Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де, профессор Қ.Б. Жарықбаевтың 95 жылдығына арналған «Психология және педагогика дамуының өзекті мәселелері» (I Жарықбаев оқулары) атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті

17.11.2022

Көрулер: 804

2022 жылдың 17 қарашасында, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Философия және саясаттану факультеті, жалпы және қолданбалы психология кафедрасының ұйымдастыруымен I Жарықбаев оқулары «Психология және педагогика дамуының өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Пленарлық отырысты әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма мүшесі – әлеуметтік даму жөніндегі проректоры Н.С. Айдосов ҚазҰУ ректорының құттықтау хатымен бастады.

Отырыс модераторы – философия және саясаттану факультетінің деканы Б. Б.Мейрбаев аталған іс-шараның Қазақстанның психологиялық ғылымы үшін маңыздылығын атап өтті. Б. Б.Мейрбаев профессор Қ. Б. Жарықбаев өмірінің негізгі кезеңдерін еске салды.

Конференцияға белгілі ғалымдар, психолог-практиктер, педагог-практиктер қатысты. ХХ ғасырдың 50-жылдарындағы ҚазМУ студенттік өмірі және Құбығұл Бозайұлымен достық туралы естеліктерімен педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Ж. Түркпенұлы бөлісті. Көрнекті ғалымдар – психология ғылымдарының докторы, ҚазҰҚПУ профессоры Х.Т. Шерьязданова, психология ғылымдарының докторы, Каспий университетінің профессоры Ж.И. Намазбаева; психология ғылымдарының докторы, Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ (Қарағанды) профессоры Б.А. Амирова, психология ғылымдарының докторы, профессор С.Қ. Бердібаева; психология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ психологиялық қоғамының президенті – М.Ә. Перленбетов; педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің кафедра меңгерушісі С.А. Ұзақбаева; психология ғылымдарының докторы, Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры. А. Т. Ақажанова; психология ғылымдарының докторы, Тұран университетінің профессоры О.С. Сангилбаев; психология ғылымдарының кандидаты, доцент Ж. Н. Сабирова (Атырау) ғылыми баяндамалар жасады

Шетелдік қонақтар – психология ғылымдарының докторы, профессор Т.И. Шульга (Ресей), психология ғылымдарының докторы, профессор Б.Р. Қадыров (Өзбекстан), психология ғылымдарының докторы, профессор А. Гарбер (Нидерланды-Германия) құттықтау сөз сөйледі және баяндамаларын оқыды. Іс-шараға философия және саясаттану факультетінің профессорлық-оқытушы құрамы, магистранттар, докторанттар, студенттер белсенді қатысты.

Іс-шараға профессор Құбығұл Бозайұлы Жарықбаевтың қызы, психология ғылымдарының докторы, Қайнар академияcының профессоры Маржан Құбығұлқызы Ахметованың сөз сөйлеуі ерекше көңіл-күй сыйлады. М.Қ. Ахметова ХХ ғасырдың соғыстан кейінгі жылдарынан ХХІ ғасырдың алғашқы онжылдықтарына дейінгі Қ.Б. Жарықбаевтың өмірі мен академиялық жолы туралы фотосуреттермен бейнепрезентация ұсынып, естеліктерімен бөлісті. Профессор туралы бейнефильм, мұрағат материалдары, академиктің марапаттары, оның жазбалары, түрлі жылдардағы ұйымдардың құттықтау жолдаулары көрсетілді.

Түстен кейін ҚазҰУ әл-Фараби кітапханасында секциялық отырыстар өтті.

Іс-шара соңында Философия және саясаттану факультетінің деканы Бекжан Берікбайұлы Мейірбаев пен жалпы және қолданбалы психология кафедрасының меңгерушісі А.К. Мынбаева конференция жұмысын қорытындылады. Олар спикерлерге, қатысушыларға, әл-Фараби атындағы кітапхананың басшылығына конференцияны ұйымдастыруға қатысқаны үшін алғыс айтып, мұндай форум Қазақстанның психологиялық ғылымын дамыту бойынша жақсы дәстүрге айналатынына сенім білдірді.