Биотехнология кафедрасының оқытушысы Баубекова А.С. Erasmus+ жобасы аясында Лотарингия университетінде халықаралық семинарға қатысуда

14.03.2019

Көрулер: 2060

Erasmus + жобасы аясында Лотарингия университетінің ENSAIA агрономия және тамақ өнеркәсібі Мемлекеттік жоғары мектебі (Нанси, Франция) 11-16 наурыз аралығында апталық халықаралық семинар өткізді.

Аталған іс-шараға Германия, Словакия, Қазақстан лекторлары шақырылды.

Биология және биотехнология факультеті деканының ғылыми-инновациялық қызмет және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі орынбасары және биотехнология кафедрасының оқытушысы Баубекова А.С. халықаралық семинарға қатысты. Осы апта бойы Баубекова А. С. инженерлік мектептің 2 курс магистранттарына "Қоршаған ортаның ластануы мен мал шаруашылығы арасындағы қарым-қатынас" тақырыбында Орталық Азиядағы зерттеулер контексінде дәріс оқыды.

Сонымен қатар, 1 курс магистранттары үшін аль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті туралы таныстыру презентациясы өткізілді. Презентация нәтижесінде магистранттардың арасында университетімізге және Алматы қаласына қызығушылық тудырды.

Толығырақ Лотарингия университетінің парақшасында:

https://www.urafpa.fr/index.php/actualites/index/10