Азаматтық ізгілік қоғамдарының қалыптасуы

21.11.2020

Көрулер: 1656

2020 жылғы 15-21 қараша аралығында AR 08053077 «Интернет кеңістігіндегі миссионерлік қызмет және оның Қазақстан жастарының діни санасын қалыптастырудағы рөлі» жобасы аясында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың философия және саясаттану факультеті, дінтану және мәдениеттану кафедрасының оқытушылары, PhD доктор, жоба жетекшісі Утебаева Д.С., , жоба мүшелері PhD доктор Альджанова Н.К., дінтану магистрі Карыбаева А.Н. М.О.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті ұйымдастырған «Интернет кеңістігіндегі миссионерлік жұмыс» атты ғылыми семинарға қатысты. 16 қараша күні М.О. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің тарих және педагогика факультетінің жалпы тарих және музей ісі кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамымен миссионерлік қызмет саласындағы жаңа зерттеулер және интернет кеңістігіндегі оның жастардың санасына әсері туралы кездесу ұйымдастырылды. Жұмыс шеңберінде ғылыми семинар өткізілді, онда М.Әуезов атыындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің тарих және педагогика факультетінің жалпы тарих және музей ісі кафедрасының меңгерушісі Г.Қ. Отарбаева, PhD докторы, доцент А.С.Асанова, сонымен қатар кафедра профессорлары қаытсты. Г.К. Отарбаева қазіргі әлемдегі діни қызметті зерттеудің маңыздылығын, «Рухани жағыру» бағдарламасы шеңберінде жастарға білім берудің орны мен рөлін атап өтті, бөлім басшысы сонымен қатар кафедраның бірқатар аяқталған ғылыми зерттеулерімен және жобаларымен таныстырды.

В рамках семинара PhD доктор, старший преподаватель кафедры кафедры всеобщей истории и музейного дела С.С. Асанова выступила с докладом по теме «Психологические аспекты вовлеченности молодежи в деструктивные религиозные организации». На научном семинаре члены проекта выступили с докладами: «Миссионерская деятельность в интернет-пространстве: теоритико-методологические основы исследования», «Качественные и количественные методы исследований: анкетирование, фокус группы, глубинные интервью», «Особенности миссионерской деятельности в Республике Казхастан». На научном семинаре также обсуждались: современные методы миссионерства и его влияние на этническую культуру, специфика функционирования информационных технологий миссионерской деятельности на основе научных источников зарубежных и отечественных исследований, их влияния на формирование религиозного сознания молодежи.

Семинар жұмысы аясында жалпы тарих және музей ісі кафедрасының докторы, аға оқытушысы С.С. Асанова «Жастардың деструктивті діни ұйымдарға тартылуының психологиялық аспектілері» тақырыбында презентация жасады. Ғылыми семинарда жоба мүшелері: «Интернет кеңістігіндегі миссионерлік қызмет: зерттеудің теориялық және әдістемелік негіздері», «Сапалық және сандық зерттеу әдістері: сауалнамалар, фокус-топтар, терең сұхбаттар», «Қазақстан Республикасындағы миссионерлік қызметтің ерекшеліктері» тақырыбында баяндамалар жасады. Ғылыми семинарда сонымен қатар миссионерлік жұмыстың заманауи әдістері және оның этникалық мәдениетке әсері, шетелдік және отандық зерттеулердің ғылыми дереккөздеріне негізделген миссионерлік қызметтің ақпараттық технологиялары жұмысының ерекшеліктері, олардың жастардың діни санасының қалыптасуына әсері талқыланды.

 

Дінтану және мәдениеттану кафедрасы