Академиялық ұтқырлық

22.11.2022

Көрулер: 409

Мен, Аружан Ержанова қазіргі таңда Польша мемлекетінің Варшава университетінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алып алудамын. Мұндай мүмкіндікке ие болған бірнеше студентпіз. Варшава университетінде бізді белсенді еріктілер тобы күтіп алып, жатақханаға орналастырды. Алғашқы аптада университеттің халықаралық байланыстар департаменті басқармасы, факультет басшылығы және куратор-бағдарлаушысымен арнайы кездесу ұйымдастырылып, оқу процесі бойынша толыққанды ақпарат берілді.

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша басқада мемлекеттерден келген студенттерде аз емес. Қазіргі кезде олармен тереңірек танысып, мәдениетаралық ынтымақтастықтамыз.

Оқу процесі күрделі әрі қызық, өте жан-жақты білім алуды, ізденісті талап етеді. Сабақ өтудің формалары, типтері еркін құрылымда жүзеге асатынын байқадық. Педагогтар сабақ беру барысында тиімді әдістерді кеңінен қолданады және пікір алмасу, соңғы жаңалықтарды талқылау секілді қызықты әрі заманауи бағытта өтеді. Сонымен қатар, мен Еуропаның мәдени, саяси жүйесі бойынша жан-жақты дереккөздермен жұмыс жасауды, алынған мәліметтерді өңдеудің әдістемелік қорымен танысудамын. Бос уақытымда поляк және араб тілдерін меңгеру курсына қатысып, тілдік білімімді нығайтудамын.

Жалпы, академиялық ұтқырлық бағдарламасымен мамандығымыз бойынша Польшада жаңа білім, жаңа достар және жаңа мүмкіндіктерге ие болып жатқанымызға өте қуаныштымыз. Осы бағдарлама бойынша барынша қолдау білдірген университет Басшылығына, университеттің халықаралық ынтымақтастық департаменті қызметкерлеріне, факультет басшысына, кафедра жетекшілеріне және үміт артқан ұстаздарымызға алғыс айтамыз!

 

Аружан Ержанова

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Философия және саясаттану факультеті,

«6В03102-Мәдениеттану» мамандығының 4 курс студенті