7M05113 – Нейроғылым

Білім беру бағдарламасының атауы

7M05113 – Нейроғылым

 

Білім саласы

7М05 Жаралыстану ғылымдары, математика және статистика

 

Дайындық бағыты

7M051 Биологиялық және сабақтас ғылымдар

 

Білім беру бағдарламаларының тобы

М080 Биология

 

БББ мақсаты

Жүйке жүйесінің функциялық заңдылықтарын анықтау үшін теориялық және қолданбалы мәселелерді шешуге бағытталған нейроғылымның заманауи әдіснамалық тәсілдеріне негізделген кәсіптік қызметті жүзеге асыратын, кәсіби қызметте моральдық-этикалық нормалар мен принциптерді басшылыққа ала отырып, нейроғылымда әлемдік ғылыми және практикалық тәжірибені шоғырландыруға қабілетті, қоғамның ғылыми -білім беру, әлеуметтік-экономикалық салаларында инновациялық нейротехнологияларды әзірлейтін және енгізетін, жұмыс берушілердің талаптарына сәйкес келетін кәсіби құзыреттілікке ие нйроғылым саласындағы магистр-мамандарды даярлау.

Оқыту тілі

Қазақ, Орыс, Ағылшын

 

Кредиттердің көлемі

120

Берілетін академиялық дәреже

Магистр

 

Оқытудың нәтижесі

ON1. Тиісті ғылыми орталықтар мен институттарда зерттеу жүргізу үшін нейроғылымдағы пәнаралық теориялық және әдіснамалық тұжырымдамаларды, олардың қарама-қайшылықтары мен даму перспективаларын анықтау және интеграциялау;

ON2. Молекулалық, жасушалық, жүйелік және мінез-құлық деңгейлерінде жүйке жүйесінің функциясын зерттеудің заманауи тәсілдерін біріктіру мақсатында нейроғылымның ғылыми және қолданбалы аспектілеріндегі әдістер мен технологиялардың валидтілігі мен эффективтілігін талдау;

ON3. Нейроинжиниринг үшін заманауи Phyton, MATLAB бағдарламалық жасақтамасын қолдана отырып, топтық деректерді автоматты түрде өңдеуге арналған скриптілер құру;

ON4. Нейроғылымдағы көп салалы көзқарас жағдайында теориялық және қолданбалы мәселелерді шешуде зерттеу әдістерін дұрыс таңдау үшін заманауи тәсілдердің арсеналына ие болу;

ON5. Когнитивті процестерді модельдеу негізінде тәжірибеде нейротехнологиялар тиімділігінің бағалау критерийлері мен мақсатты индикаторларын жасау;

ON6. Денсаулық сақтау, мемлекеттік қауіпсіздік, маркетинг және бизнестің актуалды мәселелерін шешуге бағытталған нейрокомпьютерлік интерфейстердің технологияларын енгізу;

ON7. Жүйке жүйесі ауруларын диагностикалау, болжау және оңалту мәселелерін зерттеу үшін нейроғылымдағы пәнаралық көзқарас тұрғысынан норма мен патология кезіндегі жүйке жүйесінің филогенезі мен онтогенезін талдау;

ON8. Нейроғылымдағы білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік-экономикалық салалар мен мемлекеттік қауіпсіздіктің өзекті мәселелеріне қатысты қолданбалы мәндеттерді анықтау;

ON9. Ғылыми ұйымдарда және жоғары оқу орындарында нейроғылымдарының мамандықтарын енгізуге ықпал ету;

ON10. Нейроғылым саласындағы өз деректерін және идеяларды ғылыми қоғамдастыққа және басқа да мүдделі қоғамдастықтарға тарату мақсатында ғылыми коммуникация әдістеріне ие болу;

ON11. Кәсіби қызметте моральдық-этикалық нормалар мен принциптерді басшылыққа алу;

ON12. Академиялық жазу дағдыларын қолдана отырып, нейроғылым саласындағы жетекші ғылыми журналдарға өзінің зерттеу нәтижелерін ұсыну.

Оқуға түсуші талапкерлер үшін

https://welcome.kaznu.kz/ru/education_programs/magistracy/speciality/2120

 

Академиялық қызмет

Шетелдік университеттердің ұқсас бағдарламаларымен салыстыру - мазмұны мен көлемі бойынша магистратураның бағдарламасы QS агенттігінің рейтингісі бойынша үздік 200-ге кіретін Еуропа мен АҚШ-тың жетекші университеттерінің үздік бағдарламасы мен тенденцияларына сәйкес келеді.

Ғылыми қызмет

Кафедраның ғылыми мектептері немесе ғылыми бағыттары, (ғылыми жобалар):

- хронобиология;

- физиология;

- биофизика;

- когнитивтік нейроғылым;

- Иммундық онкогендер - қатерлі ісікке қарсы терапияның жаңа нысаны;

- адамның жүрек-қан тамырлары жүйесінің әлеуметтік-экологиялық және абиотикалық қоршаған орта факторларына бейімделуінің хронофизиологиялық механизмдерін зерттеу;

- гиперқозу кезінде ми нейрондарының спонтанды синхронды белсенділігін реттеу және ритмогенезі;

- Депрессиялық күйлердің психофизиологиялық маркерлері;

- Әртүрлі жастағы адамдардың бас миының дамуының ЭЭГ/МРТ көрсеткіштерін, эмоциялық-когнитивтік функцияларын және олардың генетикалық маркерлерін зерттеу.

Халықаралық қызмет

Магистрантардың University of Oxford, University of Cambridge, Harvard University, University of Florida, University of Cincinnaty, Oregon State University, Drexel University, Universidad de Granada, Universidad de Cadiz, The University of Sheffield, Seoul National University, «Сколково» инновациялық орталығы, Ломоносов ат. ММУ сияқты серіктес-университеттерден ғылыми тәжірибеден өтуге және академиялық ұтқырлық бағдарламаларына қатысуына мүмкіндігі бар.

Сапаны қамтамасыз ету (аккредиттеу, рейтинг, жұмыс берушілермен жұмыс)

Бағдарлама түлектерін болашақ жұмысқа орналастыру үшін негізгі жұмыс берушілер:

1. Ғылыми институттар, орталықтар, лабораториялар: Ұлттық нейрохирургия орталығы (Нұр-Сұлтан), «Когнитивтік нейроғылым» орталығы (Алматы), Сколково ғылыми-техникалық институтының Нейронет лабораториясы (Сколтех) (Мәскеу);

2.         ЖОО: ҚБТУ, Назарбаев университеті, әл-Фараби ат. ҚазҰУ;

3.         ҚР әскери және қауіпсіздік құрылымдары: ҚР Қорғаныс министрлігі, ҚР Ішкі істер министрлігі;

4.         Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі салалары: ҰҚК;

5.         Медициналық мекемелер: «Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы» ШЖҚ РМК, Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты жанындағы МРТ орталығы, «Асыл Мирас» аутизм орталығы (Алматы), САТР орталығы (Алматы);

6.         «Human Resources» мемлекеттік және халықаралық ұйымдар: ҚазМунайГаз;

7.         Бизнес-ұйымдар: НейроШторм (Нұр-Сұлтан), Қазақстанның полиграфологтар қауымдастығы (Нұр-Сұлтан), Beeline (Алматы);

8.         Бизнес–қоғамдастық (бизнес ұйымдарда нейроғылым әдістерін, жарнама өнімдерін, нейромаркетингті және т.б. енгізу мүмкіндіктері туралы ақпарат беру);

9.         Білім беру мекемелері: Alem_Genius (Алматы);

10.       Бұқаралық ақпарат құралдары: Аргументы и факты (Алматы).

       Білім беру бағдарламасы жұмыспен қамтудың нақты бағыты үшін маңызды:

1.         Ғылым;

2.         Денсаулық сақтау;

3.         Өндіріс;

4.         Мемлекеттік қызмет және күш құрылымдары мен бөлімдері;

5.         Білім беру

6.         Спорт

7.         Маркетинг саласы.