Жаңалықтар

VI халықаралық Фараби оқулары

01.04.2019

2019 жылдың 2 сәуірінен бастап 12 сәуіріне дейін ҚазҰУ-да VI Халықаралық фарабиан оқулары өтеді, жетекші қазақстандық университетте жыл сайынғы ауқымды іс-шара өткізу жақсы дәстүрге айналды. Алты жыл бойы Фарабиан оқулары әлем университеттері мен ғылыми қоғамдастық арасында кеңінен танымал халықаралық атаққа ие болды.

ҚазҰУ-дың 85 жылдығына орай, Фараби оқулары аясында, халықаралық және отандық ғалымдардың қоғамның, мемлекеттің және жеке тұлғаның дамуының ғаламдық мәселелерін шешудегі күш-жігерін біріктіруге бағытталған ірі халықаралық ғылыми іс-шаралар өткізіледі. Шетелдік және отандық ғалымдар мен жақын және алыс шет елдерден келген сарапшылар, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің өкілдері, дипломатиялық миссиялар, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттері қатысады.

 

Бағдарламада:

  • 2-3 сәуір - «Әл-Фараби және қазіргі заман» VI Халықаралық форумы;
  •  4-6 сәуір - «Ботай мәдениетінің және Орталық Азияның басқа энеолит ескерткіштерін халықаралық зерттеулердің нәтижелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция;
  • 9-10 сәуір - «Көпқырлы әлемдегі Қазақстан: экономикалық сценарийлер» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы;
  •  8-10 сәуір - «Фараби әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясы;
  • 12 сәуір – VI Халықаралық Фарабиан оқуларының салтанатты жабылу рәсімі.

 

Өтетін орны, күні және уақыты: Алматы,. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Ғылыми кітапхана,

Ашылуы: 2 сәуірде сағат 10: 00-де.

www.kaznu.kz  

@Meldebekova A.A.

Ары қарай оқу >>

Факультет оқытушылары Республикалық жоғарғы сыныптар арасындағы пәндік олимпиада мен ғылыми жоба қорғау сайыстарына әділ қазылық жасады

29.03.2019

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Биология және биотехнология факультетінің және NIS Uralsk оқытушылары, Алматы қалалық Назарбаев зияткерлік мектебінде Республикалық жоғарғы сыныптар аралық пәндік олимпиада мен ғылыми жоба қорғау сайыстарына әділ қазылық жасады.

Зерттеу жобасы бойынша жобаларын қорғау барысында, оқушылардың жалпы оқу біліктіліктері мен  дағдылары  жоғары қалыптасқанын көрсете білді.

 Ел Басымыздың жастарға жасаған үндеуінде, болашақтың жастары креативті, ізденімпаз және бәсекеге қабілетті болуы керек деген. Осыған орай біздің өркениеттің жастары жоғары биіктерден көрінеді деп кәміл сенеміз.

Авторлар: Ерназарова Г.И., Тұрашева С.К., Аймұқанов Нүркен, Нармуратова М.К. 

Ары қарай оқу >>

Факультет ұстаздары Қарасай ауданының білім беру департаментінің «Таланттылар мен дарындылардың 15-ші слетіне» қатысты

28.03.2019

Наурыз айында Алматы облысы, Қарасай ауданы, «Алмалыбақ» ауылындағы орта мектеп-гимназияда дарынды балалардың ғылыми жұмысқа бейімділігін анықтау және шығармашылығын тану мақсатында дәстүрлі «Таланттылар мен дарындылардың 15-ші слеті» өткізілді. Осы кешке Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіміздің Ректорының үкімінен, жюри мүшелігіне биотехнология кафедрасының ұстаздары қатысып балалардың шығармашылық жұмыстарын талдап бағалады. Кеш соңында ұстаздар Қарасай ауданының білім беру департаментінің алғыс хатымен марапатталды.

Авторлар: Ерназарова Г.И., Кистаубаева А.С., Тұрашева С.К., Нармұратова М.К.

Ары қарай оқу >>

С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ұстаздары «Биотехнолог» орталығында біліктілігін арттырды

25.03.2019

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіміздің ректоры Ғалымқайыр Мұтанұлының қолдауымен ашылған «Биотехнолог» орталығында 20-ға жуық Алматы қаласы Асфендияров атындағы медициналық университетінің ұстаздары біліктілігін арттырып қажетті маңызды ақпараттарды игерді. Ұстаздар қауымының университет басшылығына алғысы шексіз. Тыңдаушыларға сертификаттарын биотехнология кафедрасының мегерушісі Аида Сериковна Кистаубаева табыстады.

Авторлар: Ерназарова Г.И., Кистаубаева А.С., Тұрашева С.К., Нармұратова М.К.

Ары қарай оқу >>

Алматы технологиялық университетінің студенттері «Биотехнолог» орталығында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде

16.03.2019

Университетіміздің ректоры Ғалымқайыр Мұтанұлының қолдауымен ашылған шаруашылық қызметтегі «Биотехнолог» орталығында Наурыз айында Алматы технологиялық университетінің студенттері арнайы ұсыныммен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді. Оларға зерттеу жұмысын жоғарғы деңдейде орындауға кафедрамыздың жетекші ғалымдары басшылық жасады.

Авторлар: Ерназарова Г.И., Тұрашева С.К., Нармұратова М.К.

Ары қарай оқу >>

Биология және биотехнология факультеті «Білім көкжиегі» атты халықаралық көрмесінде

15.03.2019

Rixos отелінде өткізілген «Білім көкжиегі» атты халықаралық көрме болды. Көрмеге Алматы қаласы мен республикамыздың (Талдықорған, Шымкент, Семей, Өскемен, т. б.) мектеп оқушыларын даярлайтын орталықтары мен мектеп, қазақ түрік лицейлерінен оқушылар келіп Әл-фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің білім беру мамандықтарына қызығушылық танытып арнайы даярланған кітапшалармен танысты. Атап айтсақ, биология және биотехнология факультетіміздің мамандықтарына сұраныс жоғары болды. Көрмеге арнайы ҰБТ даярлау орталығы «Арай» және Талдықорған қаласының мектеп оқушылары қатысып университетімізде білім алуға қызығушылық танытты. «Болашағы бар мамандықтар біздің білім ордасында!» деген ұранмен Еліміздің ғылымға ұмтылысы бар талапкерлерді университетке шақырамыз.

Авторлар: Ерназарова Г.И., Тұрашева С.К., Нармуратова М.К

Ары қарай оқу >>

Биотехнология кафедрасының оқытушысы Баубекова А.С. Erasmus+ жобасы аясында Лотарингия университетінде халықаралық семинарға қатысуда

14.03.2019

Erasmus + жобасы аясында Лотарингия университетінің ENSAIA агрономия және тамақ өнеркәсібі Мемлекеттік жоғары мектебі (Нанси, Франция) 11-16 наурыз аралығында апталық халықаралық семинар өткізді.

Аталған іс-шараға Германия, Словакия, Қазақстан лекторлары шақырылды.

Биология және биотехнология факультеті деканының ғылыми-инновациялық қызмет және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі орынбасары және биотехнология кафедрасының оқытушысы Баубекова А.С. халықаралық семинарға қатысты. Осы апта бойы Баубекова А. С. инженерлік мектептің 2 курс магистранттарына "Қоршаған ортаның ластануы мен мал шаруашылығы арасындағы қарым-қатынас" тақырыбында Орталық Азиядағы зерттеулер контексінде дәріс оқыды.

Сонымен қатар, 1 курс магистранттары үшін аль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті туралы таныстыру презентациясы өткізілді. Презентация нәтижесінде магистранттардың арасында университетімізге және Алматы қаласына қызығушылық тудырды.

Толығырақ Лотарингия университетінің парақшасында:

https://www.urafpa.fr/index.php/actualites/index/10

Ары қарай оқу >>

Назарбаев зияткерлі мектебінің ұстаздары биотехнология кафедрасының оқу үрдісімен танысуда

10.03.2019

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіне ҚР Назарбаев зияткерлі мектептерінен ұстаздар қауымы келіп біздің білім беру бағдарламалармен танысып оқушылардың білім алуына қарастырылған жағдаяттар жайымен танысты. Алғы сөзді Абилов Рустам Жумабекович алды. Өз сөзінде ұстаз зияткерлік мектеп оқушылары таңдауы ұлттық университет болып табылады, сондықтан бүгінгі кездесу де осы іс-шараның айғағы. Біздің мақсатымыз оқушыларға университет туралы оң пікірді жеткізу. Тарихи династиялық маңызы бар бұл біздің университет. Университетпен меморандум жасалған. Кәсіптік бағыт бағдар беру бізге өте маңызды болып табылады. Кездесу соңында Астана және Шымкент қаласының Назарбаев зияткерлі мектебінен келген ұстаздар биотехнология кафедрасының қазіргі жағдайы мен оқу үрдісімен танысу мақсатында зертханаларды аралады. Оларға биоинформатика мамандығы туралы таныстыруды кафедра профессорлары жүргізді.

Авторлар: Ерназарова Г.И., Турашева С.К., Атамбаева Ш.А., Ниязова Р.Е.

Ары қарай оқу >>

ERASMUS ЖОБАСЫ ШЕҢБЕРІНДЕ ФРАНЦИЯНЫҢ ЛИЛЛЬ ҚАЛАСЫНДА ӨТКЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЕМИНАРҒА ҚАТЫСУ

09.03.2019

Erasmus плюс жобасының шеңберінде француздың Жоғары ауыл шаруашылығы және биоинженерия мектебінің және биология және биотехнология факультеті арасында ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі деканның орынбасары А.Баубекова Лилль қаласында (Франция) өткен халықаралық семинарға қатысуға шақырылды.

Халықаралық семинар 2019 жылдың 4-8 наурызы аралығында Лилльдегі (Лилль қаласындағы ISA) Католиктік университетінде өткізілді, оған әлемнің 19 елінен (Еуропа, Азия, Латын Америкасы) 22 университеттің өкілдері шақырылды.

Лилль қаласы – Францияның студенттік қаласы, оның негізгі қызығушылығы Еуропаның қақ ортасында әлемнің төрт астанасының арасында орналасқан: Лондон (1 сағат 20 минут), Брюссель (35 минут), Амстердам (2 сағат) 30 мин) және Париж (1 сағат), бұл қала бүкіл әлемнің студенттері үшін тартымды бағыт болып табылады.

Семинар жұмысы үш негізгі тақырыпқа арналды: интернационализация, тұрақты даму, білім беру мен оқытудағы инновациялар.

Интернационалдандыру бойынша семинарлар мәдениетаралық қарым-қатынастар тақырыпқа арналды және барлық қатысушылар интернационализацияны жетілдірудің ең жақсы тәжірибемен алмасты.

Тұрақты даму шеңберінде «жасыл» кампус құру бойынша «Live Tree Project» жобасы ұсынылды. Лилльдің католиктік университеті «көміртексіз университет» болу міндетін мойнына алып, университет бұл үшін қандай күш-жігер мен нақты әрекеттерді жүзеге асырады, атап айтқанда, университет ғимараттарына күн панельдерін орнату, пилоттық ғимарат ретінде 5 қабатты ғимарат салу және т.б. 

Семинарға университетте таныстырылған жаңа инновациялық үйрену мен оқыту әдістерін ұсынған оқытушылар шақырылды.

Erasmus Plus жобасының арқасында халықаралық қызметті кеңейту үшін жаңа байланыстар орнатылды, оқытудың жаңа әдістері игерілді, жаһандық басымдықтарды түсіну кеңейіп, Еуропа, Азия және Латын Америкасындағы көптеген университеттер қай бағытта дамып жатқаны көрінді.


Ары қарай оқу >>

Мерекелеріңізбен, құрметті Ханшайымдар, Арулар – асыл жандар!

08.03.2019

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында – 7 наурыз, сағат 15.00-де У.А.Жолдасбеков атындағы Студенттер Сарайында университетіміздің нәзік жанды арулары үшін дәстүрлі болған жарқын және әсем концерт өтті. Бұл жақсы дәстүрдің бастамасын қалаушы – университет ректоры Ғалымқайыр Мұтанов салтанатты түрде ашты.

Концерттің ерекшелігі оның ҚазҰУдің ерлерінің күшімен ұйымдастырылатындығында. Жыл сайын университеттің ерлері – проректорлар, департаменттердің және ғылыми-зерттеу институттарының директорлары, факультет декандары мен кафедра меңгерушілері, оқытушылар, аға эдвайзерлер мен жас ғалымдар өздері дайындаған ән-шашу, көріністерімен әйелдер қауымын құттықтайды.

Осы күні ерлердің келбетінен қатаң басшылар мен мұқият зерттеушілердің ізін де табу мүмкін емес, олар шығармашылық қырынан ашылып, жыл сайын тамаша таланттарымен таң қалдырып, жылдан жылға кәсіби талғампаздығы жоғары және қызықты бағдарламаларымен тәнті етіп келеді.  

Фотокредит: Mara Beey

@А.Мелдебекова, @А.Кистаубаева

 

 

Ары қарай оқу >>