«Профессор М.М. Мұқанов және қазақстандағы заманауи психологиялық ғылым» атты дөңгелек үстел

15.12.2020

Көрулер: 1800

Психология ғылымдарының докторы (1980), профессор. Он бес жыл бойы КСРО ОП республикалық филиалын басқарған. Жыл сайын шығатын ЖОО аралық «Психология» жинағының бас редакторы болған (1970-1981). А.И. Герцен атындағы Ленинград педагогикалық институтын және С.М. Киров атындағы ҚазМУ-дің аспирантурасын бітіргеннен кейін кандидаттық диссертациясын қорғайды және Алматының ЖОО-да 35 жыл психологияны оқытады. 1958 жылдан өмірінің соңына дейін Абай атындағы ҚазПИ жұмыс атқарады, 1968 жылдан аталған ЖОО Қазақстандағы ең алғашқы психология кафедрасын басқарады. Психология бойынша 18-ден астам оқулықтар мен оқу құралдарының авторы.  Дөңгелек үстелге ғалымдар, психологтар, оқытушылар, студенттер мен магистранттар қатысты. М.М. Мұқановтың идеялары контекстінде қазіргі психология ғылымының өзекті мәселелері талқыланды, психологиялық-педагогикалық зерттеулердің ғылыми және қолданбалы нәтижелерімен және зерттеу тәжірибесімен алмасты.