Жаңалықтар

Психологтар күні

25.12.2020

2020 жылдың 25 желтоқсанында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жалпы және қолданбалы психология кафедрасы Қазақстандағы Психологтар күнінің 30 жылдық мерейтойын атап өтті. Іс-шара 100-ге жуық адамды қамтыған онлайн форматта өтті. Шақырылған қонақтардың қатарында кафедраның ақсақалдары Жарықбаев Қ.Б., ҚР еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері, педагогика ғылымдарының докторы, психология ғылымдарының докторы, профессор, көптеген академиялардың академигі, профессор Ж.Т.Түркпенов, сонымен қатар әртүрлі әріптестер болды: елдің жоғары оқу орындары – Букетов атындағы ҚарМУ, Гумилев атындағы ЕҰУ, Абай атындағы ҚазҰПУ, Тұран университеті, Қайнар академиясы, Атырау университеті және басқалары, ҚазҰУ студенттері, магистранттары мен оқытушылары.

Ары қарай оқу >>

Ғұлама Абай ізімен

19.12.2020

2020 жылы 19 желтоқсанда сағат 12:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Философия және саясаттану факультетінің, Дінтану және мәдениеттану кафедрасы ұйымдастыруымен,  Zoom платформасында «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында ғалым, философия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан ғылым академиясының академигі, абайтанушы, 2020 жылғы ҚР-ның Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлық иегері, жазушы Ғарифолла Есіммен факультет аралық ұстаздар мен студенттерінің қатысуымен өткізілген болатын. 

Ары қарай оқу >>

«Профессор М.М. Мұқанов және қазақстандағы заманауи психологиялық ғылым» атты дөңгелек үстел

15.12.2020

2020 жылдың 15 желтоқсанында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де профессор М.М. Мұқановтың 100 жылдығына арналған «Профессор М.М. Мұқанов және қазақстандағы заманауи психологиялық ғылым» атты дөңгелек үстел өтті.  Мұқанов Мәжит Мұқанұлы (04.10.1920-03.02.1985) — қазақ психологы. Жалпы психология, даму психологиясы және этникалық психология саласының маманы, Қазақстандағы психология ғылымының танымал жетекшісі және ұйымдастырушысы. 

Ары қарай оқу >>

Ислам философиясы

27.11.2020

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, дінтану және мәдениеттану кафедрасының ұйымдастыруымен Ювяскюля Университетінің (Финляндия) PhD докторы, доценті Сирос Василиостың «Ислам философиясы» тақырыбындағы вебинарлар сериясы 12.11.2020 ж.- 27.11.2020 ж. өтті. 

Ары қарай оқу >>

"Жастардың инновациялық әлеуеті: азаматтылық, кәсібилік, шығармашылық"

24.11.2020

2020 жылдың 24 қараша күні Ресейдің Б.Н. Ельцин атындағы Орал федералдық университетінде "Жастардың инновациялық әлеуеті: азаматтылық, кәсібилік, шығармашылық" атты халықаралық жастардың ғылыми-зерттеу конференциясы өтті. Конференцияның ерекшелігі Ұлы Жеңістің 75 жылдығы және Орал Федералдық университетінің 100 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келіп отыр. Осымен дәстүрлі түрде 10-шы рет өткізіліп отырған конференция университет ректоры В.А. Кокшаровтың алғы сөзімен басталды.

Ары қарай оқу >>

Қазақтанудың қазіргі мәселелері

20.11.2020

2020 жылдың 20 қараша күні Әл-Фараби ғылыми кітапханасында кітаптардың тұсаукесері және қазақстандық мәдениетті жаңғыртудың өзекті мәселелерін талқылау өтті. Ғылыми еңбектердің негізгі авторы белгілі қазақстандық ғалым, философия ғылымдарның докторы, профессор Тұрсын Ғабитов болды. Іс-шара Қазақ ұлттық университетінің философия және саясаттану факультетінің дінтану және мәдениеттану кафедрасы және Алматыдағы Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірге (ҚХА) ұйымдастырылды.

 

Ары қарай оқу >>

Дүниежүзілік философия күні

19.11.2020

Халықаралық философиялық қоғамдар федерациясының барлық бірлестіктері, қауымдастықтары мен мүшелеріне

Дүниежүзілік философия күні

Қымбатты ғалым-философтар, әріптестер мен достар!

   Биылғы Дүниежүзілік философия күні көпшілігіміз үшін аласапыран уақытпен тұспа-тұс келіп қалды. Осы үндеуді де көбіңіз үй карантинінің тар қыспағында оқып отырған боларсыз. Кейбіреулерге бұл бұрын-соңды тап болмаған ахуал болса, енді біріне осыған дейін бастан кешкен эмоциялық күйзелістің одан әрі ушығуы. Дегенмен дүниенің көп бөлігінде жұртты баудай түсіріп, қынадай қыратын қауіпті індеттер үйреншікті құбылыс.

Ары қарай оқу >>

Бірінші курс таланттары

02.11.2020

ҚазҰУ-да дәстүрлі түрде жыл сайынғы «Бірінші курс таланттары» көркемөнерпаздар байқауы ерекше өтті. Шара онлайн форматында ұйымдастырылып – жастар бойындағы жастық жалын-жігерді танытып, өнер дарындары мен жұлдыздарды ашып жарқыратты! 

Ары қарай оқу >>

«Бахаи» діни бірлестігінің басшысымен кездесу

31.10.2020

Философия және саясаттану факультетінің «Дінтану» және «Конфликтологиядағы діни бірегейлік» мамандықтарының 1 курс магистранттары 2020 жылдың қазан айының 31 жұлдызында дінтану және мәдениеттану кафедрасының доценті К.М. Бишманов жетекшілігімен «Бахаи» діни бірлестігінің басшысымен және өкілдерімен кездесу өткізді.  

Ары қарай оқу >>