«Климаттың өзгеруімен күрес» тақырыбында ашық тәрбие сағаты

10.02.2023

Көрулер: 603

09.02.2023 жылы 1 курс студенттері  тұрақты даму мақсаттары бойынша «Климаттың өзгеруімен күрес» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті. Студенттер климаттың өзгеруімен күрес жайында өз ойларымен бөлісті. Климаттық өзгерістер-маңызды экологиялық, әлеуметтік, экономикалық, саяси өлшемдері бар және адамзат үшін ең маңызды жаһандық мәселе.бірі болып табылатын  атап өтті. Парниктік газдардың көбеюі, орман алқабының қысқаруы, полигондарда органикалық қалдықтардың ыдырауы, қазба отындарын (мұнай, көмір және газ) электр станцияларында және іштен жанатын қозғалтқыштарда жағу сияқты бірнеше негізгі себептерін көрсетті. Қазақстанның климатының өзгеруіне Арал теңізін мысалға ала отырып баяндады. Климаттың өзгеруінің адамзат баласына тигізер салдарлары ретінде табиғи апаттар, атмосфералық жауын-шашын таралуының өзгеруі. адам денсаулығына әсері т.б. баяндалды. Студенттер климаттың өзгеруімен күресті әрбір адам жауапкершілікпен қарап, қоршаған ортаны қорғау бойынша мемлекеттік деігейдегі бағдарламаларды орындау керек деп қорытындылады.

Эдвайзер: Мамытова Н.С.