Биология және биотехнология факультеті «Білім көкжиегі» атты халықаралық көрмесінде

15.03.2019

Көрулер: 1874

Rixos отелінде өткізілген «Білім көкжиегі» атты халықаралық көрме болды. Көрмеге Алматы қаласы мен республикамыздың (Талдықорған, Шымкент, Семей, Өскемен, т. б.) мектеп оқушыларын даярлайтын орталықтары мен мектеп, қазақ түрік лицейлерінен оқушылар келіп Әл-фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің білім беру мамандықтарына қызығушылық танытып арнайы даярланған кітапшалармен танысты. Атап айтсақ, биология және биотехнология факультетіміздің мамандықтарына сұраныс жоғары болды. Көрмеге арнайы ҰБТ даярлау орталығы «Арай» және Талдықорған қаласының мектеп оқушылары қатысып университетімізде білім алуға қызығушылық танытты. «Болашағы бар мамандықтар біздің білім ордасында!» деген ұранмен Еліміздің ғылымға ұмтылысы бар талапкерлерді университетке шақырамыз.

Авторлар: Ерназарова Г.И., Тұрашева С.К., Нармуратова М.К.