Жаңалықтар

ERASMUS ЖОБАСЫ ШЕҢБЕРІНДЕ ФРАНЦИЯНЫҢ ЛИЛЛЬ ҚАЛАСЫНДА ӨТКЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЕМИНАРҒА ҚАТЫСУ

09.03.2019

Erasmus плюс жобасының шеңберінде француздың Жоғары ауыл шаруашылығы және биоинженерия мектебінің және биология және биотехнология факультеті арасында ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі деканның орынбасары А.Баубекова Лилль қаласында (Франция) өткен халықаралық семинарға қатысуға шақырылды.

Халықаралық семинар 2019 жылдың 4-8 наурызы аралығында Лилльдегі (Лилль қаласындағы ISA) Католиктік университетінде өткізілді, оған әлемнің 19 елінен (Еуропа, Азия, Латын Америкасы) 22 университеттің өкілдері шақырылды.

Лилль қаласы – Францияның студенттік қаласы, оның негізгі қызығушылығы Еуропаның қақ ортасында әлемнің төрт астанасының арасында орналасқан: Лондон (1 сағат 20 минут), Брюссель (35 минут), Амстердам (2 сағат) 30 мин) және Париж (1 сағат), бұл қала бүкіл әлемнің студенттері үшін тартымды бағыт болып табылады.

Семинар жұмысы үш негізгі тақырыпқа арналды: интернационализация, тұрақты даму, білім беру мен оқытудағы инновациялар.

Интернационалдандыру бойынша семинарлар мәдениетаралық қарым-қатынастар тақырыпқа арналды және барлық қатысушылар интернационализацияны жетілдірудің ең жақсы тәжірибемен алмасты.

Тұрақты даму шеңберінде «жасыл» кампус құру бойынша «Live Tree Project» жобасы ұсынылды. Лилльдің католиктік университеті «көміртексіз университет» болу міндетін мойнына алып, университет бұл үшін қандай күш-жігер мен нақты әрекеттерді жүзеге асырады, атап айтқанда, университет ғимараттарына күн панельдерін орнату, пилоттық ғимарат ретінде 5 қабатты ғимарат салу және т.б. 

Семинарға университетте таныстырылған жаңа инновациялық үйрену мен оқыту әдістерін ұсынған оқытушылар шақырылды.

Erasmus Plus жобасының арқасында халықаралық қызметті кеңейту үшін жаңа байланыстар орнатылды, оқытудың жаңа әдістері игерілді, жаһандық басымдықтарды түсіну кеңейіп, Еуропа, Азия және Латын Америкасындағы көптеген университеттер қай бағытта дамып жатқаны көрінді.


Ары қарай оқу >>

Мерекелеріңізбен, құрметті Ханшайымдар, Арулар – асыл жандар!

08.03.2019

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында – 7 наурыз, сағат 15.00-де У.А.Жолдасбеков атындағы Студенттер Сарайында университетіміздің нәзік жанды арулары үшін дәстүрлі болған жарқын және әсем концерт өтті. Бұл жақсы дәстүрдің бастамасын қалаушы – университет ректоры Ғалымқайыр Мұтанов салтанатты түрде ашты.

Концерттің ерекшелігі оның ҚазҰУдің ерлерінің күшімен ұйымдастырылатындығында. Жыл сайын университеттің ерлері – проректорлар, департаменттердің және ғылыми-зерттеу институттарының директорлары, факультет декандары мен кафедра меңгерушілері, оқытушылар, аға эдвайзерлер мен жас ғалымдар өздері дайындаған ән-шашу, көріністерімен әйелдер қауымын құттықтайды.

Осы күні ерлердің келбетінен қатаң басшылар мен мұқият зерттеушілердің ізін де табу мүмкін емес, олар шығармашылық қырынан ашылып, жыл сайын тамаша таланттарымен таң қалдырып, жылдан жылға кәсіби талғампаздығы жоғары және қызықты бағдарламаларымен тәнті етіп келеді.  

Фотокредит: Mara Beey

@А.Мелдебекова, @А.Кистаубаева

 

 

Ары қарай оқу >>

Биотехнология кафедрасының ерлері Халықаралық әйелдер күнімен әріптестерін құттықтады

07.03.2019

Халықаралық әйелдер күні – 8 наурыз қарсаңында Биотехнология кафедрасының ерлері осы көктем мерекесімен барлық әйел әріптестерін құттықтады.

Әйелдерді осынау мерекемен ерекше жылылықпен құттықтай отырып, кафедра ерлері тамаша концерттік бағдарлама дайындап, сыйлықтар мен гүлдер сыйлады. Құттықтаулар үшін әйелдер қауымының атынан кафедра меңгерушісі А.С.Кистаубаева қадірлі ер азаматтарға шын жүректен алғысын жеткізді.

Ерлердің құттықтауын сілтемеден тамашалай аласыз: https://www.pictame.com/media/2006620879753899133_2317342590#media-1

@А.Мелдебекова, @А.Кистаубаева

Ары қарай оқу >>

8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі

07.03.2019

ҚазҰУ-да Өмірбек Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында университет ректоры Ғ.М. Мұтановтың бастамасымен дәстүрге айналған 8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі ерекше салтанатпен өтті.

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы

www.kaznu.kz

Ары қарай оқу >>

Қадірменді Әділ Ережепұлы 70 жаста!

06.03.2019

Сізді 70 жасқа толған мерей тойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Осы таңда адам өмір жолының асқар биігі – жетпістің шыңына шығып отырған сізді, биология және биотехнология факультеті және биотехнология кафедра ұжымы саналы ғұмырын білімді ұрпақ тәрбиелеуге арнаған зиялы азамат ретінде таниды.

Ұзақ жылдар бойы биология және биотехнология факультеті деканының оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін, сонымен қатар, факультеттің және университеттің  магистратурасы бөлімін басқардыңыз. Жоғары кәсіби дәрежеңізді, жұмыстағы жауапкершілігіңізді және басшылық қызметтегі қағидашылдығыңызды, төзімділігіңізді ескере отырып, Сізге 2005-2007 жылдары М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің Жаратылыстану-педагогикалық факультетінің деканы қызметі ұсынылды.

Сіз, 200-ден астам ғылыми және оқу-әдістемелік еңбектердің авторысыз. Соңғы жылдары шет ел тілдерінен қазақ тіліне бірнеше оқулықтарды аудардыңыз. Сондай-ақ, ҚР БҒМ-нің магистратура мәселелері бойынша ұйымдастырылған комиссияларының құрамында жұмыс істеп, республика ЖОО-нда  магистратура бөлімдерінің ашылып, олардың дамуына өз үлесіңізді қостыңыз.

Білім беру ісімен қатар, биохимия, өсімдіктер биотехнологиясы, физиологиясы және эмбриологиясы салаларының маманы ретінде соңғы жылдары ҚР БҒМ-нің және Халықаралық жоба ғылыми жобаларға жетекшілік еттіңіз. Сіздің ғалым-ұстаз ретінде жетекшілігіңізбен 3 кандидаттық диссертация, 90-нан астам студенттер магистрлік диссертациялар мен дипломдық жұмыстар қорғады. Сіз өз жұмысына жауапты, оқу үдерісін жақсы ұйымдастырушы маман, биология және биотехнология факультетінің ұжымы мен студенттер қауымы арасында үлкен құрметке иесіз.

Қадірменді Әділ Ережепұлы, Адам өмірінің ең бір асыл кезі, асқар белі – 70 жасқа келіп отырсыз. Бұл жасқа өміріңіз қуатты, көңіліңіз шуақты қалпыңызда жеттіңіз! Осындай қарқыныңыздан қалмаңыз, шабысыңыздан танбаңыз. Елге етер еңбегіңіз, келер ұрпаққа берер тәліміңіз алдағы уақытта жалғасын табады деп сенім білдіреміз.

Биология және биотехнология факультетінің ұжымы Сізге және сіздің шаңырақтарыңызға шаттық, баянды бақыт, зор денсаулық тілей отырып, өмірдің барлық қуанышын қызықтап, кісілік келбетіңізден танбай, несібе-дәулетіңіздің арта беруін тілейміз!

 

@A.Мелдебекова, @M.Нармуратова

Ары қарай оқу >>

Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданының мектеп оқушылары факультетімізде білім беру үрдісімен танысты

04.03.2019

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, биология және биотехнология факультетінің мамандықтары бойынша білім беру үрдісімен танысу үшін Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданынан мектеп оқушылары келді. Факультеттің кәсіптік-бағдарға жауапты ұстаздары мамандықтар туралы таныстырып, сұрақтарына жауап берді. 

Авторлар: Ерназарова Г.И., Турашева С.К., Атамбаева Ш.А., Ниязова Р.Е.

Ары қарай оқу >>

Астанада «ЖОО-ның үздік оқытушысы» республикалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті

04.03.2019

Астанада 2018 жылы «ЖОО үздік оқытушысы» республикалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. 2018 жылдың «Үздік оқытушысы» атағын биология және биотехнология факультетінің деканы, биология ғылымдарының докторы, профессор Б.К. Заядан, оқу-тәрбие ісі жөніндегі деканның орынбасары, биология ғылымдарының кандидаты, доцент З.А. Инелова, биология ғылымдарының кандидаты, доцент Л.К. Бақтыбаева иеленді. Сіздерге шығармашылық табыстар, жаңа жетістіктер және одан әрі биіктерді бағындыруды тілейміз!

2018 жылғы конкурсқа барлығы 481 үміткер қатысқан болса, олардың арасынан Қазақстанның 43 жоғары оқу орнынан 200 адам осы жоғары атаққа ие болды.

Байқауда үміткерлердің ғылыми-педагогикалық жұмысы келесі көрсеткіштер бойынша бағаланады: ағылшын тіліндегі оқулықтар, оқу құралдарын, монографиялар әзірлеу және жариялау, кәсіптік қызмет бойынша шет тіліндегі массалық-онлайн курстардан өту және т.б.

Сертификаттар мен төс белгілеріне қоса жеңімпаздарға арнайы қаржылай гранттар беріледі. Бұл гранттар иелері үшін әлемнің жетекші университеттері мен ғылыми орталықтарында тағылымдамадан өтіп, зерттеулер жүргізу үшін, өздерінің біліктілігі мен тәжірибелерін арттыруға арналған.

Әріптестерімізге жаңа инновациялық зерттеу әдістері мен әлемнің жетекші ғылыми ұйымдарымен табысты ынтымақтастықтар дамытуға және оларды факультеттің дамуына және өркендеуіне енгізуді тілейміз!

@А.Мелдебекова

Ары қарай оқу >>

2 курс студенттеріне арналған Биотехнология кафедрасының ашық есік күні өтті

04.03.2019

Факультетте дәстүрлі түрде «Ашық есік күндері» өткізіліп тұрады. Іс-шараның мақсаты – студенттерге кәсіптік бағдар беру, олардың әлеуетін және өндірістік қызметке бағдарланған көңіл беру. Осындай іс-шаралардың арқасында оқытушылар өз қызығушылығын танытып, студенттерге қолдау көрсетеді, соның арқасында болашақ жас мамандардың еңбек нарығында бағдарлануы орын алады.

Кәсіптік бағдарлау және елдегі қазіргі кәсіби жағдайды нақты түсінетін түлектерді тартудың маңыздылығын түсінгендіктен, жас ұрпақ үшін кәсіби жетістіктердің жарқын мысалы ретінде биотехнология мамандығын бітірген түлектер қатыстырылады. Мәселен, өазіргі күнде Алматы қаласының жетекші кәсіпорындары – «Антивирустық препараттар ғылыми орталығы», «Өсімдіктер Биологиясы және биотехнологиясы институты» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының және С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің қызметкерлері – біздің түлектеріміз шақырылды.

Оқытушылар кафедраның ашық есік күндерінде әрбір студенттің үлкен әлеуетке ие екенін және жеке ерекшеліктерін анықтау және дамытудың маңыздылығын атап өтті, осы арқылы студенттерге елдегі қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайында еңбек нарығын түсінуге және оған бейімделуге мүмкіндік береді.

Кистаубаева А.С., Мелдебекова А.А., Карпенюк Т.А., Иващенко А.Т., Гончарова А.В., Айсина Д.Е.

Ары қарай оқу >>

«Үздік оқытушы» марапатымен құттықтаймыз!

03.03.2019

Қазақ Ұлттық Университеті, Биология және биотехнология факультетінің деканы, биология ғлымдарының докторы, профессор Болатхан Қазыханұлы Заядан «ЖООның үздік оқытушысы» сыйлығының иегері атанды.

Құрметті Болатхан Қазыханұлы, еңбегіңізге зор табыс тілей отырып, әрқашан биіктерден көріне беріңіз дейміз!

@Б.Заядан, @А.Мелдебекова

Ары қарай оқу >>

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 4-ші Халықаралық Bioscience and Biotechnology (BIOTECH 2019) Халықаралық конференциясына Co-Hosting Partner ретінде қатысты

24.02.2019

Профессор Болатхан Қазыханұлы Заядан 21-22 ақпан аралығында Малайзияның Куала Лумпур қаласында өткен 4-ші Халықаралық Bioscience and Biotechnology (BIOTECH 2019) Халықаралық ғылыми конференциясына қатысып, "Фототрофты микроорганизмдерден Биоэнергия алудың келешегі" тақырыбында баяндама жасады.

Әлемнің өркениетті 15 елінен ғалымдар қатысқан бұл конференцияда молекулалық биология, өсімдіктер биотеxнологиясы, экологиялық биотеxнология, тағамдық биотеxнология және Биоэнергетиканың қазіргі өзекті мәселері талқыланды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті бұл конференцияның ұйымдастыруға Co-Hosting Partner ретінде қатысты. Конференцияда Ректорымыз ҚР ҰҒА академигі, т.ғ.д., профессор Ғ.М.Мұтановтың құттықтау сөзі және университетіміз бен биология және биотеxнология Факультетінің жетістіктері жайында қысқаша презентация жасалды.

BioTech 2019 зерттеушілерге, ғалымдарға, ЖОО оқытушыларына және салалық эксперттерге өзара тәжірибе алмасуға, зерттеу нәтижелерін талқылауға және көптеген нетворкинг мүмкіндіктерін пайдалана отырып осы саладағы қажетті білімге қол жеткізуге мүмкіндік жасайтын ғаламдық платформа құруға ұмтылады.

Конференция жайлы толығырақ: https://bioscienceconference.com/

@Б.Заядан, @А.Мелдебекова

Ары қарай оқу >>