындағы терең заманауи білімді түсіндіру және жалпылау;

- экологиялық биотехнология саласында ғылыми зерттеулерді дербес жүзеге асыру;

- аралас ғылыми салалар білімін жеке ғылыми зерттеу контекстіне біріктіру;

- өзінің ғылыми зерттеу нәтижелерін түсіндіру және оларды мамандарға да, маман емес адамдарға да хабарлау;

- оқытудың классикалық және инновациялық әдістері негізінде білім беру процесінің нәтижелілігін қамтамасыз ету;

- әрі қарай оқу мен ғылыми-зерттеу қызметінің жеке бағдарламасын құру.

Оқыту тілі

Қазақ/орыс / ағылшын

Кредиттер көлемі

120 сағат

Берілетін академиялық дәреже

«7М05201 – Қоршаған орта биотехнологиясы» білім беру бағдарламасы бойынша жаратылыстану ғылымдарының магистрі

Оқыту нәтижелері

Осы білім беру бағдарламасы аяқталғаннан кейін магистранттар қабілетті болады деп күтілуде:

ОN 1 – Жоғары оқу орындарында оқытудың қазіргі заманғы әдістемелік тәсілдері мен инновациялық технологияларын қолдану арқылы оқу бағдарламаларын, оқу-әдістемелік материалдарды әзірлей отырып, оқыту технологияларын енгізу;

ON 2 - Қоршаған орта биотехнологиясы саласында кездесетін мәселелерді анықтау үшін, ғылыми жобалар, жарияланымдар бойынша сараптамалық қорытынды жасау, артықшылықтары мен кемшіліктерін, іргелі және қолданбалы аспектілерді талдай отырып, жаңа міндеттер қою және шешу тәсілдерін іздеу;

ON 3 - Қазіргі заманғы әдістемелік тәсілдерді қолдану арқылы оқу бағдарламаларын, оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеу және жоғары оқу орындарында оқытудың инновациялық ғылыми зерттеулер нәтижелерін және авторлық технологияларды енгізуді ескере отырып, жаңа курстар әзірлеу;

ОN 4 - Экологиялық қауіпсіздік саласындағы ғылыми зерттеудің мәселелері мен міндеттерін тұжырымдау, тиісті әдіснаманы таңдау, зерттеу кезеңдерін анықтау, алынған нәтижелерді бағалау және түсіндіру;

ON 5 - Сынамаларды дұрыс таңдау нәтижесінде қоршаған орта объектілерінің жай-күйіне сапалы талдау жүргізу, сақтау, консервациялау, тасымалдау ережелерін, сондай-ақ сынамаларды алдын-ала өңдеу және зертханалық қондырғылар мен аспаптарды дұрыс пайдалану;

ON6- Зертханалық жабдықтарды дұрыс пайдалануды және оны есептеу техникасының қазіргі заманғы құралдарының техникалық және технологиялық мүмкіндіктері негізінде сақтауды қамтамасыз ету және зертханалық жабдықтар мен жұмыс орындарының кемшіліктерін тексере және талдай отырып, зертхана қызметкерлерінің жұмыс орындары мен зертханалық жабдықтардың жай-күйіне қойылатын талаптарды белгілеу.

ON7- Далалық және зертханалық биологиялық, экологиялық зерттеулерді жобалаудың, орындаудың әдістемелік негіздерін қолдану, қоршаған ортаның әр түрлі объектілерін қорғауға арналған зерттеулерде қазіргі заманғы аппаратураны және есептеу кешендерін пайдалану;

ON8 - Экологиялық биотехнология саласындағы зерттеулер мен әзірлемелердің экономикалық тиімділігін анықтау және техникалық есептер жүргізу;

ON9 – Өндірістік және тұрмыстық қалдықтарды залалсыздандыру және кәдеге жаратудың технологиялық мәселелерін шеше отырып, зертхана меңгерушісінің міндеттерін орындай отырып, ғылыми-техникалық және қызметтік құжаттарды құрастыру және рәсімдеу;

ON10 - Биосфера туралы оқу негіздерін, экологиялық құбылыстарды жүйелі бағалау және биотехнологиялық жобаларды іске асыру салдарларын болжау үшін қазіргі биосфералық процестерді түсінуді пайдалану;

ON11 – Фото- және гетеротрофты микроорганизмдердің әлеуетін пайдалана отырып, орман өнеркәсібі кешені мен ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібінің қалдықтарын терең өңдеу технологиясын әзірлеудің ғылыми проблемасының технологиялық шешімдерін табу,

ON12 - Алынған ғылыми білімді қоршаған орта объектілерін қорғауға байланысты мәселелерді өзінің ғылыми зерттеуіне жинақтау.

Талапкерлер үшін

https://welcome.kaznu.kz/ru/education_programs/magistracy/speciality/1720#info

Академиялық қызметі
Академиялық қызметтің негізгі қағидаты: қоршаған   орта биотехнологиясының қазіргі заманғы мәселелерін шешуге бағытталған ғылыми   және шығармашылық әлеуетті дамытуға ықпал ету. Бұл бағыттағы басым міндеттер:
- қоршаған орта биотехнологиясы бойынша білімнің   теориялық және практикалық әдіснамалық негізін ұсыну;
- жоғары стандарттарға сәйкес келетін және   классикалық және заманауи әдістерді қолданатын мамандарды даярлауға   бағытталған қоршаған ортаның биотехнологиясы саласындағы сапалы білім беру   процесін қамтамасыз ету;
-қоршаған ортаның биотехнологиясы бойынша білікті   мамандарды – магистранттарды-ғылыми қызметкерлерді, педагогтарды,   оранжереяларды, ботаникалық бақтарды, дала станцияларын, Агроөнеркәсіптік   және тамақ өндірістерін даярлау және қалыптастыру;
- қолданбалы және білім беру қызметі саласында   халықаралық академиялық қоғамдастықпен байланысты дамыту және қолдау;
- қоршаған орта биотехнологиясының перспективалық   және өзекті міндеттері мен проблемаларын шешуде кәсіби биотехнологиялық   қауымдастықпен тәжірибе және білім алмасу.
Бағдарлама сонымен қатар болашақ мұғалімдердің академиялық дайындығын,   соның ішінде мұғалімдер мен психологтардың қатысуымен педагогикалық   тәжірибені жүзеге асырады. Педагогикалық іс-әрекетті жүргізу оқытушыдан   ерекше құзыреттілікті, кәсіби тәжірибені және теориялық және практикалық   тұрғыдан өте маңызды дайындықты талап етеді.
Академиялық ұтқырлық:
Оқу кезінде академиялық ұтқырлық үшін мүмкіндіктерді   пайдалануға құқығы бар және бірлескен зерттеулер жүргізуді қоса алғанда, осы   даярлау бағыты бойынша оқу үшін ғылыми тағылымдамаға немесе жазғы мектептерге   жіберілуі мүмкін. Университет келесі жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық   туралы келісім-шарттарға ие:
-            «Белград   мемлекеттік университет»   Ресей;
-            «Ресейдің Тұңғыш Президенті Б. Н. Ельцин атындағы   Орал федералдық университеті»   Ресей;
-            -Нong Kong University of   Science and Technology;
-            -Johns Hopkins University
-            -МГУ им. Ломоносова          
-            UCL (University College London), (Ұлыбритания);
-            University of   New Hempshire (USA);
-            Sabanci University, Faculty of   Engineering & Natural Sciences (Turkey)
 
«Қоршаған орта биотехнологиясы» білім беру бағдарламасы   бойынша сабақ жүргізетін профессор-оқытушылар құрамы жоғары академиялық   дәреже берілетін докторантура бағдарламалары бойынша жоғары білікті ғылыми   және ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау бойынша білім беру ұйымдары мен   ғылыми ұйымдардың қызметіне қойылатын біліктілік талаптарының 12-тармағына   толық сәйкес келеді: философия докторы (PhD және білім беру қызметін   лицензиялау ережесінің бейіні бойынша доктор ҚР Үкіметінің 2.06.2007 жылғы   N452 қаулысына сәйкес.
Ғылыми қызметі
Ғылыми жұмыстың бағыттары 
1. Фотобиотехнология,   биоэнергетика - б.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА академигі Заядан Б. К.
2. Ауыл шаруашылығына арналған   фототрофты микроорганизмдер негізіндегі биопрепараттар, токсиканттармен   ластанудың биоанализдері мен әдістерін жасау- б.ғ.к., доцент Садвакасова А.К. 
3 Фототрофты   микроорганизмдер негізіндегі биоремедиация-б.ғ. к., доцент Акмуханова Н.Р.
4 Биомониторинг,   токсиканттармен ластану биоанализдерін әзірлеу PhD, аға оқытушы Бауенова М.   О.
5.Фототрофты   микроорганизмдер негізіндегі ББҚ өндіру -б.ғ. к., доцент Кирбаева Д. К.
 
Ғылыми жобалары: ҚР БҒМ   1.AP05131743-OT-20 фототрофты микроорганизмдерді қолдану арқылы ластанған су   экожүйелерінің жағдайын болжау және биомониторинг технологиясының   ғылыми-әдістемелік негіздерін жасау (2018-2020) 
2. AP08052402-OT-20 азотты   бекітетін цианобактериялар негізінде биотыңайтқыштар алу технологиясын өңдеу   (2020-2022)
3.AP09260077 «Сұйық отын - биобутанол алу үшін отандық   микробалдырлар жинағының биотехнологиялық әлеуетін зерттеу» (2021-2023)
4.АР08052481 «Микробалдырлардың белсенді штамдары негізінде   биодизель алу технологиясын жасау»,   (2020-2022) 
-          Ғылыми   практиканы өткізуге арналған базалар
-          ҚР БҒМ ҒК   Өсімдіктер биологиясы және Биотехнологиясы институты РМК;
-          М. А.   Айтхожин атындағы Молекулалық биология және биохимия   институты " ҚР БҒМ ҒК; 
-          ҚР БҒМ ҒК   "Микробиология және вирусология институты" РМК
-          әл-Фараби   атындағы ҚазҰУ жанындағы Агробиостанция.
-          әл-Фараби   атындағы ҚазҰУ экология мәселелері ҒЗИ;
әл-Фараби   атындағы ҚазҰУ биология және биотехнология мәселелері ҒЗИ.

Халықаралық қызмет

Тәжірибе алмасу мақсатында жетекші ғылыми және академиялық құрылымдармен, түрлі ғылыми мектептер мен ағымдар өкілдерімен халықаралық ынтымақтастық

Ынтымақтастықтың негізгі бағыттарының бірі профессор-оқытушылар құрамының ғылым академияларымен, зерттеу институттарымен, шетелдік университеттермен тікелей байланысы болып табылады.

Кадрларды даярлау жөніндегі халықаралық ынтымақтастық жөніндегі келісімдер мынадай мекемелермен бар:

- Ломоносов атындағы ММУ (Мәскеу, Ресей)

-Адам Мицкевич атындағы Университет (Познань, Польша)

-ЧР ҒА Микробиология институты (Прага, Чехия)

-Қарадениз техникалық университеті (Трабзон, Түркия)

-Мугла Университеті (Мугла, Түркия)

-Токио ғылым университеті (Токио, Жапония)

Экобиотехнология бағытының халықаралық ғылыми ынтымақтастығының ерекшелігі халықаралық ғылыми жобаларды бірлесіп орындаудан, Польша, Түркия және т.б. жетекші шетелдік зерттеу орталықтары мен университеттерінде ғылыми тағылымдамадан өтуден, сондай-ақ оқытушылар тағылымдамадан өтетін және халықаралық деңгейдегі біліктілікті арттыру туралы сертификаттар алатын Belgian Education Council бельгиялық білім беру орталығымен академиялық байланыстардан тұрады. 

Сапаны қамтамасыз ету (аккредиттеу, рейтинг, жұмыс берушілермен жұмыс)

2019-2020 (4 магистрант)

2021-2022 Жиын жоқ