Жаңалықтар

Халықаралық ғылыми-практикалық конференция «Жаһандану жағдайында ақпараттық қауіп-қатерлерге қарсы күрес бойынша қазіргі заманғы технологияларды құру мәселелері»

24.04.2020

2020 жылдың 24 сәуір күні Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, дінтану және мәдениеттану кафедрасы Өзбекстанның Ұлттық университетімен бірлесе отырып, «Ізгілік қоғам азаматтарын қалыптастыру» жобасы аясында «Жаһандану жағдайында ақпараттық қауіп-қатерлерге қарсы күрес бойынша қазіргі заманғы технологияларды құру мәселелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізді.

Ары қарай оқу >>

Ұлт болашағы жастардың қолында

21.04.2020

Ағымдағы жылдың 21 сәуірінде Zoom қосымшасы арқылы “Айналаңды нұрландыр” жобасы аясында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ студенттерінің қатысуымен “ Будущее нации - в руках молодежи” тақырыбында бірлескен тәрбиелік іс-шара өткізілді.

Ары қарай оқу >>

«Абай шығармашылығындағы мәдени және ислами құндылықтар» атты ұлттық вебинар

17.04.2020

2020 жылдың 17 сәуір күні Дінтану және мәдениеттану кафедрасында «100 кітап» жобасы аясында Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы қарсаңында ұлттық вебинар өтті. Өзге университеттер студенттерімен «Абай шығармашылығындағы мәдени және ислами құндылықтар» тақырыбында Ұлы ақынның шығармашылығы, оның ішінде әсіресе қазақ әдебиетінде өшпес орын қалдырған, өнеге мен өсиетке толы философиялық туынды – «Қара сөздері» талқыланды. 

Ары қарай оқу >>

“Әл-Фарабидің қайырымды қаласы” атты халықаралық вебинар

15.04.2020

2020 жылдың 15 сәуір күні Дінтану және мәдениеттану кафедрасында «100 кітап» жобасы аясында әл-Фарабидің 1150 жылдығы қарсаңында халықаралық вебинар өтті. Қазақ, ағылшын және араб тілдерінде жүргізілген вебинарда Әбу Насыр әл-Фарабидің “Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары” еңбегі талқыланды. 

 

Ары қарай оқу >>

«Фараби ƏЛЕМІ» - студенттер мен жас ғалымдардың ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ - 2020

13.04.2020

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің философия және саясаттану факультеті, саясаттану және саяси технологиялар кафедрасында жыл сайын студенттер мен жас ғалымдардың «Фарабиәлемі» - Халықаралық ғылыми конференциясы өтті.

Ары қарай оқу >>

ОНЛАЙН СЕМИНАР: ЖАСТАРДЫ ШЕШІМДЕРДІ ҚАБЫЛДАУ БОЙЫНША НЕГІЗГІ КОМПЕТЕНЦИЯЛАР

06.04.2020

6 сәуір 2020 ж., Саясаттану және саяси технологиялар кафедрасы, ҚазҰУ Әл-Фараби Алматыдағы ЮНЕСКО-ның кластерлік кеңсесімен бірлесіп, «БҰҰ 2030 жастары стратегиясы» және ЮНЕСКО-ның жастарға арналған 2014 - 2121 жылдарға арналған жедел стратегиясы аясындағы «Жанжалды шешудегі жастардың негізгі құзыреттері» тақырыбында онлайн семинар өткізді. әр түрлі мәдениеттер мен ұлттар, жеккөрушілік сөздер контекстіндегі жанжал жағдайлары мен сандық сауаттылықтың алдын алу шаралары туралы хабардарлықты арттыру.

Ары қарай оқу >>

«Әл-Фараби – Абай: рухани сабақтастық мәселесі» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік дөңгелек үстел

18.02.2020

2020 жылдың 18 ақпаны күні әл-Фараби орталығы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ философия және саясаттану факультеті дінтану және мәдениеттану кафедрасы, Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейі бірлесе Алматы қаласы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің әл-Фараби кітапханасының «Абай» залында «100 кітап» жобасы аясында ұлы ойшыл, философ әл-Фарабидің 1150, ұлы ақын Абайдың 175 жылдығына арналған «Әл-Фараби – Абай: рухани сабақтастық мәселесі» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік дөңгелек үстелін өткізді.

Ары қарай оқу >>

Мерейтой қарсаңында “Әбу Насыр әл-Фараби және оның шығармашылығы” атты онлайн дөңгелек үстел өткізілді

04.02.2020

Ағымдағы жылдың ақпан айының 4-күні әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті “Әбу Насыр әл-Фараби және оның шығармашылығы” тақырыбында онлайн дөңгелек үстел өткізді. Аталмыш шара Қостанай облыстық Қазақстан халықтары ассаблеясының бастамасымен өтті. Онлайн дөңгелек үстелге А. Байтұрсұнұлы атындағы мемлекеттік университет, Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті сынды қостанайлық бірнеше университет қатысты.

 

Ары қарай оқу >>