7М05106 – Генетика (1 жыл)

Білім беру бағдарламасы

7М05106 – Генетика (1 жыл)

Білім саласы

7М05 – Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика

Дайындық бағыты

7М051 – Биологиялық және сабақтас ғылымдар

Білім беру бағдарламасының тобы

М081 - Генетика

БББ мақсаты

Бағдарлама жалпы және молекулалық генетика саласындағы кәсіптік білімі бар; далалық және зертханалық жағдайларда генетикалық зерттеулерді жүргізудің практикалық дағдыларымен бәсекеге қабілетті; биология, биомедицина, селекция, биотехнология, экология және генетик маманның білімі мен дағдыларын талап ететін кәсіби қызметтің басқа салаларында тәжірибелік міндеттерді орындауға қабілетті маманды даярлауға бағытталған.

Оқыту тілі

қазақ, орыс, ағылшын

Кредиттердің көлемі

60

Берілетін академиялық дәреже

Магистр

Оқыту нәтижелері

ОН1 - Жалпы және молекулалық генетика, экологиялық және медициналық генетиканың қазіргі жетістіктерін талдау;

ОН2 - Биологиялық, медициналық, ауылшаруашылық, экологикалық орталықтарында және зертханаларда тәжірибелік генетикалық зерттеулерде жалпы және молекулалық генетикалық әдістерді қолдану;

ОН 3 - Ғылыми-зерттеу, өндіріс жұмыстарды тиімді орындау және сапалы орындалуына жауапты болу;

ОН 4 - Зерттеудің тақырыбы бойынша ғылыми-техникалық және патенттік ақпаратты сараптау және талдау;

ОН 5 - Ғылыми-зерттеу және өндірістік жұмыстарды адамдардың өзара қатнасуына байланысты этикалық және заңды нормалар негізінде және жануарларға қатысты биоэтика негіздеріне сүйеніп орындау;

ОН 6 - Өсімдіктер мен мал шаруашылығы және биотехнологияның қазіргі жағдайына талдау;

ОН 7 - Биология және медицина, генетика және биотехнология салаларындағы фундаменталды және қолданбалы мәселелерді талдау негізінде ғылыми-өндіріс жобаларын жасау;

ОН 8 - Кәсіптік өсу үшін кәсіби ретінде және жеке, өз-өзімен білім алу; командада жұмыс жасауды білу.

Оқуға түсуші талапкерлер үшін

https://welcome.kaznu.kz/kz/education_programs/magistracy/speciality/1809