VI халықаралық Фараби оқулары
Көрулер: 1752
2019 жылдың 2 сәуірінен бастап 12 сәуіріне дейін ҚазҰУ-да VI Халықаралық фарабиан оқулары өтеді, жетекші қазақстандық университетте жыл сайынғы ауқымды іс-шара өткізу жақсы дәстүрге айналды. Алты жыл бойы Фарабиан оқулары әлем университеттері мен ғылыми қоғамдастық арасында кеңінен танымал халықаралық атаққа ие болды.
ҚазҰУ-дың 85 жылдығына орай, Фараби оқулары аясында, халықаралық және отандық ғалымдардың қоғамның, мемлекеттің және жеке тұлғаның дамуының ғаламдық мәселелерін шешудегі күш-жігерін біріктіруге бағытталған ірі халықаралық ғылыми іс-шаралар өткізіледі. Шетелдік және отандық ғалымдар мен жақын және алыс шет елдерден келген сарапшылар, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің өкілдері, дипломатиялық миссиялар, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттері қатысады.
Бағдарламада:
- 2-3 сәуір - «Әл-Фараби және қазіргі заман» VI Халықаралық форумы;
- 4-6 сәуір - «Ботай мәдениетінің және Орталық Азияның басқа энеолит ескерткіштерін халықаралық зерттеулердің нәтижелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция;
- 9-10 сәуір - «Көпқырлы әлемдегі Қазақстан: экономикалық сценарийлер» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы;
- 8-10 сәуір - «Фараби әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясы;
- 12 сәуір – VI Халықаралық Фарабиан оқуларының салтанатты жабылу рәсімі.
Өтетін орны, күні және уақыты: Алматы,. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Ғылыми кітапхана,
Ашылуы: 2 сәуірде сағат 10: 00-де.
@Meldebekova A.A.