Жаңалықтар

Білім берудегі бәсекеге қабілетті тұлғаны дамытудың қазіргі заманғы тенденциялары

20.02.2021

2021 ж. 20 ақпанында Т. Тәжібаевтың 111 жылдығына арналған «Білім берудегі бәсекеге қабілетті тұлғаны дамытудың қазіргі заманғы тенденциялары» атты онлайн режимдегі Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция өтті.

Ары қарай оқу >>

Әлеуметтік қызметкерлер мен әлеуметтік жұмыс міндеттерін атқаратын мамандарды даярлау

05.02.2021

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Философия және саясаттану факультетінің әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасы UNICEF-тің қолдауымен «Көші-қон процестерінде балаларды қорғау жөніндегі UNICEF-ЕО бағдарламасы аясында Қазақстандағы әлеуметтік нормалар мен мінез-құлықты өзгерту бойынша жеке деңгейде және қауымдастықта өзара әрекеттесу үшін базалық құзыреттерді ескере отырып, әлеуметтік қызметкерлер мен әлеуметтік жұмыс міндеттерін атқаратын мамандарды дипломға дейінгі және дипломнан кейінгі даярлау мен қайта даярлаудың мемлекеттік бағдарламаларын жетілдіру» Халықаралық жобасын іске асыруда. 

Ары қарай оқу >>

Куратор-эдвайзерлер мектебінің қысқы оқу семинары

21.01.2021

2021 жылдың 20-21 қаңтарында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың тәрбие жұмысы бөлімінің қолдауымен куратор-эдвайзерлер мектебінің қысқы оқу семинары өтті. Қысқы тренингтер жақсы дәстүрге айналды. Қысқы семинар 11 жыл қатарынан өткізіліп келеді. Осы жылдың ерекшелігі – оқыту тәсілін сақтап қалу үшін қашықтық формат.

 

Ары қарай оқу >>

Халықаралық қысқы психологиялық мектеп - 2021

13.01.2021

2021 жылдың 11-13 қаңтар аралығында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Халықаралық қысқы психологиялық мектеп - 2021 «Психологиялық шеберханалар: Интегративті қолданбалы психология негіздері мен технологияларыденсаулық сақтау, білім беру және өндіріс» өз жұмысын аяқтады.

Ары қарай оқу >>

Психологтар күні

25.12.2020

2020 жылдың 25 желтоқсанында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жалпы және қолданбалы психология кафедрасы Қазақстандағы Психологтар күнінің 30 жылдық мерейтойын атап өтті. Іс-шара 100-ге жуық адамды қамтыған онлайн форматта өтті. Шақырылған қонақтардың қатарында кафедраның ақсақалдары Жарықбаев Қ.Б., ҚР еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері, педагогика ғылымдарының докторы, психология ғылымдарының докторы, профессор, көптеген академиялардың академигі, профессор Ж.Т.Түркпенов, сонымен қатар әртүрлі әріптестер болды: елдің жоғары оқу орындары – Букетов атындағы ҚарМУ, Гумилев атындағы ЕҰУ, Абай атындағы ҚазҰПУ, Тұран университеті, Қайнар академиясы, Атырау университеті және басқалары, ҚазҰУ студенттері, магистранттары мен оқытушылары.

Ары қарай оқу >>

Ғұлама Абай ізімен

19.12.2020

2020 жылы 19 желтоқсанда сағат 12:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Философия және саясаттану факультетінің, Дінтану және мәдениеттану кафедрасы ұйымдастыруымен,  Zoom платформасында «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында ғалым, философия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан ғылым академиясының академигі, абайтанушы, 2020 жылғы ҚР-ның Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлық иегері, жазушы Ғарифолла Есіммен факультет аралық ұстаздар мен студенттерінің қатысуымен өткізілген болатын. 

Ары қарай оқу >>

«Профессор М.М. Мұқанов және қазақстандағы заманауи психологиялық ғылым» атты дөңгелек үстел

15.12.2020

2020 жылдың 15 желтоқсанында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де профессор М.М. Мұқановтың 100 жылдығына арналған «Профессор М.М. Мұқанов және қазақстандағы заманауи психологиялық ғылым» атты дөңгелек үстел өтті.  Мұқанов Мәжит Мұқанұлы (04.10.1920-03.02.1985) — қазақ психологы. Жалпы психология, даму психологиясы және этникалық психология саласының маманы, Қазақстандағы психология ғылымының танымал жетекшісі және ұйымдастырушысы. 

Ары қарай оқу >>

Ислам философиясы

27.11.2020

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, дінтану және мәдениеттану кафедрасының ұйымдастыруымен Ювяскюля Университетінің (Финляндия) PhD докторы, доценті Сирос Василиостың «Ислам философиясы» тақырыбындағы вебинарлар сериясы 12.11.2020 ж.- 27.11.2020 ж. өтті. 

Ары қарай оқу >>

"Жастардың инновациялық әлеуеті: азаматтылық, кәсібилік, шығармашылық"

24.11.2020

2020 жылдың 24 қараша күні Ресейдің Б.Н. Ельцин атындағы Орал федералдық университетінде "Жастардың инновациялық әлеуеті: азаматтылық, кәсібилік, шығармашылық" атты халықаралық жастардың ғылыми-зерттеу конференциясы өтті. Конференцияның ерекшелігі Ұлы Жеңістің 75 жылдығы және Орал Федералдық университетінің 100 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келіп отыр. Осымен дәстүрлі түрде 10-шы рет өткізіліп отырған конференция университет ректоры В.А. Кокшаровтың алғы сөзімен басталды.

Ары қарай оқу >>