Қазақтанудың қазіргі мәселелері

20.11.2020

Көрулер: 1874

Алматы қаласының ҚХА басшылығы бұл іс-шараның маңыздылығы туралы айтып, презентацияда көтерілген тақырыптарды талқылауға белсенді қатысты. Презентацияларды Алматы қаласының САНК бастығы Назар Балғымбаев, Алматы қаласы әкімі аппаратының «Қоғамдық Келісім» КММ директоры, сондай-ақ ҚХА жанындағы НЭГ мүшелері: Светлана Ананьева, Георгий Кан және Бауыржан Божбанбаев жасады.

 

«2050 Стратегиясы контекстіндегі Қазақстанды модернизациялаудағы мәдени ескерткіштердің рөлі мен орны» жобасы аясында профессор Ғабитов және оның кафедрадағы әріптестері құрастырған және жазған қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі кітаптардың сериясы:

Ғабитов Т.Х. "Қазақ мәдениетінің теориясы мен тарихы" (Алматы: Лантар Трейд, 2020),

Ғабитов Т.Х. "Қазақ этикасының теориясы мен тарихы" (Алматы: Лантар Трейд, 2020),

Т.Х. Ғабитов "Қазақ философиясы" (Алматы: Лантар Трейд, 2019),

Ғабитов Т.Х., Р. Зейнуллин, Е. Осербаев "Қазақстандағы мәдени туризм" (Алматы: Лантар Трейд, 2020),

Алимжанова А.Ш. "Қазақ эстетикасының теориясы мен тарихы" (Алматы: Лантар Трейд, 2020),

Т. Жандаулет "Мемлекеттік идеология және ақпараттық идеологиялық кеңістік" (Алматы: Лантар Трейд, 2020),

Габитов Т.Х. "Казахская культура: теория и история" (Алматы: Лантар Трейд, 2020),

T. H. Gabitov "Kazakh Culture challenges" (Алматы: Лантар Трейд, 2020).

 

Жоба аясында кітаптардың тұсаукесерінен басқа қазіргі заманғы жаһандық сын-қатерлер жағдайындағы қазақтанудың әдістемелік және практикалық мәселелері келесі бағыттарда талқыланды:

1. Орта және жоғары білім беру жүйесінде қазақ мәдениеті тарихы мен теориясының және мәдениеттануды оқытудың өзекті мәселелері

2. Қазақстандағы мемлекеттік идеологияның өзекті мәселелері

3. Орта және жоғары білім беру жүйесінде қазақ этикасы тарихы мен теориясының және этиканы оқытудың өзекті мәселелері

4. Қазақ философиясының тарихы мен теориясының және орта және жоғары білім жүйесіндегі философиялық пәндерді оқытудың өзекті мәселелері

 

Іс-шара соңында профессор Ғабитовты және оның әріптестерін құттықтаудың салтанатты рәсімі өтті, дінтану және мәдениеттану кафедрасы оқытушыларының тек қазақтанудың ғана емес, жалпы қазақ философиясының өзекті мәселелерін дамытудағы сіңірген еңбектері атап өтілді.

Дінтану және мәдениеттану кафедрасы