Бірінші курс таланттары

02.11.2020

Көрулер: 1590

Биылғы жылы пандемияға байланысты бұл байқау онлайн режимде өткізіліп отыр. Соған қарамастан, өнер мерекесіне қатысуға университет студенттерінің аса зор ықылас танытып, белсенділік көрсетуі аса қуантарлық жағдай. Биылғы жылы «Бірінші курс таланттары» байқауына бір мыңнан аса өнерлі жастар қатысты. Олар дәстүрлі, эстрадалық және гитарамен ән айту, домбыра, қобыз, пионинода және басқа да аспаптарда ойнау, жас ақындар, ұлттық, классикалық, заманауи би, актерлік шеберлігі номинациясы бойынша бақтарын сынады. Байқау нәтижесі боынша жұлдызы жанған жастар, тек шынайы талант, шын дарындар орындарымен марапатталды.

Жастарға өнер биігіне қаққан қанаттарының ешқашан талмауын тілеймізЖеңістеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!