Назарбаев зияткерлі мектебінің ұстаздары биотехнология кафедрасының оқу үрдісімен танысуда

10.03.2019

Көрулер: 2247

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіне ҚР Назарбаев зияткерлі мектептерінен ұстаздар қауымы келіп біздің білім беру бағдарламалармен танысып оқушылардың білім алуына қарастырылған жағдаяттар жайымен танысты. Алғы сөзді Абилов Рустам Жумабекович алды. Өз сөзінде ұстаз зияткерлік мектеп оқушылары таңдауы ұлттық университет болып табылады, сондықтан бүгінгі кездесу де осы іс-шараның айғағы. Біздің мақсатымыз оқушыларға университет туралы оң пікірді жеткізу. Тарихи династиялық маңызы бар бұл біздің университет. Университетпен меморандум жасалған. Кәсіптік бағыт бағдар беру бізге өте маңызды болып табылады. Кездесу соңында Астана және Шымкент қаласының Назарбаев зияткерлі мектебінен келген ұстаздар биотехнология кафедрасының қазіргі жағдайы мен оқу үрдісімен танысу мақсатында зертханаларды аралады. Оларға биоинформатика мамандығы туралы таныстыруды кафедра профессорлары жүргізді.

Авторлар: Ерназарова Г.И., Турашева С.К., Атамбаева Ш.А., Ниязова Р.Е.