Халықаралық қысқы психологиялық мектеп - 2023
04.01.20232023 жылдың 4-6 қаңтарында Халықаралық қысқы психологиялық мектеп - 2023 өз жұмысын бастады.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қысқы психологиялық мектептерді өткізу игі дәстүрге айналды, оны Психологиялық инновациялар мен технологиялар орталығы (психол.ғ.д., доцент Ф.С.Ташимова), университеттің философия және саясаттану факультетінің жалпы және қолданбалы психология кафедрасы ұйымдастырды.
2023 жылы психологиялық мектептің тақырыбы «ИНТЕГРАТИВТІ ҚОЛДАНБАЛЫ ПСИХОЛОГИЯНЫҢ НЕГІЗДЕРІ МЕН ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ».






