«Қазақ даласындағы руханият” атты ақпараттық-танымдық кездесу

04.10.2023

Көрулер: 353

"Қазақ даласындағы руханият" тақырыбында өткізілген кездесу сұхбат форматында өтті. Нұрлан Байжігітұлы желіде Нұрлан имам ретінде танымал, жеке парақшаларында  дәстүрге, дінге, ұлтқа қатысты сауалдарға жауаптарымен жастарды баурап келеді. Кездесу барысында ұстаз қазіргі кезде жастар арасында және тек жастар емес, қоғамда өзекті болып жатқан діни мәселелерге жауап берді. Жиынның басты мақсаты ұлттық құндылықты дәріптеу , ежелден келе жатқан салт-дәстүрімізді қастерлеу. Шараға Философия және саясаттану факультетінің, шығыстану және халықаралық қатынастар факультетінің студенттері,  ҚазҰУ колледжінің студенттері  қатысып ,сұрақ-жауап алмасты.  Қатысушылар арасында дінтанушы және исламтанушы мамандығының студенттері де өз мамандықтарына байланысты сауалдарына жауап алды. Студенттер, болашақ маман иелері үшін танымал тұлғалармен жиі кездесу өз пайдасын тигізетіні анық.