Мерекелеріңізбен, құрметті Ханшайымдар, Арулар – асыл жандар!

08.03.2019

Көрулер: 2045

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында – 7 наурыз, сағат 15.00-де У.А.Жолдасбеков атындағыСтуденттер Сарайында университетіміздің нәзік жанды арулары үшін дәстүрлі болған жарқын және әсем концерт өтті. Бұл жақсы дәстүрдің бастамасын қалаушы – университет ректоры Ғалымқайыр Мұтанов салтанатты түрде ашты.

Концерттің ерекшелігі – оның ҚазҰУдің ерлерінің күшімен ұйымдастырылатындығында. Жыл сайын университеттің ерлері – проректорлар, департаменттердің және ғылыми-зерттеу институттарының директорлары, факультет декандары мен кафедра меңгерушілері, оқытушылар, аға эдвайзерлер мен жас ғалымдар өздері дайындаған ән-шашу, көріністерімен әйелдер қауымын құттықтайды.

Осы күні ерлердің келбетінен қатаң басшылар мен мұқият зерттеушілердің ізін де табу мүмкін емес, олар шығармашылық қырынан ашылып, жыл сайын тамаша таланттарымен таң қалдырып, жылдан жылға кәсіби талғампаздығы жоғары және қызықты бағдарламаларымен тәнті етіп келеді.  

Фотокредит: Mara Beey

@А.Мелдебекова, @А.Кистаубаева